"Балқашмыс" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сату және шетел инвестицияларын тарту бойынша шаралар кешенiн әзiрлеу мен өткiзу жөнiнде конкурстық комиссияның шешiмдерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 желтоқсан N 1717. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.07.26. N 937 қаулысымен.

      "Балқашмыс" акционерлiк қоғамын құру және оның мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 тамыздағы қаулысының 6-тармағына сәйкес және "Балқашмыс" акционерлiк қоғамын дамытуға шетел инвестицияларын тарту, оның акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сатудан алынған ақша қаражатының республикалық бюджетке түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жабық үлгiдегi "Казмедьинвест" (Қазақстан) акционерлiк қоғамының және "Джеральд Металз" (АҚШ) фирмасының техникалық ұсыныстары мұндай инвестициялық конкурс өткiзу шарттарына сәйкес келмейтiндiктен, оларды инвестициялық конкурсқа одан әрi қатысудан шеттету туралы конкурстық комиссияның "Балқашмыс" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сату және шетел инвестицияларын тарту бойынша шаралар кешенiн әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi 1995 жылғы 13 қазандағы шешiмi (N 1 хаттама) бекiтiлсiн.
      2. Конкурстық комиссияның "Балқашмыс" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сату және шетел инвестицияларын тарту бойынша шаралар кешенiн әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi 1995 жылғы 17 қазандағы шешiмi (N 3 хаттама) бекiтiлсiн.
      Инвестициялардың жалпы көлемi мен сатуға ұсынылған мемлекеттiк акциялар пакетi үшiн төлемнiң жалпы сомасы бойынша "Шкода" (Чехия) акционерлiк қоғамы неғұрлым тиiмсiз шарттар ұсынғанын ескерiп, "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң 29 процентiн сату жөнiндегi инвестициялық конкурстың жеңiмпазы болып "Кам Финанс С.А." (Швейцария) фирмасы танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Кам Финанс С.А." фирмасымен және "Балқашмыс" акционерлiк қоғамымен келiсiп, "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының өндiрiстiк және кен базасын кезең-кезеңiмен дамытуға бағытталған инвестицияларды жүзеге асырудың жоспар-кестесiн әзiрлеп, өз шешiмiмен бекiтсiн;
      "Кам Финанс С.А." фирмасына сату үшiн оның жалпы акциялар пакетiнiң 29 процентi көлемiндегi "Балқашмыс" акционерлiк қоғамы мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi онда инвестициялардың жүзеге асырылу жоспар-кестесiнiң нақты орындалуына қарай акцияларды сату шарттарын қарастырып, "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн, оның жалпы акциялар пакетiнiң 29 процентi көлемiнде сатып алу-сату шартын "Кам Финанс С.А." фирмасымен екi апта мерзiмде жасассын.
      5. "Кам Финанс С.А." фирмасының "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының жалпы акциялар пакетiнiң 29 процентi үшiн оның толық сатылу құнының үштен бiр бөлiгiне сәйкес мөлшерде төлемдi бiрiншi кезекте, қалған бөлiгiн - инвестицияларды жүзеге асыру жоспар-кестесiнiң орындалуына қарай iске асыру жөнiндегi ұсынысына келiсiм бiлдiрiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады