1. Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкiлдiгi мен Елшiлiгiнiң штат саны 17,5 адам болып бекiтiлсiн.
2. Женевадағы БҰҰ Бөлiмшесiнiң және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкiлi мен Швейцария Конфедерациясындағы Елшiсiнiң лауазымдық шетелдiк валютадағы жалақысы 2500 АҚШ доллары мөлшерiнде бекiтiлсiн.
Тұрақты Өкiлдiк пен Елшiлiктiң қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкiлi мен Елшiсiнiң шетелдiк валютадағы жалақысы ескерiлiп, штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн.
3. Тұрақты Өкiлдiк пен Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге аударымдар шетелдiк валютадағы еңбекақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
4. Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Женевадағы БҰҰ Бөлімшесiнiң және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Тұрақты Өкiлдiгi мен Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаттық
кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн. 5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi елшiлiк пен тұрақты өкiлдiктiң қаржыландырылуын 1996 жылға арналып қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары