Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ақпарат орталығын құру және iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiн нығайту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 1731

      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанынан басқарма құқығындағы Ақпарат орталығы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне қажеттi техникалар сатып алуға 1.0 (бiр) млн. теңге бөлсiн, сондай-ақ 1995 жылға және одан кейінгi жылдарға Ақпарат орталығын құрып, оның жұмыс iстеуi үшiн 37 адам және iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiн нығайту үшiн - 48 адам штат саны мен оларды ұстау үшiн қаражат көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасы облыстарының, қалаларының, аудандарының әкiмдерiне облыстардың iшкi iстер басқармаларында штат саны 10-16 адам, қалалық, аудандық iшкi iстер органдарында штат саны 1-2 адам есебiнде жергiлiктi жерлерде Ақпарат орталығының бөлiмшелерiн құру үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен қаражат бөлiп, құрылған бөлiмшелердi қажеттi техникамен қамтамасыз ету ұсынылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады