1. Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 29 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосына Төрағаның
1 орынбасарын, сондай-ақ саны 5 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосының орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент Ведомствосының орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы N 1246 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1782 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосының орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Басшылық Өнертабыстары мен пайдалы модельдерге сараптама жасау бөлiмi Тауар белгiлерi мен өнеркәсiп үлгiлерiне сараптама жасау бөлiмi Тiркеу және мемлекеттiк тiзiлiм бөлiмi Лицензиялар, халықаралық қатынастар және құқық бөлiмi Жарнама-баспа және автоматтандырылған басқару жүйелерiн енгiзу бөлiмi Жалпы бөлiм