Қазақстан Республикасы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1788. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 203 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 24 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Архивтер мен құжаттама бас

басқармасына Бас басқарма төрағасының бiр орынбасарын, сондай-ақ 7
адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас
басқармасының орталық аппараты 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Архивтер мен
құжаттама бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы
N 1128 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1788 қаулысына қосымша


           Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама

               бас басқармасы орталық аппаратының
                           Құрылымы

     Басшылық
     Ұйымдастыру-талдау қызметiн жүргiзу бөлiмi
     Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын мемлекеттiк есепке
     алып, сақтауды қамтамасыз ету бөлiмi
     Ведомстволық архивтер мен құжаттама және жинақтау бөлiмi
     Құжаттарды пайдалану мен жариялау, ақпаратпен қамтамасыз ету
     бөлiмi
     Қаржы бөлiмi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады