Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1792. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1639 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 143 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын және 15 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 шiлдедегi N 927 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     бiрiншi орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1792 қаулысына қосымша

          Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi
                   орталық аппаратының
                   Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
     Басшылық
     Жоғары бiлiм мен ғылым бас басқармасы
     Орта бiлiм бас басқармасы
     Экономика және қаржы бас басқармасы
     Арнаулы орта бiлiм басқармасы
     Кәсiптiк-техникалық бiлiм басқармасы
     Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
     Талдаумен және ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету басқармасы
     Инспектрлау басқармасы
     Тәрбие жұмысының оқу-әдiстеме бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
     Мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуды үйлестiру бөлiмi
     Заң бөлiмi
     Әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыстар секторы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады