Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1805. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1664 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 85 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 9 адамдық алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қыркүйектегi N 999 (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 37, 408-бап) қаулысының 5, 8, 9,
12-тармақтары;
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6
қыркүйектегi N 999 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 қарашадағы N 1251
қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                       19 желтоқсандағы
                                       N 1805 қаулысына
                                        Қосымша
<*>

            Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы
          саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының
                                 ҚҰРЫЛЫМЫ
     Басшылық
     Мемлекеттiк және табиғи монополияларды реттеу бас басқармасы
     Монополияға қарсы заңдарының сақталуын қадағалау жөнiндегi
     бас басқарма
     Бәсекелестiк нарықты дамыту басқармасы
     Талдау, ақпарат және ұйымдық жұмыстар басқармасы 
     Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
     Қаржы-экономика бөлiмi
     Жалпы бөлiмi
     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда берiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.15.
              N 1014 қаулысымен.
 

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады