Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1812. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.12.27. N 1653 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне министрдiң 6 орынбасарын, соның iшiнде екi бiрiншi орынбасар және саны 13 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.13.
               N 1117 қаулысымен.
      3. 2 қосымшаға сәйкес 27 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық қызметкерлерiнiң жалпы саны (есептеу-кассалық орталықтармен бiрге) 4600 адам, соның iшiнде орталық аппаратта - 130 болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықта бастықтың үш орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар ұстауға рұқсат етiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне:
      Қазынашылықтың, Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң және Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитеттiң құрылымы мен штат кестесiн оларға белгiленген адам саны шегiнде бекiту;
      бағынысындағы жергiлiктi атқарушы органдарға адам саны мен олардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қорын олар үшiн бекiтiлген көрсеткiштер шегiнде белгiлеу құқығы берiлсiн.
      7. Алдағы уақытта орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың еңбегiне ақы төлеудiң жаңа шарттары бекiтiлгеннен дейiн, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың, Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң, Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитеттiң қызметкерлерi, сондай-ақ есептеу-кассалық орталықтардың Қазынашылыққа ауысқан қызметкерлерi үшiн оларға еңбекақы төлеудiң бұдан бұрын белгiленген шарттары сақталатын болсын.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмде Министрлiк, Бас салық инспекциясы, қазынашылық, Қаржы-валюталық бақылау комитетi және шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет туралы ережелердiң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынатын болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Әдiлет

министрлiгiмен келiсiм бойынша екi ай мерзiмде Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң бұдан бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы
қаулыға сәйкес келтiрсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                      Қазақстан Республикасы
                                      Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                         19 желтоқсандағы
                                       N 1812 қаулысына
                                            1 қосымша

            Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгi
                     орталық аппаратының
                         Құрылымы

     Басшылық
     Бас салық инспекциясы
     Мемлекеттiк бюджет департаментi
     Бухгалтерлiк есеп пен есептеме әдiстемесi, оны ұйымдастыру және
     бақылау департаментi
     Материалдық өндiрiс салалары департаментi
     Әлеуметтiк сала департаментi
     Аппараттың жұмысын ұйымдастыру және жүйенi
     материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi департамент
     Агроөнеркәсiп кешенi және табиғат қорғау басқармасы
     Кiрiстердi болжамдау басқармасы
     Валюталық операциялар және сыртқы борыштар мониторингi
     басқармасы
     Мемлекетаралық қатынастар басқармасы
     Қорғаныс кешенi және құқық қорғау органдары басқармасы
     Мемлекеттiк аппарат басқармасы
     Кадрлар және оқу орындары басқармасы
     Заң қызметi департаментi 
<*>

     Баспасөз қызметi

           Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгi жанындағы
                     орталық атқарушы органдар
     Қазынашылық
     Қаржы-валюталық бақылау комитетi
     Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет
     Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.03.14.
              N 313 қаулысымен. 


                                 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1812 қаулысына 2 қосымша


            Қызмет бабында пайдаланатын жеңiл автомобильдер

                           санының
                            Лимитi
                                                    Саны
     Барлығы                                          27
         соның iшiнде:
     Министрлiктiң орталық аппараты үшiн              17
     Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң орталық
     аппараты үшiн                                    4
     Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi
     комитеттiң орталық аппараты үшiн                 3
     Қазынашылық орталық аппараты үшiн                3
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады