1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1995 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Республикалық бюджет пен Ресей Федерациясына төлемдер жасау үшiн берiлген салық төлемдерi мен кредиттер бойынша берешегi бар кәсiпорындар, ұйымдар арасында жалпы сомасы 33381 мың (отыз үш миллион үш жүз сексен бiр мың) теңгенi бiр жолғы есептеу жүргiзсiн;
қаржыландыру кезiнде қосымшада көрсетiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың алған медициналық жабдықтар мен дәрi-дәрмек үшiн берешегi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 12629 мың (он екi миллион алты жүз жиырма тоғыз мың) теңгесi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң 5268 мың (бес миллион екi жүз алпыс сегiз мың) теңгесi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi Мемлекеттiк комитеттiң 8630 мың (сегiз миллион алты жүз отыз мың) теңгесi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 6854 мың (алты миллион сегiз жүз елу төрт мың) теңгесi есепке алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi қосымшада көрсетiлген кәсiпорындар мен ұйымдардан алған медициналық жабдықтар мен дәрi-дәрмек үшiн кредиттiк қарыздары, қаржыландыру кезiнде бөлiнетiн бюджет қаржысы есебiне есептесiн.
3. "Медсантранспоставка" мемлекеттiк кәсiпорны, "Медтехника"
акционерлiк қоғамы, "Медсервис" медициналық сақтандыру компаниясы құқық қорғау және қорғаныс ведомстволарының дебиторлық қарыздарын қосымшада көрсетiлген сомаларда, республикалық бюджетке төленетiн салық төлемдерi бойынша және Ресей Федерациясына төлем жасау үшiн берiлген кредиттер бойынша, кредиттiк қарыздарды өтеу есебiне есептейтiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1829 қаулысына қосымша Ресей Федерациясы берген мемлекеттiк кредит және республикалық бюджетке төленетiн салық төлемдерi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi берешегiнiң есебiне құқық қорғау органдары мен қорғаныс ведомстволарына медициналық жабдықтар мен дәрi-дәрмектер берген кәсiпорындар мен ұйымдардың Тiзбесi мың теңге ___________________________________________________________________ Қазақстан Республи. Қарыз есебiне алынған тауар Рет касының Қаржы ________________________________________ министрлiгiне Оның iшiнде: берешегi бар -----------------------------------------_ берушi кәсiп. Барлығы Қазақстан Қазақстан Қазақстан Қазақстан орындардың Республи. Республи. Республи. Республи. атауы касының касының касының касының Қорғаныс Ұлттық Iшкi iс. Мем. шека. министр. қауiпсiз. тер ми. раны күзе. лiгi дiк коми. нистр. ту жөнiн. тетi лiгi дегi мем. лекеттiк комитетi ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 ____________________________________________________________________ 1. "Медтранспостав- ка" мемлекеттiк кәсiпорны 2784 - - - 2784 оның iшiнде: Ресей кредиттi бойынша 2784 - - - 2784 табыс салығы бойынша - - - - - 2. "Медтехника" ак. ционерлiк қоғамы 7501 3466 619 1021 2395 Оның iшiнде: Ресей кредитi бойынша 2390 415 - - 1975 табыс салығы бойынша 5111 3051 619 1021 420 3. "Медсервис" сақ. тандыру компания. сы 23096 9163 4649 5833 3451 оның iшiнде: Ресей кредитi бойынша 23096 9163 4649 5833 3451 табыс салығы бойынша - - - - - Барлығы 33381 12629 5268 6854 8630 оның iшiнде: Ресей кредитi бойынша 28270 9578 4649 5833 8210 табыс салығы бойынша 5111 3051 619 1021 420