Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 1832

      Құқық қорғау және қорғаныс ведомстволарының оларға Тың темiр жол басқармасы көрсеткен қызметi үшiн пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық бюджетке қосымша құнға салынатын салық бойынша 44873 (қырық төрт миллион сегiз жүз жетпiс үш мың) мың теңге сомасында берешегi бар Тың темiр жол басқармасы арасында бiр жолғы есептеу жүргiзсiн.
      Аталған сома Тың темiр жол басқармасы көрсеткен қызмет үшiн берешектi өтеуге құқық қорғау және қорғаныс ведомстволарын қаржыландыру есебiне мынадай мөлшерлерде есептелсiн:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi бойынша 23 376 мың (жиырма үш миллион үш жүз жетпiс алты мың) теңге сомасында;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бойынша 1 827 мың (бiр миллион сегiз жүз жиырма жетi мың) теңге сомасында;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бойынша 11 961

мың (он бiр миллион тоғыз жүз алпыс бiр мың) теңге сомасында;
     Iшкi әскерлер командованиесi Бас басқармасы бойынша (N 6636
әскери бөлiмше) 7 709 мың (жетi миллион жетi жүз тоғыз мың) теңге
сомасында.
     2. Қарызды есептеу 1995 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша,
аталған соманы республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде
көрсете отырып жүргiзiледi.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады