Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 1839

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы бюджеттiк мекемелердiң алынған нан, ұн және жарма үшiн пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1995 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша республикалық бюджет мен мемлекеттiк ресурстардан босатылған 1994 жылғы өнiмнiң астығы үшiн ақы төлеу жөнiнде республикалық бюджетке жалпы сомасы 15,0 (он бес) млн. теңге берешегi бар Оңтүстiк Қазақстан облысының "Ақ бидай" акционерлiк қоғамы арасындағы берешекке бiр жолғы есептеу жүрсiн;
      аталған сома Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiн қаржыландыру есебiне есептелiп, ол бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiлсiн.
      2. "Ақ бидай" акционерлiк қоғамы аталған есептеу жүргiзудiң

есебiнен Оңтүстiк Қазақстан облысының қылмыстық-түзету жүйесi
мекемелерiнiң, нан берушi "Шымкент-нан" акционерлiк қоғамына
1-тармақта көрсетiлген сомадағы берешектерiн өтеудi жүргiзсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi нан, ұн
және жарма үшiн кредиторлық қарызды, қаржыландыру кезiнде
бөлiнетiн қаражат есебiне есептейтiн болсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады