Оңтүстiк Торғай иiнiндегi жанама және табиғи газдарды кешендi пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 1857

      Оңтүстiк Торғай иiнiндегi жанама және табиғи газдарды отын-энергетика кешенiнде пайдалануды жеделдету және экологиялық қолайсыз аймақтағы халықтың тұрмыс деңгейiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен және Қызылорда облысының әкiмiмен бiрлесiп, 2005 жылға дейiн Оңтүстiк Торғай иiнiндегi жанама және табиғи газдарды кешендi пайдаланудың тұжырымдамасын қажеттi техникалық-экономикалық есептеулерiмен 1996 жылдың 1 маусымына дейiн дайындасын.
      2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң қатысуымен 1997-1998 жылдары тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберiнде Құмкөл газ өңдеу кешенiнiң құрамына қуаты 150 млн. текше метр жанама газдарды өңдеу жөнiнде қондырғының және қуаты 12-16 мың кВт. блокты газтурбиналы электр станциясының пайдалануға берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Құмкөл мұнайгаз кенiшiн игерудi жеделдету және бұл аймақтағы газ өңдейтiн кешендерден сұйытылған газдарды әкету мақсатында қатқыл табанды Қызылорда-Құмкөл автомобиль жолын салуды және қаржыландыруды 1998 жылы аяқтау үшiн Оңтүстiк Торғай иiнiндегi кенiштердi игеруге қатысушылардың барлығының қаржысы үлестiк негiзде тартылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
      Оңтүстiк Торғай иiнiндегi мұнайгаз кенiштерiнде iздеу-барлау жұмыстары бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдетсiн;
      жаңа болашақты құрылымдардағы геологиялық-барлау және Оңтүстiк Торғай иiнiндегi қолда бар мұнай-газ кенiштерiн одан әрi барлау жұмыстарының қаржыландырылуын қамтамасыз ету үшiн "Южнефтегаз" МАҚ-на минералдық-шикiзат базасының ұдайы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуге арналған қаржының бүкiл сомасы тiкелей жасалатын шарттар бойынша осы мақсатқа жұмсалсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi, Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетi осы қаулының 2-тармағында аталған энергия үнемдейтiн жобаларды жүзеге асыру үшiн инвестицияларды тарту жөнiнде мәселенi қарастырсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады