Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 қаңтар N 72. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 P951880_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережеде:
2-тармақтағы "мемлекеттік комитеттерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтағы "Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Айдарханов Арман Тергеуұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі;
Сармұрзина Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директоры;
Ержанов Аманияз Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары;
Шығанбаев Ерғали Әбдімомынұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас басқармасының бастығы;
Жұмабеков Болат Ахашбекұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кедендік кірістер бас басқармасының бастығы;
Кесікбаев Сұлтанғали Қабденұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің директоры;
Ким Афанасий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілетті өкілі;
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі;
Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі;
Әбусейітов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі;
Мұстафина Сабила Сапарқызы - Қазақстан Республикасының Министрі
Хатшылығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы
Хатшылығының меңгерушісі;
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын:
Дерновой А.Г., Велимухаметов М.М., Гамарник Г.Н., Мұхамеджанов Қ.С.,
Тоқсейітов Р.Қ., Шкляр В.В., Асқарова А.Б., Шалова С.А., Қасымова С.Б.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз