1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
республикалық бюджет пен "Алматы ауыр машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамының арасында, 1995 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша, 138 млн. (жүз отыз сегiз миллион) теңге сомасына бiржолғы есептеу жүргiзсiн;
аталған соманы 1995 жылғы республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қаржыландыру есебiне есептелсiн.
2. "Алматы ауыр машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамы аталған есептеудi жүргiзу есебiнен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, алынған машиналар үшiн, "Казавтотехмаш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi алдындағы берешектерiн қайтару жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi