Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
"Стандарттау мен сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 мамырдағы N 2298 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Өнiм мен тауарларды сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әрi қайта өңдеудi қоса берiлiп отырған тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1996 жылдың 1 ақпанына дейiн жергiлiктi атқарушы органдары өкiлдерiнен сату мен пайдалануға жарамсыз өнiм мен тауарды жою немесе одан әрi қайта өңдеу жөнiндегi комиссияның құрамын бекiтсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, заңды тұлғалар өнiм мен тауар сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әрi қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруда осы Тәртiптi басшылыққа алатын болсын.
Шығарушы (сатушы) өнiм мен тауарларды сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әрi қайта өңдеу туралы атқарушы органның нұсқамаларын орындамау фактiлерi анықталған болса, сондай-ақ сертификаттау ережелерiн үнемi бұзып келген болса өнiмдi шығару (сату) құқығына лицензияны алып қоюға дейiн шаралар қолданылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы
N 1891 қаулысымен
бекiтiлген
Өнiм мен тауарларды сатуға және пайдалануға
жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою
немесе одан әрi қайта өңдеу
ТӘРТIБI
I. Жалпы ережелер
1. Заңды және жеке тұлғалар шығаратын, әкелетiн және сатып алатын барлық өнiм Қазақстан Республикасында қауiпсiздiк пен сапа жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, мемлекетаралық стандарттардың (ГОСТ), Қазақстан Республикасы стандарттарының (ҚР СТ), Қазақстан Республикасы техникалық шарттарының (ҚР ТШ) санитарлық нормалар мен ережелердiң, ветеринарлық-санитарлық нормалардың, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң мiндеттi талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Әкелiнетiн өнiм кеден органына ұсынылған және таңдап алынған кеден режимiне сәйкес шығарылғанға дейiн кеден бақылауында уақытша сақтауда болады. Өнiм уақытша сақтау қоймалары деп аталатын арнайы бөлiнген және бейiмделiп жасалған үй-жайларда уақытша сақталады.
Уақытша сақтаудың шектi мерзiмi кеден заңдарында белгiленген ерекше жағдайларда болмаса, екi айдан аспайды.
Уақытша сақтау мерзiмi iшiнде әкелiнген өнiм таңдап алынған кеден режимiне сәйкес ресiмделiп, кеден заңдарында белгiленген тәртiппен шығарылуға тиiс.
Егер кедендiк ресiмдеу кезеңiнде әкелiнген өнiмнiң қауiптi екенi анықталса, онда бұл өнiмге тыйым салынады да Қазақстан Республикасының шекарасынан өткiзiлмейдi. Мұндай өнiм Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетiлуге тиiс не Кедендiк жою режимi туралы ережеге сәйкес жойылуы керек.
Жарамсыз деп табылған өнiмдi сатуға оның сапасының нашарлығын анықтаған орган кедендiк ресiмдеу кезеңiнде де, сату барысында да тыйым салады.
Тыйым салу актiсiнде сауда торабына тараған өнiмдi қайтарып алу туралы мiндеттi түрде көрсетiледi.
Өнiмдi қайтарып алуды және онымен байланысты процедураларды шығарушы (сатушы) жүзеге асырады.
Өнiмдi әкету фактiсi белгiленген тәртiппен ресiмделген, жүктiң әкетiлгенi туралы кеден органының белгiсi бар жүкке берiлген кеден декларациясымен расталады.
Жүктiң әкетiлгенi туралы ресiмделген жүкке берiлген кеден декларациясы мiндеттi түрде осы өнiмдi анықтаған атқарушы органға ұсынылады.
3. Сатушы таптырмай кеткен немесе жарамсыз деп табылған өнiмнен бас тартқан жағдайда жарамсыз деп табылған өнiмдi әкету немесе жою процедураларына байланысты мәселелердi тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының әкiмдерi шешедi.
4. Қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келмейтiн, әкелiнетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн барлық өнiм екi түрге бөлiнедi:
нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға келмейтiн, бiрақ қайта өңдеу жолымен талап етiлетiн нормативтерге жеткiзуге болатын өнiм;
қауiптi және пайдалануға (қолдануға) мүлде жарамсыз, жоюға жататын өнiм.
5. Пайдаланылуы (қолданылуы) адамдардың денсаулығы, өмiрi және қоршаған орта үшiн қауiп төндiретiн қауiптi өнiм анықталған жағдайда жоюға, сондай-ақ қайта өңдеуге жататын өнiмнiң технологиясын келiсiп алу қажеттiлiгiне байланысты мәселелердi арнайы комиссиялар шешедi.
Комиссия тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдары әкiмдерiнiң жанынан орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасы Денсаулықминi, Ауылшарминi, Құрылысминi, Экобиоресурсминi, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi), құқық қорғау органдары мен сертификаттау жөнiндегi органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен құрылады.
Комиссияны Қазақстан Республикасы Мемстандартының төрағасы басқарады. Оның мүшелерiнiң саны үш адамнан кем болмауға тиiс. Комиссия жоғары маманданған ғылыми қызметкерлердi, мамандар мен тәуелсiз сарапшыларды жұмысқа тарта алады.
6. Комиссияның жұмысына, пайдалануға (қолдануға) жарамсыз деп танылған өнiмдi сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге, сондай-ақ оны жою процедураларын орындауға байланысты барлық шығыстарды шығарушы (сатушы) өтейдi.
II. Нысаналы мақсатына сай пайдалануға (қолдануға)
жарамсыз өнiмдi қайта өңдеу тәртiбi
7. Нысаналы мақсатына сай пайдалануға (қолдануға) жарамсыз өнiм нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келгенге дейiн қайта өңделуге тиiс.
Қайта өңдеу түрлерiне:
өнiмдi шикiзат алу мақсатымен қайта өңдеу;
өнiмдi басқа өнiм алу мақсатымен қайта өңдеу;
өнiмдi талап етiлетiн нормативтерге жеткiзу мақсатымен қосымша өңдеу жатады.
8. Өнiмдi қайта өңдеу технологиясы мен орнын шығарушы (сатушы) таңдап алады, ол өнiмдi жарамсыз деп тапқан атқарушы органдардың келiсiмiмен құзыреттi ұйымдарға (институттарға, лабораторияларға) хабарлауға тиiс.
9. Қайта өңделген өнiмдi нысаналы мақсатына сай немесе жаңа атауы мен қолданысы бойынша одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасының Мемстандартында тiркелген лабораторияда белгiленген тәртiппен өткiзiлген сынақтар оң нәтижелi болып, сәйкестiк сертификаты алынғаннан кейiн ғана мүмкiн болады.
III. Пайдалануға (қолдануға) жарамсыз деп
танылған өнiмдi жою тәртiбi
10. Қауiптi өнiм анықталған жағдайда сапасыз өнiмдi анықтаған атқарушы орган өкiлi шығарушыға (сатушыға) оны өндiрудi (сатуды) дереу тоқтату жөнiнде нұсқама бередi.
11. Алынған материалдарды талдау және оларды қайта тексеру нәтижелерi бойынша (қажет болған жағдайда) комиссия жою жөнiнде акт жасайды, онда:
актi жасалған күн мен орын, өнiмдi шығарушы (сатушы) кәсiпорынның атауы;
жоюға жататын өнiмнiң атауы мен мөлшерi;
өнiм қауiптi деп танылған көрсеткiштер;
жою әдiсi, мерзiмi мен орын;
комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
Актiнiң негiзiнде комиссия қауiптi өнiмдi оқшаулау мен сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар және оны жою немесе көму жөнiнде шешiм қабылдайды, онымен шығарушыны (сатушыны) таныстырады.
Шешiм қабылдар алдында комиссия шығарушының (сатушының) өтiнiшi бойынша жарамсыз деп танылған өнiмдi тәуелсiз тiркелген лабораторияда бақылау сынағын қайталап жүргiзе алады.
12. Комиссияның шешiмi бойынша өнiм жоюға әзiрленедi.
13. Жоюға жататын тағамдық азық-түлiк, дәрi-дәрмектердiң табиғи күйi иiстi затпен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы затқа тән емес түс беретiн бояулармен өзгертiлуге тиiс.
14. Халыққа қауiп төндiретiн тағамдық және ауыл шаруашылығы заттары жойылар алдында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiлеген ережелерге сәйкес залалсыздандырылады.
15. Улы, есiрткi дәрi-дәрмектер мен есеңгiрету және анаболикалық әсерi бар дәрiлiк заттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген ережелерге сәйкес жойылады.
16. Қайғылы оқиғалар мен жарамсыз деп табылған өнiмдi ұрлауға жол бермеу мақсатында табиғи күйiн өзгерту және залалсыздандыру жөнiндегi барлық операциялар өнiмдi уақытша сақтау қоймаларында немесе тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының әкiмдерi бөлген арнаулы орындарды жүргiзiлуге тиiс.
17. Жоюға жататын өнiмдi тасымалдау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өкiлiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылуға тиiс.
18. Өнiмдi жою процесiн комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен шығарушы (сатушы) орындайды.
19. Өнiмдi залалсыздандыру және жою фактiсi қоса берiлiп отырған нысанда актiмен ресiмделедi, оған комиссияның барлық мүшелерi және шығарушы (сатушы) қол қояды.
20. Қауiптi өнiмдi жою және көму кезiнде осы мақсатқа бөлiнген жердегi ауа бассейнiн, топырақты, жерасты сулары мен жер үстiндегi су қоймаларын ластанудан сақтау үшiн комиссияда мемлекеттiк экология сараптамасының оң қорытындысы мен табиғат қорғау органдарының шешiмi болуға тиiс.
IV. Шағым беру
21. Егер шығарушы (сатушы) атқарушы органның немесе сертификаттау туралы органның өзiнiң өнiмiн қайта өңдеуден өтпесе пайдалануға (қолдануға) жарамсыз деп тану туралы шешiмiмен келiспесе, онда ол шешiмдi алғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей өнiмдi жарамайды деп тапқан атқарушы органның тиiстi жоғары тұрған орындарына жазбаша түрде шағым бередi.
Жоғары тұрған орган арыз берiлген күннен бастап 10 күн iшiнде арызды қарайды және өз шешiмiн өнiм шығарушыға (сатушыға) хабарлайды.
Өнiм шығарушы (сатушы) шешiммен келiспеген жағдайда оның сотқа жүгiнуге құқығы бар.
22. Комиссияның пайдалануға (қолдануға) жарамсыз деп танылған өнiмдi жою туралы шешiмiне шығарушы (сатушы) шешiм шығарылған күннен бастап 10 күн iшiнде сотқа шағымдана алады.
Егер пайдалануға жарамсыз деп танылған егер өнiмдi сақтаудың санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз, қоршаған ортаға әсер етпейтiн болса, сақтаудың лайықты жағдайы бар болып, бұзылмай, өзiнiң жай-күйiне қарай сақтауға шыдайтын болса, берiлген өтiнiш мұндай өнiмдi жою туралы комиссияның шешiмiн тоқтатады.
V. Бақылау органдары мен шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң жауапкершiлiгi
23. Осы Тәртiптiң сақталуына және орындалуына бақылаушы органдар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚОСЫМША
Өнiмдi жою туралы
АКТ
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Аты-жөнi, лауазымы)
___________________________________________________________________
құрамындағы комиссия мына өнiмдi жойды ____________________________
өнiмнiң аты, мөлшерi
___________________________________________________________________
(әдiсi көрсетiледi)
Негiздемесi _______________________________________________________
өнiмдi сапасыз деп тануға негiз болған құжат (номерi)
___________________________________________________________________
көрсетiледi
Комиссия мүшелерiнiң
қолы _________________________________
Аты-жөнi
199__ жылғы "___"________________
Шығарушының (сатушының)
қолы _________________________________
Аты-жөнi
199__ жылғы "___"________________