Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 24 қаңтар N 88

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес мемлекеттiң мiндетi болып табылатын сәулет-қала құрылысы бақылауын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы таратылатын сәулет-қала құрылысы бақылауы департаменттерi базасында шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мәртебесiмен Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау (Мемсараптама), Сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялаудың мемлекеттiк орталығы (Мемқұрылыслицензия) және Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы (Мемқұрылысинспекция) облыс орталықтары мен Ақмола және Алматы қалаларында өздерiнiң еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарымен қоса құрылсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.20. N 353 қаулысымен.
               P980353_
 
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi осы Қаулының 1-тармағында аталған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.20. N 353 қаулысымен.
               P980353_
 
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылып жатқан мемлекеттiк кәсiпорындар мен министрлiк арасындағы сәулет-қала құрылысы бақылауы мiндеттерiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлдiктi ажырату арқылы олардың құрылтайшылық құжаттарын екi айлық мерзiмде әзiрлеп бекiтсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.20. N 353 қаулысымен.
               P980353_
 
      4. Құрылып жатқан сәулет-қала құрылысы бақылауының республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды таратылатын департаменттердiң құқықтық мұрагерлерi болып табылады және бұрын белгiленген нормативтiк актiлер, егер қолданылып жүрген заңдар мен осы қаулыға қайшы келмесе, оларға қолданылатын болып белгiленсiн.
      5. Осы қаулыға сәйкес құрылған сәулет-қала құрылысы бақылауының республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары республикалық мемлекеттiк тiзбесiне енгiзiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi мен Әдiлет министрлiгi республика Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы Қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Үкiметiне екi ай мерзiмде енгiзсiн.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.20. N 353 қаулысымен.
               P980353_
 
      7. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы сәулет-қала құрылысы бақылауы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 наурыздағы N 289 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы департаментi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 маусымдағы N 708 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 26, 288-бап).
      "Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң жұмыс түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн және Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 шiлдедегi N 777 қаулысындағы 1-тармақтың төртiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 28, 319-бап).
      "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң

 

тәртiбi мен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және

аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Жобаларды мемлекеттiк

ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы Ереженi бекiту туралы"

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 шiлдедегi

N 830 қаулысындағы 1-тармақтың үшiншi абзацы (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 346-бап).


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады