1994 жылы 8 шiлдеде Алматы қаласында мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкiн құру туралы келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Дәмитов Қадыржан Қабдошұлы Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлi мiндетiнен;
Бисенов Марат Смағұлұлы Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлiнiң орынбасары мiндетiнен босатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрi Кетебаев М.К. Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiне Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлi болып;
Аймақаралық маңызы бар инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөнiндегi мемлекетаралық Кеңестiң Аткомындағы "Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлi С.Д.Пiрiмбетов Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкiнiң Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлi болып тағайындалсын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң орынбасары Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiне Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлiнiң орынбасары болып бекiтiлсiн;
М.К.Кетебаев Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкiнiң Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлi мiндетiнен босатылсын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.16.
N 1021
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.12.30. N 1862
қаулысымен
.
3. "Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiне өкiлеттi өкiл және оның орынбасарын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 Қыркүйектегi N 997 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары