Қазақстан Республикасы министрлерi орынбасарларының, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық атқарушы органдар мен ведомстволары төрағалары орынбасарларының мiндеттерiн бөлудегi өзгерiстер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 1 ақпандағы N 140

      Министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде, өзге де орталық атқарушы органдарда жүргiзiлген реформаларды тереңдету мен экономикалық жұмысты күшейту қажеттiгi мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы министрлерiнiң орынбасарлары, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың төрағалары экономика мәселелерiн қарайтын болып белгiленсiн.
      2. Министрлер, мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары, өзге де орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың басшылары алдағы кадрлардың орындарын ауыстыруға байланысты екi апта мерзiм iшiнде Үкiметке тиiстi ұсыныстар енгiзiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үкiмет Аппаратының Басшысы Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады