"Өнiм" акционерлiк қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 5 ақпан N 0146

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына сәйкес нарық қатынастарын қалыптастыру, бәсекенi дамыту, жекешелендiру процесiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Өнiм" акционерлiк қоғамына қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес акционерлiк қоғамдардың купон аукциондарында сатылмаған акциялар мен мемлекеттiк акциялар пакеттерiн басқару және иелiк ету құқықтарымен берсiн, сондай-ақ "Өнiм" акционерлiк қоғамның шаруашылық қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының балансындағы мына мекен-жайдағы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 48 а үйiн, сонымен қатар мүлiктiң бiр бөлiгi /алты жеңiл, бiр жүк автомобилi, бiр автобус және басқа да жабдықтар мен мүкаммал/, олар кейiн жекешелендiрiлiп, мемлекеттiк жарна түрiнде оның жарғы қорына қосылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 ақпандағы N 146 қаулысына қосымша


            Мемлекеттiк акциялар пакеттерi мен акциялары купон

         аукциондарында сатылмаған, "Өнiм" акционерлiк қоғамының
           басқаруына және иелiк етуiне берiлетiн акционерлiк
                               қоғамдардың
                                 ТIЗБЕСI

                     Ақмола облысы

     1. "Агропромзапчастьсервис" АҚ
     2. Аккультехсервис" АҚ
     3. Агроселькомплект" АҚ

                     Ақтөбе облысы

     4. "Агроснабкомплект" АҚ

                     Алматы облысы

     5. "Облыстық жинақтау базасы" АҚ
     6. "Сары Құлан" АҚ
     7. "АТП-2 Дәнекер" АҚ

                   Шығыс Қазақстан облысы

     8. "Өскемен МТС жөнiндегi МРПО" АҚ
     9. "Агрокомплект" АҚ

                     Жамбыл облысы

     10. "МТС облыстық базасы" АҚ
     11. "Дархан" АҚ
     12. "Шуагроснаб" АҚ

                    Батыс Қазақстан облысы

     13. "Уральскоагротехсервис" АҚ
     14. "Запагрокомплектация" АҚ

                    Қарағанды облысы

     15. "Карагандаагропромтехника" N 2 МТС" базасы" АҚ
     16. "Қарқаралы РАТП" АҚ
     17. "Осакаров ауданаралық базасы" АҚ
     18. "Атамекен" жинақтау облыстық базасы

                    Қызылорда облысы

     19. "Облыстық МТС базасы" АҚ

                    Көкшетау облысы

     20. "Көкшетауагропромтехника" АҚ
     21. "Зерендiагроөнеркәсiптехникасы" АҚ

                   Қостанай облысы

     22. "Казселькомплект" АҚ
     23. "Костанайрайсельхозтехника" АҚ

                   Маңғыстау облысы

     24. "Дәнекер" АҚ

                   Павлодар облысы

     25. "Павлодарагропромтехника" АҚ

                 Солтүстiк Қазақстан облысы

     26. "Агропромкомплект" АҚ
     27. "Соколов МТС жөнiндегi ОБ" АҚ

                Семей облысы

     28. "Аягөз Кең дала" АҚ

                Талдықорған облысы

     29. "Жабдықтаушы" АҚ
     30. "Бескөлагропромтехника" АҚ

                Торғай облысы

     31. "Торғай" АҚ
     32. "Есильрайагропромтехника" АҚ

                Оңтүстiк Қазақстан облысы

     33. "Агронарықсауда" сауда-өнеркәсiп акционерлiк қоғамы
     34. "Отырарагросервис" АҚ
     35. "Сайрамагросервис" АҚ
     36. "Ильичев ауданаралық базасы" АҚ 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады