Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 ақпан N 169. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы  N 2541 Жарлығына сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен кәсiпорындардың банкроттығының алдын алу, төлем жасау қабiлетi жоқ дәрменсiз кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк (Бұдан әрi - Агенттiк), ауыл шаруашылығы мен банк саласынан басқа, мүлкiнде Қазақстан Республикасының үлесi (салымы) бар мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ заңды тұлғаларға қатысты (бұдан әрi - кәсiпорын) қайта ұйымдастыру және тарату процедураларын өткiзумен байланысты мәселелердi шешу кезiнде, мемлекеттiң атынан меншiк иесiнiң мүдделерiн бекiтедi. 
      2. Агенттiкке мынадай функциялар жүктелсiн: 
      банкроттық туралы қолданылып жүрген заңдар шеңберiнде төлем жасауға қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындардың дәрменсiздiгi мен банкроттығының алдын алу, сондай-ақ қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату жөнiндегi шараларды жүзеге асыруда мемлекеттiк саясат жүргiзу; 
      дәрменсiз кәсiпорындардың қаржылық жай-күйi мен төлем жасау қабiлетiн бағалау; 
      Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құзырына кiретiн мәселелер бойынша материалдарды жинау және әзiрлеу; 
      қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындарды қаржылай-экономикалық сауықтыруға мемлекеттiк көздерден бөлiнген қаржының пайдаланылуына және қаржы-экономикалық жай-күйiнiң өзгеруiне Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асыру; 
      кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру процедуралары және таратуды жүргiзуге байланысты мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру; 
      дәрменсiздiк пен банкроттық белгiлерi бар кәсiпорындарға көмек ұйымдастыру; 
      төлем жасау қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындарды тарату жөнiндегi қайта ұйымдастыру процедуралары жоспарларын мемлекеттiк басқару органдарымен келiсу және дайындау; 
      төлем жасау қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындарға қаржы және экономикалық жай-күйiн бағалау жөнiнде консультациялық көмек және бизнес жоспарларын жасау жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсету; 
      қайта ұйымдастыру процедураларын қаржыландыруға қатысу үшiн отандық және шетелдiк инвесторларды тарту жөнiндегi шараларды ұйымдастыру; 
      банкроттық туралы заңдық нормаларды қолданудан туындайтын процестердi жүзеге асыру мақсатында нормативтiк және әдiстемелiк база жасау жөнiнде жұмысты ұйымдастыру. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының өкiмiмен оның орынбасарларының бiрi Агенттiктiң директоры болып тағайындалатыны қарастырылсын. 
      4. Төлем жасау қабiлетi жоқ кәсiпорынға консультация беру жөнiндегi республикалық орталық Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады деп белгiленсiн. 
      5. Агенттiктiң құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      6. Агенттiктiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң штаттық саны 40 адам болып және 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппараты қызметкерлерi үшiн қарастырылған еңбекақы, материалдық қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету жағдайлары Агенттiктiң орталық аппараты қызметкерлерiне қолданылсын. 
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған республикалық бюджет қаржысы есебiнен агенттiк аппаратын ұстауға қажеттi қаражат бөлудi қарастырсын. 
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Агенттiктi ұйымдастыру техникасымен, жиhазбен, үкiметтiк қалааралық телефон және факсимилие байланысымен, компьютер және көбейту техникасымен қажеттi мөлшерде қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн. 
      11. Агенттiк өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн ақпарат материалдарымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тегiн қамтамасыз етiлетiн мекемелер тiзбесiне енгiзiлсiн. 
      12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Агенттiк қызметкерлерiн орналастыру үшiн қызметтiк үй-жайлар бөлсiн. 
      13. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанынан Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi Агенттiк құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 604 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 16, 182-бап) қаулысы; 
      "Төлем жасауға қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi республикалық орталықты құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 1685 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 37, 481-бап) қаулысы. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң 1996 жылғы         
7 ақпандағы             
N 169 қаулысымен           
бекiтiлген              

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару 
           жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы 
   Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы 
                         ЕРЕЖЕ 

                   1. Жалпы ережелер 

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк (бұдан әрi - Агенттiк) өз қызметiн заңда белгiленген тәртiппен төлем жасауға қабiлетi жоқ (дәрменсiз) болып танылған кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату, кәсiпорындардың дәрменсiздiгi мен банкроттығының алдын алуға бағытталған мемлекеттiк саясат жүргiзу мақсатында жүзеге асырады. 
      2. Агенттiк ауыл шаруашылығы және банк саласынан басқа мүлкiнде Қазақстан Республикасының үлесi (салымы) бар мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға қатысты (бұдан әрi - кәсiпорындар) дәрменсiздiгi (банкроттығы) туралы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк атынан меншiк иесiнiң мүдделерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орган болып табылады. 
      3. Агенттiк өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiн, Үкiметтiң қаулылары мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, Қазақстан Республикасының Дәрменсiз кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
 

                II. Агенттiктiң мiндеттерi мен функциялары
 

          4. Мыналар Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi болып табылады: 
      кәсiпорындардың дәрменсiздiгiнiң алдын алу және банкроттық туралы заңдарды жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясат жүргiзу; 
      республиканың төлем жасау қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындары туралы ақпарат жинау және қорытындылау, оларды есепке алу және мониторингтi, олардың қаржы-экономикалық жай-күйiн талдау, қайта ұйымдастыру процедураларының, жекешелендiру мен таратудың нысандары, әдiстерi мен бағыттары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құзырына кiретiн мәселелер бойынша материалдар жинау және дайындау; 
      Қазақстан Республикасының Дәрменсiз кәсiпорындарын сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыруға мемлекеттiк көздерден бөлiнетiн қаржының пайдаланылуына және қаржы-экономикалық жай-күйiнiң өзгеруi туралы шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асыру; 
      өндiрiстi жандандыру және кәсiпорынды сауықтыру туралы шешiмдер қабылдаумен байланысты мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру; 
      төлем жасау қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындарға қаржы және экономикалық жай-күйiн бағалау жөнiнде консультациялық көмек көрсету; 
      қайта ұйымдастыру процедуралары жоспарларын мемлекеттiк басқару органдарымен келiсу және дайындау; 
      қайта ұйымдастыру процедураларын қаржыландыруға қатысу үшiн отандық және шетелдiк инвесторларды тарту жөнiнде шаралар ұйымдастыру; 
      банкроттық туралы заңдарды қолданудан туындайтын процестердi жүзеге асыру мақсатында нормативтiк және әдiстемелiк база жасау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру; 
      5. Негiзгi мiндеттердi басшылыққа алып Агенттiк: 
      кәсiпорындардың дәрменсiздiгiн (банкроттығын) алдын алуға бағытталған мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi; 
      дәрменсiз кәсiпорындарға қатысты қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiнде шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады; 
      осы кәсiпорындарға қолданылатын қайта ұйымдастыру процедураларында мүлiк иесiнiң қатысуы қарастырылса, дәрменсiз борышкер кәсiпорынның меншiк иесiнiң өкiлеттi өкiлi ретiнде көрiнедi; 
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп дәрменсiздiк (банкроттық) белгiлерi бар кәсiпорындар туралы ақпарат жинайды және қорытындылайды, Агенттiктiң өзi немесе басқа да мамандандырылған мекемелер арқылы оларды тарату, жекешелендiру және сауықтыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
      төлем жасау қабiлетi жоқ кәсiпорындарды есепке алуды жүргiзедi; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясына кәсiпорындардың дәрменсiздiгi (банкроттығы) туралы мәселелер бойынша қаулылар мен өкiмдердiң жобаларын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен енгiзедi; 
      Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қарауына оның құзырына жатқызылған мәселелердi дайындау және енгiзудi ұйымдастырады; 
      министрлiктер, ведомстволар мен жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен кәсiпорындардың дәрменсiздiгiн (банкроттығын) алдын алуға бағытталған республикалық және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеп, орындалуын ұйымдастырады; 
      кәсiпорындардың таратылуы нәтижесiнде босаған қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, қайта даярлау, жаңа жұмыс орындарын құру жөнiндегi шараларды әзiрлеуге қатысады; 
      сенiмдi басқарушыларды дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асыру; 
      кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыруды жүргiзуге мемлекеттiк көздерден қаржы бөлу және пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi органдарға енгiзедi; 
      Агенттiк арқылы сауықтырылатын, кәсiпорындардың қайта ұйымдастырудың кешендi жоспарларын орындауына, сондай-ақ, олардың өз қаржысы мен оңалтуға бөлiнген қаржы ресурстарының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; 
      сауықтырылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындардың жұмысына мониторинг жүргiзедi, олардың қызметi тәжiрибесiн қорытындылап, оны жақсарту жөнiнде тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi; 
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп, сауықтыруды бастау туралы айқындама шығаруға соттарға көмек көрсету мақсатында сауықтыруға қатысушылардың ұсыныстарының тиiмдiлiгiн бағалау әдiстерiн әзiрлеу, принциптерi, талаптарын қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жүргiзедi; 
      банкроттық туралы iс қозғау туралы сотқа мәлiмдеменi осындай кәсiпорынның енгiзуi туралы борышкер кәсiпорын үшiн мiндеттi шешiмдi заңда белгiленген тәртiппен қабылдайды; 
      меншiк иесiнiң атынан банкроттық, қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу туралы iс қозғау жөнiнде сотқа мәлiмдемемен өтiнiш жасайды; 
      борышкер кәсiпорындардың мүлкiн сырттай басқару, оны сауықтыруды тағайындау туралы өтiнiштi сотқа енгiзедi; 
      борышкер кәсiпорындардың мүлкiн сырттай басқару немесе оны сауықтыруды тағайындау үшiн негiз болып табылатын борышкер кәсiпорындардың төлем жасау қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгi бар-жоғының қажеттi белгiлерiн (шарттарын) заңда белгiленген тәртiппен айқындайды; 
      борышкер кәсiпорынның мүлкiн сырттай басқаруды жүргiзу жоспары жөнiнде сотқа қорытынды бередi; 
      борышкер кәсiпорынның мүлкiн сырттай басқаруды жүргiзу жоспарын қайта қарау туралы осы кәсiпорынның мүлкiн сырттай басқаруды жалғастыру немесе оны тоқтату және конкурстық iс ашу туралы сауықтырудың тиiмсiз жүргiзiлуi немесе сауықтыруға қатысушылардың басқа да борышкер кәсiпорындардың меншiк иесi ретiнде Қазақстан Республикасының мүддесiне нұсқан тигiзiлуiне жол беретiн iс-қимылдары туралы мәлiмдемемен сотқа өтiнiш жасайды; 
      Кредиторлармен, дәрменсiз борышкермен (мүлiк иесiмен) уағдаластық бойынша борышкердiң мүлкiне сырттай басқару тағайындайды, сенiмдi басқарушыны және сауықтыру жүргiзудi тағайындайды; 
      олардың жиналысының шешiмi бiлдiретiн, кредиторлардың келiсiмiмен, сенiмдi басқарушы тағайындау кезiнде конкурс ұйымдастырудың шарттары мен талаптарын айқындайды; 
      борышкер кәсiпорынды өз ықтиярымен тарату, тарату комиссиясын құру туралы шешiмдi заңда белгiленген тәртiппен қабылдайды; 
      борышкер кәсiпорынның активтерiнiң құнын бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады; 
      борышкер кәсiпорынды сауықтыруды жүргiзуге қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалар бойынша ұсыныстар және олар туралы деректердi сотқа бередi; 
      борышкер кәсiпорынды сауықтыруды жүргiзуге мемлекеттiң (өкiлеттi органдар мен ұйымдар) қатысуы мен оны өткiзу тәртiбiнiң шарттарын белгiлейдi; 
      сауықтыруға қатысуға тiлек бiлдiрушiлерге конкурс өткiзудiң шарттары мен талаптарын заңда белгiленген тәртiппен келiседi; 
      төлем жасау қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындарды қайта ұйымдастыруды немесе оларды таратуды жүргiзу үшiн бөлiнген қаржыға иелiк етедi; 
      кредит берушiлер - мемлекеттiк заңды тұлғалардың атынан, сондай-ақ белгiленген тәртiптi сақтай отырып, жарғылық қорында Қазақстан Республикасының үлесi (салымы) бар шаруашылық серiктестiктерiнiң атынан сенiмхатсыз уәкiлеттiк берiлген өкiл болады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа абзацпен толықтырылсын - ҚРҮ-нiң 
1996.09.13.  N 1113 қаулысымен.  

                  III. Агенттiк құқықтары 

       6. Агенттiк мыналарға құқықты: 
      Министрлiктер, ведомстволар, басқа да мемлекеттiк басқару органдарынан, дәрменсiз кәсiпорынды сауықтыру және тарату жөнiндегi облыстық комиссиялардан, жергiлiктi атқарушы органдардан, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақты комитеттерден, қаржылай оңалту жөнiндегi арнайы мемлекеттiк мекемелерден, сондай-ақ жарғы капиталында мемлекеттiк үлестiк қатысуы бар кәсiпорындар мен ұйымдардан оған жүктелетiн мiндеттердi орындау үшiн қажеттi қаржы және өзге де құжаттарды, ақпаратты сұрауға және тегiн алуға; 
      сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн министрлiктер, ведомстволардың мамандарын тартуға, олардың iшiнен кәсiпорынды қайта құрудың бағдарламалары мен кешендi жоспарларын жасау жөнiнде жұмыс топтарын құруға; 
      Агенттiк арқылы сауықтырылатын кәсiпорындардың басшылығын қайта ұйымдастыру процедуралары кезеңiнде қаржы тәртiбiн бұзған жағдайда ауыстыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
      заңды тұлғалармен және жеке адамдармен кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтырудың кешендi бизнес жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды және Агенттiктiң құзырына кiретiн басқа да мәселелерге байланысты жұмыстарды жүргiзуге шарттар жасауға; 
      Агенттiк арқылы сауықтырылатын кәсiпорынды қайта ұйымдастырудың кешендi жоспарларын жүзеге асыру жөнiндегi шығындарды мемлекеттiк көздерден қаржыландыру туралы ұсыныстар енгiзуге; 
      қажеттi дайындық пен аттестациядан өткен, тиiстi бiлiгi бар сенiмдi басқарушылардың кандидатураларын ұсынуға; 
      сенiмдi басқарушылармен шарттар жасауға; 
      кәсiпорында сауықтыру жөнiндегi шарттың қағидаларын орындаған заңды тұлғалар мен жеке адамдарға бақылау акцияларының пакетiнiң бiр бөлiгiн тегiн беруге; 
      оларды сауықтыру және сырттай басқару Агенттiк арқылы жүргiзiлетiн кәсiпорынға банктiк қызмет көрсетуге банктермен шарттар, агенттiк келiсiмдер жасауға; 
      әдейi немесе жалған банкроттық жасау фактiлерi анықталған жағдайда кәсiпорынның басшысын лауазымынан алу туралы ұсыныстарды және құқық қорғау органдарына тиiстi материалдарды беруге; 
      оның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша орындалуы мiндеттi актiлер шығаруға Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Агенттiк актiлерiнiң күшiн жоя алады. 
 

             IV. Агенттiктi басқару, оның қызметiн қаржыландыру 
                             және бақылау 
 

        7. Агенттiк өз функцияларын және оған берiлген өкiлеттiктерiн тiкелей немесе мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитетiнiң тиiстi бөлiмшелерi арқылы жүзеге асырады. 
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының өкiмiмен оның орынбасарларының бiрi Агенттiктiң директоры болып тағайындалады. 
      9. Агенттiк директоры: 
      Агенттiктiң жұмысына басшылық етiп, Агенттiкке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап бередi; 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген құрылымға сәйкес Агенттiк қызметкерлерiнiң саны мен еңбекақы қорын белгiленген шегiнде бекiтедi; 
      Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы Ереженi бекiтедi, олардың басшыларын тағайындайды, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленген еңбекақы қоры шегiнде үстем ақы, қосымша ақы, сыйлықтарды белгiлейдi; 
      Агенттiк басшыларының мiндеттер бөлiсiн және қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi; 
      Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның хатшысы болып табылады және оның жұмыс құжаттарын дайындауды қамтамасыз етедi; 
      Агенттiктiң атынан iс-қимыл жасайды, сенiмхатсыз оның мүдделерiн бiлдiредi, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оның мүлкi мен қаржысына иелiк етедi, соның iшiнде шетелдiк ұйымдармен де шарттар жасайды, сенiмхат бередi.
      10. Агенттiк заңды тұлға болып табылады. Мөрi және заңды тұлғаның басқа да тиiстi белгiлерi бар. Агенттiктiң банк мекемелерiнiң бiрiнде шоты бар.
     11. Агенттiктiң мекен-жайы - Алматы қаласы.
     12. Агенттiктiң аппаратын ұстау, шығындарын қаржыландыру республиканың бюджеттiк қаржысы есебiнен жүргiзiледi. 
     13. Агенттiктiң қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және басқа да бақылау органдары олардың құзыретi шеңберiнде жүзеге асырады. 
     14. Агенттiктi қайта ұйымдастыру мен тарату қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 7 ақпандағы      
N 169 қаулысына          
қосымша              

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
       жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорынды
           қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң
                       ҚҰРЫЛЫМЫ

     1. Басшылық
     2. Қаржы-экономикалық талдау басқармасы
     3. Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру процедуралары және
тарату басқармасы
     4. Төлем жасау қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация
беру жөнiндегi орталық
     5. Заң бөлiмi
     6. Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлiмi
     7. Қаржы-шаруашылық бөлiмi 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады