1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi iшкi республикалық есептеменiң қорытындысы бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге берiлген Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң шұғыл айналыстағы вексельдерi мен вексельдiк мiндеттемелерi 1996 жылдың 1 ақпанына дейiн 1000 теңгеге тең бастапқы құны бойынша қазынашылық облигацияларға айналдырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған сома шеңберiнде, оларды шығарудың шарттарына сәйкес қазынашылық облигациялардың 1996 жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмей уақытылы өтеуiн қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi