Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 ақпандағы N 200

      Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының 1996 жылғы 17 қаңтардағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне төлем

жасауға қабiлетi жоқ кәсiпорындарды беру туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656
 

P950656_

  қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 
194-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлетiн
төлем жасауға қабiлетi жоқ кәсiпорындардың тiзбесi мыналармен
толықтырылсын:
     "Карбид" АҚ, Қарағанды облысы
     "Каршахтастрой" АҚ, Қарағанды облысы
     "Кустанайасбест" АҚ, Қостанай облысы
     "Петропавл шағын литражды двигательдер зауыты" АҚ, Солтүстiк
Қазақстан облысы.
     "Металлист"зауыты" АҚ, Батыс Қазақстан облысы.
     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жоғарыда аталған акционерлiк
қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену, пайдалану және
басқару құқықтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi
банкiне берсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады