Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 21 ақпандағы N 224

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 8 желтоқсандағы N 2674 U952674_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үкiмет байланыстары бөлiмшелерi мен әскерлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметiнiң басқаруына беруге байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 P960053_ қаулысының 1-қосымшасына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      "Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" атты 1-бөлiмде 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң:
      "Құқық қорғау органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар" деген

 

6-тармағындағы "19647650" саны "19408874" санымен, "2394190" саны

"2155414" санымен алмастырылсын;

     "Басқа да шығыстар" атты 10-тармақтағы "2052460" саны "2291236"

санымен алмастырылсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады