Қазақстан Республикасы Үкiметi жұмысының РЕГЛАМЕНТI

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 ақпан N 226. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.03. N 1050 қаулысымен. ~P971050

 

                                       Қазақстан Республикасы



                                            Үкiметiнiң

                                      1996 жылғы 22 ақпандағы

                                          N 226 қаулысымен

                                           БЕКIТIЛГЕН



 
 
       I. Республика Үкiметiнiң мемлекеттiк органдармен өзара
         қарым-қатынасының жалпы мәселелерi
 
             Қазақстан Республикасы Президентiмен қарым-қатынас
 
      1. Республика Үкiметi:
      Үкiмет Бағдарламасы мен iс-қимыл жоспарларының, Президенттiң тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы Республика Президентiн хабардар етiп отырады;
      Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауына бақылауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық, экологиялық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды Республика Президентiнiң бекiтуiне ұсынады.
      2. Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспарын келiседi.
 
             Қазақстан Республикасы Парламентiмен қарым-қатынас
 
      3. Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығына құқығы бар, ол тек Парламент Мәжiлісiнде iске асырылады. Заң актiсiнiң жобасын енгiзу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару арқылы қабылданады.
      4. Республика Үкiметi:
      Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауына бақылауды жүзеге асырады;
      Парламентке республикалық бюджеттi және оның орындалуы туралы есептi ұсынады;
      мемлекеттiк кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттiк шығыстарды көбейтудi көздейтiн Республика заңдарының жобалары бойынша қорытындылар бередi;
      Парламент депутаттарының сұрау салуына жауап бередi.
 
             Министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен,
              Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы
                   органдармен қарым-қатынастар
 
      5. Республика Үкiметi:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды, олардың заңдарды, Республика Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауына бақылау жасайды;
      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар туралы ережелердi, олардың құрамын, алқасының адам санын, олардың орталық аппараты мен аумақтық органдарын ұстауға республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржының мөлшерiн бекiтедi;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Үкiмет

 

құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың актiлерiнiң толық

немесе iшiнара күшiн жояды немесе тоқтатады;

     Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың

басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

     министрлердiң, мемлекеттiк комитеттер төрағаларының және Үкiмет

құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы

бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды немесе

қызметтен босатады.


            Республика ведомстволарымен қарым-қатынас


     6. Республика Үкiметi:

     ведомстволардың қызмет аясын, өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiгiн

айқындайтын нормативтiк актiлердi шығарады;

     ведомстволарды ұстауға республикалық бюджеттен бөлiнетiн

қаржының мөлшерiн айқындайды;


 
       тиiстi министрлердiң, мемлекеттiк комитеттер төрағаларының және Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша Республика ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды немесе қызметтен босатады.
 
             Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынас
 
      7. Республика Үкiметi:
      Республиканың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi қызметiн жүзеге асырады, олардың заңдарды, Республика Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды және Үкiмет мәжiлiстерiнде олардың есебiн тыңдайды;
      жергiлiктi атқарушы органдардың актiлерiнiң күшiн толық немесе iшiнара жояды немесе тоқтатады, оларды жою немесе тоқтату туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi.
 
             II. Жұмысты жоспарлау
 
      8. Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерiнде қарауға арналған мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Аппарат бөлiмшелерiнiң ұсыныстары бойынша кезектi тоқсаннан бiр ай бұрын Үкiмет Кеңсесi құрады. Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерiнде қарауға арналған мәселелердiң тiзбесi Үкiмет қаулысымен бекiтiледi.
      Қаралатын мәселелердiң бекiтiлген тiзбесi Үкiмет мүшелерiне, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне, Аппарат пен бөлiмдердiң басшыларына, басқа ұйымдарға Аппарат Басшысымен келiсiлген тiзiм бойынша жөнелтiледi.
      9. Жоспарланған мәселенi алып тастауды немесе оны неғұрлым кейiнгi мерзiмге ауыстыруды Аппарат Басшысы орындаушы бөлiм беретiн анықтаманың негiзiнде жүзеге асырады.
 
             III. Үкiметтiң және Үкiмет Төралқасының мәжiлiстерiн
                  әзiрлеу мен өткiзу мәселелерi
 
      10. Үкiмет мәжiлiстерi айына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оны Республика Премьер-Министрi не Президентi шақырады.
      Үкiмет мәжiлiстерiнде Премьер-Министр, ал ол болмағанда мiндеттер бөлуге сәйкес Премьер-Министрдiң орнын басушы Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет аса маңызды мәселелердi қарағанда оның мәжiлiстерiнде Республика Президентi төрағалық етедi.
      Үкiмет мәжiлiсi оған үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқанда заңды деп танылады. Үкiмет мүшелерi оның мәжiлiстерiнде оларды ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      Үкiмет мәжiлiстерi ашық болып табылады. Республика Президентiнiң не Премьер-Министрiнiң бастамасы бойынша жабық мәжiлiстер өткiзiлуi мүмкiн.
      Үкiмет шешiмдерi мәжiлiске қатысушылардың көпшiлiк дауысымен қабылданады және Республика Үкiметiнiң қаулыларымен ресiмделедi.
      11. Үкiмет Төралқасы мәжiлістерiнiң мерзiмдiлiгiн және күн тәртiбiн Республика Премьер-Министрi айқындайды.
      Үкiмет Төралқасының мәжiлiстерiнде Республика Премьер-Министрi, ал Премьер-Министр болмаған жағдайда не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi.
      Үкiмет Төралқасының шешiмдерi Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерiмен ресiмделедi.
      12. Үкiмет мәжiлiстерiнде оның мүшелерiнен басқа Аппарат Басшысымен келiсiлген тiзiм бойынша, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, өзге орталық атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың басшылары мүдделi мәселелер бойынша сондай-ақ Парламент комитеттерiнiң басшылары қатысады: Үкiмет Төралқасының мәжiлiстерiне - Төралқа мүшелерi мен Үкiмет Аппараты бөлiмдерi меңгерушiлерiнiң ұсынуы бойынша шақырылған адамдар қатысады.
      Үкiмет мен оның Төралқасының мәжiлiстерiне сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары мен Президент Әкiмшiлiгiнiң басқа да қызметкерлерi қатыса алады.
      13. Қарауға арналған материалдарды орындаушы бөлiм мәжiлiстен кемiнде үш күн бұрын енгiзедi. Кеңсе күн тәртiбiн жасайды және оған Аппарат Басшысы қол қойылғаннан кейiн үкiмет мүшелерi мен бөлiмдерге хабарлайды. Күн тәртiбi және қажет болған жағдайда басқа материалдарды Кеңсе:
      - Президентке, Парламент Палаталарының төрағаларына, Үкiмет мүшелерiне, Үкiмет Аппараты Басшысының орынбасарларына, құжат жобаларын әзiрлеген басқа орталық атқарушы органдарға, қажет болған жағдайда Парламент комитеттерiнiң төрағаларына жөнелтедi.
      Шешiмдердiң барлық жобалары мен оларға қатысты материалдар мәжiлiс аяқталған соң Кеңсеге қайтаруға жатады.
      14. Үкiмет пен оның Төрағасының мәжiлiстерiне материалдар әзiрлеуде мынадай талаптар орындалуы тиiс:
      Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiсiнде қарауға енгiзiлетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары мүдделi бөлiмдер мен орталық атқарушы органдармен келiсiледi және оларға орындаушы, тиiстi бөлiм меңгерушiсi, сондай-ақ Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi, салаға Премьер-Министрдiң жетекшiлiк ететiн орынбасары, мiндеттер бөлу бойынша аппарат Басшысының орынбасарлары және Аппарат-Басшысы виза қояды;
      жобалар (қазақ және орыс тiлiнде) және анықтама екi интервалмен басылған 5 бет мәтiннен аспауға тиiс;
      белгiлi бiр мәселе бойынша жобаның, анықтаманың және келiсу парағының тақырыптары бiрдей болуға тиiс;
      Президент төрағалық еткен Үкiмет мәжiлiстерiнде қаралған жобалар Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi бөлiмдерiмен келiсуге жатады;
      Үкiмет пен оның Төралқасында қарауға енгiзiлетiн Президент актiлерiнiң жобалары, егер оларды орталық атқарушы органдар әзiрлесе, мынадай тәртiппен ұсынылады:
      бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған iлеспе хатқа құжатты қабылдаудың қажеттiлiгiнiң негiздемесi баяндалған және қажеттi экономикалық есептерi бар, жұмыс тобының құрамы көрсетiлген анықтама, жобаны орталық атқарушы органдар басшыларымен келiсу парағы, баяндамашылардың аты-жөнi,
      жұмыс орны мен лауазымы көрсетiлген тiзiм, сондай-ақ мәселенi қарауға шақырылғандардың тiзiмi қоса берiледi;
      талқыланатын мәселелер бойынша мәжiлiске шақырылғандардың тiзiмiн орындаушы бөлiм айқындап, нақтылайды. Шақырылғандардың бөлiм меңгерушiсi қол қойған тiзiмi (аты-жөнi, лауазымы) жобалармен бiрге мәжiлiстен үш күн бұрын Кеңсеге берiледi;
      Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерiнде облыс әкiмдерiн, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын шақыру атқарушы бөлiм әзiрлеген және Аппарат Басшысы, ал ол болмай қалғанда оның орнындағы адам қол қойған жеделхат арқылы жүргiзiледi.
      15. Мәжiлiске енгiзiлген Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша келiспеушiлiктер пайда болған жағдайларда оларды тиянақтауға тапсырма берiледi, атқарушы бөлiм 2 күн мерзiм iшiнде Үкiмет Кеңсесiне Заң бөлiмiмен келiсiлген тиiстi тапсырмалардың орындаудың нақты мерзiмдерi көрсетiлген хаттамалық шешiмнiң жобасын ұсынады.
      16. Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерiнде хаттама жүргiзiледi, онда қатысып отырған лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердiң атауы, баяндамашылар мен талқылау кезiнде сөз сөйлегендердiң фамилиялары көрсетiледi. Қажет болған жағдайда мәжiлiс магнитофонға (диктофонға) жазылады.
      Хаттамалар бiр данадан басылады, 5 күн мерзiмде ресiмделедi және оған Премьер-Министр, ал қосымшаларға Кеңес Бастығы қол қояды.
      Үкiмет пен оның Төралқасы мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға реттiк нөмiрлер берiледi. Хаттамалар Парламенттiң екi Палатасына да, Үкiмет Төралқасының мүшелерiне, Аппарат Басшысының орынбасарларына, Президент Кеңсесiнiң Бастығына, Премьер-Министр мен Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасарларының кеңесшiлерiне, Аппарат бөлiмдерiне, мәжiлiсте тиiстi тапсырмалар берiлген орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға жөнелтiледi.
      Үкiмет пен оның Төралқасы мәжiлiстерiнiң хаттамалары қажет болмағанда жер-жерлерде актi бойынша жойылады.
      Үкiмет пен оның Төралқасы мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалар), сондай-ақ оларға қатысты материалдар (оның iшiнде диктофон жазбалары) Үкiмет Кеңсесiнде сақталады.
 
          IV. Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi
                   өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу, ресiмдеу
                           және жөнелту тәртiбi
      17. Шұғыл қарауды талап ететiн Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобаларын республиканың орталық атқарушы органдары әзiрлейдi. Жобаларды белгiленген тәртiппен аппараттың тиiстi бөлiмдерi Республика Премьер-Министрi орынбасарларының басшылығымен енгiзедi.
      Үкiмет пен оның Төралқасы мәжiлiстерiнде Үкiмет мүшелерi Төралқа мүшелерiнiң қарауына Үкiметтiң шұғыл шешiмiн талап ететiн мәселелердi енгiзе алады.
      Үкiмет шешiмдерi жобаларының сапасы, олардың дер кезiнде әзiрленуi мен ұсынылуы үшiн орталық атқарушы органдар басшылары, Аппараттың тиiстi бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi жеке жауап бередi.
      18. Үкiмет шешiмдерi қазақ және орыс тiлдерiнде берiледi, мүдделi бөлiмдермен, министрлiктермен және ведомстволармен келiсiледi, оларға орындаушы, тиiстi бөлiмнiң, Заң бөлiмiнiң меңгерушiлерi, Үкiмет Төралқасының мүшелерi, мiндеттер бөлу бойынша Аппарат Басшысының орынбасарлары, Аппарат Басшысы виза қояды.
      Төралқа мүшелерiнiң дауыс беру процедурасын орындаушы бөлiм жүргiзедi.
      19. Республика Премьер-Министрi өкiмiнiң жобалары қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады, мүдделi бөлiмдермен , орталық атқарушы органдармен келiсiледi, оларға орындаушы, тиiстi бөлiмнiң, сондай-ақ Заң бөлiмiнiң меңгерушiлерi, Премьер-Министрдiң салаға жетекшiлiк ететiн орынбасары, мiндеттер бөлу бойынша Аппарат Басшысының орынбасарлары, Аппарат Басшысы виза қояды.
      20. Әзiрленген қаулы, өкiм жобасына орындаушы анықтама жазады, онда мәселенiң қысқаша мазмұны және осы шешiмдi қабылдаудың негiздемесi баяндалуға тиiс, құжат жобасын келiсу парағы толтырылады, оған орындаушы виза қойып және бөлiм меңгерушiсi қол қояды.
      Құжат жобасы осы Регламент талаптарын бұза отырып әзiрленген жағдайда Кеңсе оны пысықтауға қайтарады.
 
          V. Премьер -Министр мен оның орынбасарлары
             өткiзетiн кеңестердiң хаттамаларын әзiрлеу
 
      21. Премьер-Министр мен оның орынбасарлары өткiзетiн кеңестердiң, оның iшiнде селекторлық кеңестердiң хаттамаларын, сондай-ақ Үкiмет комиссиялары мәжiлiстерiнiң хаттамаларын Аппараттың тиiстi бөлiмдерi әзiрлейдi және қажет болған жағдайда орындаушыларға жөнелтiледi.
      Хаттамаға орындаушы бөлiм мен Заң бөлiмi виза қойған соң кеңестi өткiзген адам қол қояды.
      Хаттамаларға нөмiрлердi орындаушы бөлiм өз индексi бойынша бередi.
      Хаттаманың қол қойылған данасы мен оған қатысты материалдар бөлiм iс қағаздарында болады.
 
          VI. Республика Үкiметi енгiзетiн Қазақстан Республикасы
                  Президентi актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу
      22. Үкiмет енгiзетiн Республика Президентi актiлерiнiң жобаларын Республика Премьер-Министрi орынбасарларының басшылығымен орталық атқарушы органдар, Үкiмет Аппаратының тиiстi бөлiмдерi немесе мәселенi дайындау жоспарында оны құру көзделген жұмыс тобы әзiрлейдi.
      23. Республика Президентi актiлерiнiң жобаларына орындаушы, тиiсті бөлiмнiң, Заң бөлiмiнiң меңгерушiлерi, Премьер-Министрдiң салаға жетекшiлiк ететiн орынбасары, Аппарат Басшысы, Премьер-Министр виза қояды. Республика Президентi актiсiнiң жобасына Республика Премьер-Министрi немесе оның орнындағы адам қол қойған iлеспе хат қоса берiледi.
      24. Орталықатқарушы органдар әзiрлеген Республика Президентi актiлерiнiң жобалары Үкiмет Аппаратының тиiстi бөлiмiне қазақ және орыс тiлдерiнде берiледi. Бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған iлеспе хатқа құжатты қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесi, оның iшiнде қаржылық негiздемесi баяндалған анықтама, Президенттiң осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актiлерiнiң тiзбесi, олардың орындалуы туралы анықтама, қажет болған жағдайда әлеуметтiк саяси талдаудың нәтижелерi және актiнi қабылдаудан күтiлетiн нәтижесiнiң болжамы, сондай-ақ жұмыс тобының құрамы көрсетiлген барлық мүдделi орталық атқарушы органдармен келiсу парағы, жөнелту көрсеткiшi қоса берiледi.
      25. Республика Президентiнiң Үкiмет арқылы iске асыруды талап ететiн актiлерiнiң жобаларына Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмiнiң жобалары әзiрленедi.
      26. Осы Регламентте белгiленген келiсу процедурасы мен Президент актiлерiнiң орталық атқарушы органдар ұсынатын жобалары бойынша қорытындыларды Аппарат бөлiмдерi, егер басқа мерзiмдер алдын ала айтылмаса, онда он күннен аспайтын мерзiмде әзiрлейдi.
 
          VII. Үкiметтiң заң жобалары бойынша жұмыс жоспарына
                 енгiзiлген заң жобаларын әзiрлеу тәртiбi
      27. Белгiлi бiр заң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi Республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының ұсыныстарын Әдiлет министрлiгi Республика Үкiметiне енгiзедi, ол қарап, қорытындылаған соң заң жобасы жұмыстарының тiзбесiне қосу үшiн Парламент Мәжiлiсiне жiбередi.
      28. Заң жобасы жұмыстарының тiзбесiне және осы мәселелерi бойынша Республика Парламентi қабылдаған шешiмдерге сүйене отырып, республиканың орталық атқарушы органдары белгiленген мерзiмде Республика Үкiметi заң жобаларын қазақ және орыс тiлдерiнде әзiрлеп, ұсынады.
      Заң жобаларының сапасы, әзiрлеу мен ұсынылуының уақтылы болуы үшiн орталық атқарушы органдардың басшылары, Үкiмет Аппаратының тиiстi бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi жеке жауап бередi.
      29. Заң жобаларын Әдiлет министрлiгiмен, Аппарат Басшысының орынбасарымен, Аппараттың Заң бөлiмiмен, сондай-ақ:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгiн басқару мәселелерi бойынша - Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен;
      экономика салаларының баланстылығын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша - Экономика министрлiгiмен;
      баға түзудiң монополияға қарсы және мемлекеттiк саясатын сақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша - Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен;
      қаржы және кредит-ақша саясаты мәселелерi бойынша - Қаржы министрлiгiмен және Ұлттық Банкпен келiскеннен кейiн Республика Үкiметiнiң қарауына енгiзiледi.
      Бұған қоса жекелеген заң жобалары бойынша экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық және өзгеде де сараптамалар актiлерi берiледi.
      Жобалардың келiсу мерзiмi, егер Үкiмет басқа мерзiм белгiлемесе, он күннен аспауға тиiс.
      30. Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен әзiрленген заң жобалары Конституция мен заңдарда Мемлекет басшысының өкiлеттiгiне жатқызылған мәселелердi қозғаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсуге жатады.
      31. Республика Үкiметiнiң қарауына заң жобасымен және тиiстi негiздемелермен бiрге келiп түскен ескертулер, сараптаулардың қорытындылары, Парламенттiң заң жобасын күшiне енгiзу туралы қаулысының жобасы, сондай-ақ оны нақты жүзеге асыру тетiгi туралы ұсыныстар қоса берiледi.
      32. Үкiмет Парламентке енгiзетiн заң жобалары Үкiметтiң не оның Төралқасының мәжiлiсiнде мiндеттi талқылауға жатады. Заң жобасын талқылау құжатты әзiрлеушiнiң, Үкiмет Аппаратының тиiстi бөлiмдерiнiң өкiлдерiнiң, сарапшыларының мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi, Сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
      Заң жобасын қараудың нәтижелерi бойынша Үкiмет қаулысы қабылданады не тиiсiнше Премьер-Министрдiң өкiмi қабылданады, осы арқылы заң жобасы Парламент Мәжiлiсiне жiберiлуi немесе пысықтауға қайтарылуы мүмкiн. Қаулының орындалуына Үкiмет Аппараты белгiленген тәртiппен бақылау жасайды.
 
          VIII. Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерiн
                     жариялау тәртiбi
 
      33. Қол қойылған құжаттарды ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы шешiмдi Үкiмет Аппаратының Басшысы немесе оның орынбасарлары қабылдайды. Үкiметтiң жариялауға жататын актiлерiн Кеңсе қазақ және орыс тiлдерiнде ҚазТАГ-қа жiбередi.
      34. Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерi, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары, Аппарат жүргiзетiн шаралар туралы басқа ресми материалдарды Үкiметтiң Баспасөз қызметi әзiрлейдi.
      35. Мемлекеттiк немесе заңмен арнайы қорғалатын өзге құпиялар бар актiлер жариялауға жатпайды. Бұл ретте құжаттарға құпиялылығы туралы белгi қойылады және олар қолданылатын ұйымдар мен азаматтарға белгiленген тәртiппен жеткiзiледi.
      Мұндай актiлердiң мазмұны басылымдарда белгiленген тәртiппен шығарылуы мүмкiн.
      36. Үкiмет қаулылары Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағында жарияланады.
 
          IХ. Бақылау мен орындалуын тексерудi ұйымдастыру тәртiбi
 
          Республика Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, өкiмдерiнiң,
           Үкiметтiң басқа шешiмдерi мен келiсiмдерiнiң орындалуына
                           бақылау жасау туралы
      37. Бақылауға Республика Президентiнiң Үкiметке тапсырма берiлген актiлерi, бекiту немесе өкiм беру сипатындағыларын қоспағанда, Үкiмет пен оның Төралқасының қаулылары, Премьер-Министрдiң өкiмдерi, Парламент шығарған Үкiметке тапсырма берiлген актiлер мен мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдер бақылауға алынады.
      38. Республика Президентi актiлерiнiң, Үкiмет пен оның Төралқасының шешiмдерi мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерiнiң, Парламент шығаратын актiлердiң, мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердiң орындалуына жауапкершiлiк жобаны әзiрлеген немесе өздерiне орындауға жiберiлген Үкiмет Аппараты бөлiмдерiнiң, министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң басшыларына жүктеледi.
      39. Республика Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң, Парламент шығаратын Үкiметке қатысты актiлердiң, мемлекетаралық және үкіметаралық келiсiмдердiң орындалу мерзiмiне бақылауды Үкiмет Кеңсесi жүргiзедi.
      Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлетiн заң жобаларын әзiрлеу мерзiмiне бақылауды Үкiметтiң заң жобалары бойынша жұмыс жоспарында көрсетiлген Аппарат бөлiмдерi жүзеге асырады.
      40. Республика Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде, басқа директивтiк құжаттарында бiрнеше бөлiмнiң қарауындағы мәселелер қойылса, шешiмдi әзiрлеген орындаушы үш күн мерзiмде басқа бөлiмдер орындауға тиiстi пункттердi көрсете отырып тапсырма жобасын жасайды, бұл жөнiнде олармен келiседi және Аппарат Басшысы орынбасарларының бекiтуiне ұсынады. Қол қойылған тапсырманың көшiрмелерi онда көрсетiлген бөлiмдерге және Кеңсеге жiберiледi.
      Республика Президентiнiң шешiмдерi бөлiмдердiң қатысуынсыз қабылданатын жағдайда орындаушыны Аппарат Басшылығы белгiлейдi.
      Құжаттың орындалуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң орынбасарына жүктелген жағдайда орындаушының Премьер-министрдiң орынбасары белгiлейдi.
      41. Бақылаудағы құжат бойынша оның орындалу барысы туралы орындаушы белгiленген мерзiмде Премьер-Министрдiң немесе Премьер-Министр орынбасарының атына бөлiм меңгерушiсi қол қойған ақпараты дайындайды.
      42. Құжатты әзiрлеудiң нақты мерзiмдерi көрсетiлмеген жағдайда орталық атқарушы органдарға бiр ай орындау мерзiмi белгiленедi, ол құжат түскен күннен бастап есептеледi.
      Орталық атқарушы органдардан материалдар түскеннен кейiн бөлiмге оны түпкiлiктi әзiрлеуiне екi апта мерзiм белгiленедi.
      Мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердi iске асырудың мерзiмдерiн Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң ұсынуы бойынша Үкiмет Аппаратының Басшысы белгiлейдi.
      43. Құжатты орындау мерзiмi Үкiмет Кеңсесi басшылығының визасы қойылған орындаушы бөлiмнiң ақпараты бойынша Премьер-Министрдiң, Премьер-Министрдiң орынбасарларының және Үкiмет Аппараты Басшысының қарарларымен ұзартылады.
      Президенттiң Үкiметке қатысты актiлерiн орындау мерзiмiн ұзарту мәселелерiн Президент Әкiмшiлiгi қарайды.
      44. Тиiстi құжат орындаушы бөлiмнiң оның орындалғаны туралы ақпараты, анықтамасы бойынша немесе Үкiметтiң Президент актiлерiн жүзеге асыру жөнiнде не Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн дамыту үшiн қабылданған қаулыларының негiзiнде Премьер-Министрдiң, Премьер-Министрдiң орынбасарларының қарарларымен бақылаудан алынады. Мұндай тәртiп құжаттарды бөлiмнiң жұмыс бақылауына ауыстырған кезде белгiленедi.
      Мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердегi тапсырмалар белгiленген тәртiппен Сыртқы байланыстар бөлiмi әзiрленген жоспар-кестеге сәйкес бақылаудан алынады.
 
          Президенттiң, Премьер-Министрдiң, Премьер-Министр
         орынбасарларының және Аппарат Басшысының тапсырмасы
          бар құжаттардың орындалуына бақылау жасау туралы
 
      45. Республика Президентiнiң, Премьер-Министрiнiң, Аппарат Басшысының тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау оларды орындауға жiберiлген бөлiмдерге жүктеледi.
      Құжаттар қарарда көрсетiлген мерзiмде немесе бөлiм алған күннен бастап екi апта мерзiмде орындалады.
      Егер құжат белгiленген мерзiмде орындалмайтын болса, онда бөлiм кiдiрту себептерi туралы жазбаша хабарлап, кейiнге қалдыру туралы өтiнiшiн негiздеуге тиiс. Құжатты орындау мерзiмiн тапсырма берген басшы ұзарта алады.
      46. Тапсырманы бақылаудан алу Басшылықтың рұқсатымен жүзеге асырылады. Бұл үшiн бөлiм меңгерушiсi қарарға қол қойған басшының атына атқарылған жұмыс және тапсырманы бақылаудан алудың дәлелдерi туралы ақпарат бередi.
 
               Х. Республика Үкiметiнiң кадр мәселелерi
 
      47. Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Республика Президентiнiң Жарлығында көзделген Үкiметтiң кадр мәселелерi Республика Үкiметi белгiлейтiн кадрлар жөнiндегi шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
 
      Премьер-Министр орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына сондай-ақ олардың кеңесшiлерi де бақылау жасайды.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады