Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. 1995 жылғы 27 желтоқсанда Иерусалимде қол қойылған Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетi Үкiметiнiң арасындағы Келiсiм бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы Келiсiмнiң бекiтiлгенi туралы Израиль тарабын хабардар етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiм Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi, ауыл шаруашылығы саласындағы даму екi ел үшiн өзара тиiмдi болатынын ескере отырып, ауыл шаруашылығында және соған жақын салаларда ынтымақтастықты нығайтуды көздей отырып,
мұндай ынтымақтастықтың қазiргi кезден бар достық қатынастардың
өрiстеуiне бұдан былай да көмегiн тигiзетiнін мойындай отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi: 1-бап. Агротехнология, өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнiмiн сақтау және қайта өңдеу салаларын қоса алғанда, Тараптар ауыл шаруашылығында ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады. Бұл жерде ынтымақтастықтың мына келесi бағыттарына және салаларына ерекше маңыз берiлетiн болады: - өсiмдiк шаруашылығы және оның диверсификациясы; - ирригациялық технологиялар және жүйелер; - сүттi мал шаруашылығы және қой шаруашылығы; - мал азықтандырудың әдiстерi мен технологиясы; - құс шаруашылығы; - өсiмдiктер мен малды қорғау құралдары, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасын арттыру;
- генетикалық материалмен алмасу және әр түрлi экожүйелерде ауыл
шаруашылығы дақылдарының соттарын сынауды жүргiзу; - ауыл шаруашылығы өнiмiн сақтаудың жүйелерi мен технологиялары; - мал дәрiгерлiгi қызметiндегi диагностика және профилактика; - ауыз суды, әсiресе ауылдық жерлерде, алудың жүйелерi және технологиялары; - қалалық сумен жабдықтау және ағынды сулардың қалдықтарын қайта өңдеу; - жоғары сапалы отырғызу материалдарын шығаруға арналған генетикалық жүйелер және технологиялар; - ауруға төзiмдi көшеттердi, тұқымдардың өндiрiсiн және олардың маркетингiн қоса алғанда, генетикалық алмасу; - ауыл шаруашылығы өнiмiн көтерме және бөлшек саудада сатуға әзiрлеу үшiн жүйелер және технологиялар; - орманды қорғау және қоршаған ортаны сауықтыру жүйесi; - сор топырақты қалпына келтiру және жақсарту; - тәжiрибе-оқыту шаруашылықтарын белгiлеу; - екi елдiң кез келгенiнде семинарларды, конференцияларды, кездесулердi ұйымдастыру және өткiзу;
- рынокқа бағытталған фермалар және ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау, қайта өңдеу, жеткiзу және маркетинг жөнiндегi кiшi аймақтық жобаларды дамыту жөнiндегi үш жақты ынтымақтастық (үшiншi донор-елдермен немесе халықаралық қаржыландыру ұйымдарымен);
- сыртқы және iшкi рыноктарда ауыл шаруашылығы өнiмiнiң маркетингiн қоса алғанда, екi елдiң мемлекеттiк және жеке секторында бiрлескен кәсiпорындарды құруды көтермелеу.
2-бап
1-бапта көзделген ынтымақтастықты және қажеттi байланыстарды қамтамасыз етудi жүзеге асыру мақсатында әр тараптың 4 өкiлiнен тұратын Бiрлескен комиссия құрылады. Комиссия екi жылда бiр рет кезекпен Алматыда және Иерусалимде дипломатиялық арналар бойынша күнi бұрын айтылған мерзiмдерде жиналатын болады. Бiрлескен комиссия қызметтiң жалпы бағытын, қол жеткiзген жетiстiктердiң шолуы, ынтымақтастықтың қаржылық аспектiлерiн қамтамасыз ету және белгiлеу жөнiндегi iс-шараларды қамтитын, таяу кезеңге жұмыс жоспарын әзiрлейдi. Өткен кезеңдегi ынтымақтастықта қол жеткен нәтижелер Комиссияның әрбiр мәжiлiсiнде қаралады және кездесудiң хаттамасында белгiленедi.
3-бап
Тараптар ынтымақтастықтың осы Келiсiмнiң 1-бабында аталған бағыттары мен салаларын iс жүзiнде жүзеге асыру үшiн сол салалардағы мамандармен алмасатын болады. Мамандардың iссапарына байланысты шығындарды жiберушi тарап өз мойнына алады, ал олардың ел iшiнде жүрiп-тұруына, өмiр сүруiне және тамағына байланысты шығындарды,
қабылдаушы тарап төлейдi. Қабылдаушы тарапқа жiберушi тарап бұл мамандардың келетiнi туралы, олардың келуiне дейiн, бiр ай бұрын хабарлауға тиiс. 4-бап Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Израиль Мемлекетiнiң Ауыл шаруашылығын дамыту министрлiгi үйлестiрушi органдардың мiндетiн атқаратын болады. 5-бап
Осы Келiсiм 5 жыл бойында қолданыста болады және Тараптар тиiстi iшкi мемлекеттiк процедураларды олардың орындағаны туралы соңғы дипломатиялық нотаны алған күннен бастап күшiне енедi.
6-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Егер осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiн 6 ай бұрын Тараптардың бiрде бiрi оның күшiн тоқтататыны туралы жазбаша мәлiмдеме бермесе, ол өздiгiнен тағы 5 жылға созылады. Осы Келiсiмнiң күшi тоқтатылған жағдайда оның шарттарына сәйкес ертерек басталған қызмет аяқталуға тиiс.
Иерусалимде 1995 жылғы 27 желтоқсанда, бұл 5756 жылдың 4 tevet күнiне сәйкес келедi, әрқайсысы қазақ, иврит, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалады, сондай-ақ барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң мәтiндерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы болған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн басым болады. Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн