1. "Donnadale Limited" фирмасын басқару құқығына арналған тендер жеңiмпазын жариялау және оны Шымкент қаласындағы "Химфарм" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқаруға беру туралы кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесiн оңтайландыру мақсатындағы 1996 жылғы 27 ақпандағы конкурс комиссиясының хаттамасы бекiтiлсiн.
"Химфарм" акционерлiк қоғамының басқармасы осы қаулы қабылданған сәттен бастап "Donnadale Limited" фирмасының жазбаша келiсiмiнсiз өнiм сатуға шарт жасауды тоқтатсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Donnatale Limited" фирмасымен "Химфарм" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару туралы шарт жасау тапсырылсын, онда мыналар:
тараптардың мiндеттемесi мен кепiлдiгi (осы қаулыны қабылдағанға дейiн жасасылған мәмiлелердi реттеудi ескере отырып);
"Donnatale Limited" фирмасының кәсiпорын қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi орындамаған жағдайда шартты бiртараптан бұзу мүмкiндiгi;
кәсiпорын акцияларын бiрiншi кезекте сатып алуға ол жекешелендiрiлген жағдайда фирма басқармаларының құқығы;
басқару туралы келiсiм шарттарының орындалуына пәрмендi бақылау жасауды қамтамасыз ету жүйесi;
басқа да қажеттi шарттар көзделсiн.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасына аталған шартқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi "Химфарм" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару туралы келiсiм шарттарының орындалуына бақылау жасау жөнiндегi Қазақстан Республикасының өкiлi болып тағайындалсын және оған осы қаулыны жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жүктелсiн.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi он күн мерзiм iшiнде осы қаулыға қайшы келетiн үкiмет шешiмдерiнiң күшiн жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi