Қазақстан Республикасы Конституциясының, әрбiр азаматтың қай ұлтқа жататындығын көрсету немесе көрсетпеу құқығын айқындайтын, 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 256 P930256_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-бап) бекiтiлген Қазақстан
Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ережеге мынадай өзгертулер мен
толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бәрiне" сөзi алынып тасталсын;
3-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда берiлсiн:
" - ұлты (паспорт иесiнiң қалауы бойынша көрсетiледi) және
азаматтығы";
4-тармақтың бесiншi абзацы "(жеке куәлiк иесiнiң қалауы бойынша
көрсетiледi)" сөздерiмен толықтырылсын;
11-тармақтың екiншi және бесiншi тармақтары алынып тасталсын;
24-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi