Қазақстан Республикасы өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 7 наурыз N 285. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 2774 U962774_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Қорғанысөнеркомы) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшiн қорғаныстық және қос қолданыстағы арнаулы өнiмдердi әзiрлеу мен өндiруге қатысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мен үйлестiру функцияларын қамтамасыз ету жөнiндегi салааралық ведомство және өкiлеттi орган болып табылады, арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ республиканың қорғаныс өнеркәсiбiне басшылықты дербес жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      2. Қорғанысөнеркомы:
      қаржы, мүлiк және функциональдық мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң құқықтық мұрагерi;
      "Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөнiндегi Үкiмет комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1280 P951280_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөнiндегi Үкiмет комиссиясының жұмысшы органы;
      "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 наурыздағы N 338 P950338_ қаулысына сәйкес әскери-техникалық құралдар мен қос қолданыстағы өнiмдерге экспорттық бақылау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комиссиясының атқарушы органы болып саналсын.
      3. Қорғанысөнеркомына мынадай негiзгi мiндеттер жүктелсiн:
      қару-жарақ пен әскери техника, қос қолданыстағы өнiмдердi әзiрлеу мен өндiру саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      қорғаныс кәсiпорындарын конверсиялау саласында өнеркәсiп саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
      мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес қорғаныс кешенi өнiмдерiн сатып алу мен жеткiзуде мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыруға қатысу;
      қорғаныс өнеркәсiбiнде жұмылдыру қуаттарын құру, дамыту мен сақтау бойынша жұмылдыру жоспарлары мен тапсырмаларын орындауға қатысу;
      шетел ведомстволарымен, компанияларымен, кәсiпорындарымен әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша ғылыми-техникалық, өндiрiстiк, кооперациялық байланыстар орнату;
      жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөнiндегi, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы шектеу, өндiрудi қысқарту және оларды жою жөнiндегi халықаралық шарттарды, келiсiмдер мен мiндеттемелердi жүзеге асыруға өз құзыретiнiң шегiнде қатысу;
      қару-жарақ пен әскери техниканы өндiру, сату және сатып алуда экспорттық-импорттық бақылауға қатысу.
      4. Қорғанысөнеркомына өзiне жүктелген құзыретi шегiнде барлық орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге шешiмдер қабылдап, оның орындалу барысында бақылау жасау құқығы берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет туралы ереженiң жобасын енгiзсiн.
      6. Қосымшаға сәйкес Қорғанысөнеркомы аппаратының құрылымы бекiтiлсiн.
      7. Қорғанысөнеркомы аппараты қызметкерлерiнiң шектi штаттық саны 32 адам болып белгiленсiн (ғимаратты күзету және қызмет көрсету жөнiндегi қызметкерлерсiз).
      8. Қорғанысөнеркомы төрағасы мен оның орынбасарларының лауазымы медициналық және көлiктiк қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң тиiстi лауазымдарына теңестiрiледi деп белгiленсiн.
      9. Қорғанысөнеркомына төрағаның екi орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын ұстауға рұқсат берiлсiн.
      10. Қорғанысөнеркомы төрағасына бекiтiлген құрылым, саны мен еңбекақы төлеу қоры шегiнде штат кестесiн бекiту құқығы берiлсiн.
      11. Қорғанысөнеркомы аппаратын ұстау шығынын қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджетiнде көзделген мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырылсын.
      12. Қорғанысөнеркомы аппараты үшiн үш қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      13. Қорғанысөнеркомына құрамында Қорғанысөнеркомы төрағасы (кеңес төрағасы), оның орынбасарлары, Қорғанысөнеркомы басшы қызметкерлерi, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ қорғаныс кешенi кәсiпорындарының басшылары бар үйлестiру кеңесiн (ұсыныстамалық-кеңесушi орган) құруға рұқсат берiлсiн.
      14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қорғанысөнеркомы аппаратын ұстауға қаржы қарастырсын.
      15. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi екi ай мерзiмде Қазақстан Үкiметiне қажеттi түзету желiлерiн қарастырып республиканың қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнен және ұлттық акционерлiк компаниялардың құрамынан Қорғанысөнеркомының қарамағына берiлетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi туралы ұсыныс енгiзсiн.
      16. Қорғанысөнеркомы құпиялылық режимi сақталуы ескерiлiп,

Алматы қаласы, Пушкин көшесi, 2 мекен-жайындағы
Техникалық-экономикалық зерттеулер және Қазақстанның темiр жол
көлiгiн жобалау мемлекеттiк институты (Казгипрожелдортранс)
ғимаратының 6 және 7-шi қабаттарына орналастырылсын.
     17. Қорғанысөнеркомы заңды тұлға болып табылады, банкте
ағымдағы есепшоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы
бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi,
фирмалық бланкiлерi болады.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 7 наурыздағы
                                           N 285 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
         министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi
                         Комитет аппаратының
                           Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
     Басшылық

     Қорғаныс тапсырысы, жай қару-жарақтарды өнеркәсiптiк кәдеге
     жарату және шахталық ұшыру қондырғыларын жою бөлiмi

     Жұмылдыру қуаттары мен резервтерi, өнеркәсiп өндiрiсiн талдау
     және қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындарын реформалаудың кешендi
     жоспарлары бөлiмi

     Конверсиялық бағдарламалар және өндiрiстi дамыту бөлiмi

     Халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери мақсаттағы
     өнiмдердi экспорттық-импорттық жеткiзу бөлiмi

     Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, қару-жарақтар мен әскери
     техниканы, жарылыс заттарын әзiрлеу бөлiмi

     Қаржы-шаруашылық бөлiмi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады