Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанынан Қорғаныс Өнеркәсiбi жөнiндегi комитет құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 16 қаңтар N 2774. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.05.26. N 3531 Жарлығымен. ~U973531

      Қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының мұқтаждарын қанағаттандыру жөнiндегi арнаулы объектiлер қызметiн мемлекеттiк реттеу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
      2. Комитет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының мұқтаждары үшiн арнаулы өнiмдер әзiрлеу мен өндiруге қатысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мен үйлестiру функцияларын қамтамасыз ету жөнiндегi салааралық орган болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Комитеттiң өз құзыретi шегiндегi шешiмдерi Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары үшiн мiндеттi.
      4. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) қорғаныстық және қосарлы қолданыс өнiмдерiн әзiрлеу мен өндiру, қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялау жоспарларын қалыптастыру, әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ әскери мақсатқа арналған өнiмдердi экспорттық-импорттық берiп тұру саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорғаныс тапсырыстарын iске асыру, жұмылдыру қуаттары мен резервтерiн құру, қорғаныс өнеркәсiбiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) комитет аппаратының саны, құрылымы, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi мен оны құпиялылық режимiн сақтауды ескере отырып орналастыру мәселелерiн шешсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет туралы ереженi бекiтсiн.
      6. "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" 1995 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 2541 Жарлығының 1-тармағының 3)-тармақшасындағы "оның функциясын Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне жүктей отырып" сөздерi алынып тасталсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 409-құжат).
      7. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады