Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 11 наурыздағы N 289

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму банкiнiң Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      4-тармақтың екiншi абзацы:
      "Қызмет көрсетушi банкiлерi мен түпкi заемшылар тарапынан көрсетiлген қаржылардың республика бюджетiне сөзсiз, толық қайтарылуын ескерiп" деген сөздермен басталып, одан әрi мәтiн бойынша баяндалсын.
      5-тармақ "екi апта мерзiм iшiнде" сөздерiнен кейiн "қызмет көрсетушi банкiлер немесе түпкi заемшылар тарапынан кепiлдi мiндеттеме берiлетiн тетiктi" анықтасын деген редакцияда баяндалсын.
      7-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "7. Займ қаржысын түпкi заемшылардың пайдалану процедурасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi анықтайтын лизинг негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн деп белгiленсiн".
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады