Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 тамыздағы N 1164 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 наурыз N 314. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 203 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 тамыздағы N 1164 P951164_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ереженiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 29, 350-бап) мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша Достастықтың мемлекетаралық және үкiметаралық органдары шығыстарының сметаларының жобасын қарайды және Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, олар жөнiнде қорытындылар бередi;
      Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнiң шығыстарында Достастықтың мемлекетаралық және үкiметаралық органдарын үлестiк ұстау үшiн, белгiленген сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға арналған жарналарын аударуды жүзеге асырады".
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады