1996 жылы дала жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдайлар жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 15 наурыздағы N 321

      1996 жылы ауыл шаруашылық жұмыстарына ұйымшылдықпен әзiрлену және оларды жүргiзу үшiн жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер 1994-1995 жылдары алынған мұнай өнiмдерi үшiн және оларды темiр жол, автомобиль көлiктерiмен тасымалдағаны үшiн, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң тасымалы үшiн 1996 жылғы 30 қарашаға дейiн тiкелей төлеммен, вексельдермен, ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен есеп айырысуды жүзеге асырсын.
      "Атырау мұнай өңдеу заводы" акционерлiк қоғамына, "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдингтiк компаниясының кәсiпорындарына осы мерзiмде тасымалдау жөнiндегi қызметтерi үшiн Қазақстан Республикасының темiр жолдарына берешектi жабу ұсынылсын.
      Астық өндiрудi қаржыландыруға вексель алған ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер, оларды бiрiншi кезекте бұрын алынған мұнай өнiмдерi үшiн берешектердi жабуға жiберсiн.
      2. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 8 ақпандағы N 60 өкiмiне сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерi мен "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдингтiк компаниясы кәсiпорындарының арасында мұнай өнiмдерiн беруге шарттар жасау мен оларды сату жөнiндегi жұмыстарды жеделдететiн болсын.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер шарттар жасау барысында франко-завод шартымен мұнай өнiмдерiн беру үшiн есеп айырысуды көздейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесе отырып, үш күн мерзiм iшiнде ауыр шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге мұнай өнiмдерiн беретiн Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң кәсiпорындары үшiн салық жөнiндегi есеп айырысу механизмiн фьючерлiк және форварттық шарттардың, вексельдермен есеп айырысу ерекшелiктерiн ескере отырып, әзiрлесiн және бұл орайда салық төлеу бойынша оларға төлем мерзiмiн кейiнге қалдыруды көздей отырып, осы кәсiпорындардың /еңбекақы төлеудi қоса/ iркiлiссiз жұмысын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақстан Республикасының тұтынушыларын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 наурыздағы N 248 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 9, 100-бап/ 1-тармағының бесiншi абзацына сәйкес мұнай базаларының /терминалдарының/ мүлкiне келген акциялардың мемлекеттiк пакетiн мұнай-газ өндiру кәсiпорындарының иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берудi жеделдетсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi дала жұмыстары кезеңiнде қосымша алым алмай, мұнай өндiру кәсiпорындарының өтiнiмi бойынша мұнай өнiмдерiн құю үшiн, жоспарлы және жоспардан тыс темiр жол цистерналарын бiрiншi кезекте берудi қамтамасыз етсiн.
      6. Фьючерлiк және форварттық шарттар мен мұнай өнiмдерiн беруге шарттар жасау барысында, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге жер пайдалану құқы мен мүлiктiк пайды пайдалану құқын кепiл ретiнде пайдалану ұсынылатын болсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады