Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 ақпандағы N 106 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 наурыздағы N 332. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 809 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Таратылған КСРО Көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру институтының Қарағанды филиалын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 ақпандағы N 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 5, 91-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1-тармақта: 
      бiрiншi абзацта: 
      "Қарағанды облыстық еңбек биржасы" сөздерi "Қарағанды облыстық жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасы" сөздерiмен алмастырылсын; 
      "мамандарды, жұмыстан босаған қызметкерлер мен қолы бос халықты оқыту, қайта даярлау және олардың мамандығын арттыру орталығы бар" сөздерi алынып тасталсын; 
      екiншi абзацтағы "Қарағанды облыстық еңбек биржасы" сөздерi "Қарағанды облыстық жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасы" сөздерiмен алмастырылсын; 
      2-тармақтың күшi жойылған деп танылсын; 
      3-тармақта: 
      "Қарағанды облыстық еңбек биржасына" сөздерi "Қарағанды облыстық жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасы" сөздерiмен алмастырылсын;
      "сондай-ақ кәсiпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсету жөнiндегi шаруашылық есептi қызметiнен түскен қаржы" сөздерi алынып тасталсын;
      5-тармақтағы "облыстық еңбек биржасын" сөздерi "облыстық жұмыспен қамту орталығын - еңбек биржасын" сөздерiмен алмастырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн".

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады