Экономика және өндiрiс саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Палестина Мемлекетi Үкiметiнiң арасындағы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 20 наурыз N 337

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1995 жылғы 27 желтоқсанда Газада қол қойылған Экономика және

өндiрiс саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Палестина Мемлекетi Үкiметiнiң арасындағы келiсiм

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


            Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Палестина

         Мемлекетiнiң Үкiметi арасында Экономика және өндiрiс

                 саласындағы ынтымақтастық туралы

                             КЕЛIСIМ



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Палестина Мемлекетiнiң Үкiметi, бұдан былай Уағдаласушы Тараптар деп аталады,
      екi ел арасындағы достық байланыстарды ескерiп және экономика мен өндiрiс саласында қарым-қатынастардың дамуына атсалысуға деген ұмтылысты негiзге ала отырып,
      экономика мен өндiрiс саласындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастықтың Уағдаласушы Тараптардың екеуi үшiн де өзара тиiмдiлiгiн мойындай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                1-бап



 
 
       Уағдаласушы Тараптар тепе-теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде экономика мен өндiрiс саласында екi жақты ынтымақтастыққа атсалысатын болады.
 

                                2-бап



 
 
       Уағдаласушы Тараптар жан-жақты экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында экономика мен өндiрiс саласында ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн болады.
      Уағдаласушы Тараптар сонымен қоса қолданылып жүрген заңдар мен қалыптарға сәйкес екi елдiң жеке адамдары, компаниялары мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа да қолғабыс беретiн болады.
      Осы Келiсiм бойынша Уағдаласушы Тараптардың өздерiне алған мiндеттемелерi Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық келiсiмдерге қайшы келмейтiн және олардың шеңберiнен шықпайтын болады.
 

                                 3-бап



 
 
       Уағдаласушы Тараптар өзара мүдделiлiктi бiлдiретiн ынтымақтастық салаларын айқындап, белгiлейдi. Бұл орайда ынтымақтастық мына бағыттар бойынша дами алады:
      - ауыл шаруашылығын, өнеркәсiптi және қызмет көрсету саласын қоса алғанда экономика мен кәсiпкерлiктiң әр түрлi салаларында ынтымақтастық мүмкiндiктерiн зерделеу мен кеңейту, бұл орайда әрбiр Тараптың өзiне қабылдаған мiндеттемелерiне нұсқан келтiрмеу;
      - өнеркәсiп, құрылыс, табиғи ресурстарды ұқсату және энергетика сияқты салаларда өзара мүдделiлiктi бiлдiретiн жобаларды зерделеп, анықтау;
      - ауыл шаруашылығын, өнеркәсiптi және қызмет көрсету саласын қоса алғанда әр түрлi қызмет салаларында екi жақты қарым-қатынастардың даму барысында экономика мен кәсiпкерлiкте туындауы мүмкiн проблемаларды анықтау, зерделеу және олардың шешiмдерiн iздестiру;
      - қабылдаушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тараптың инвестициялары үшiн қолайлы жағдайлар жасауы және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы үшiн ынтымақтастық орнату;
      - екi Тараптың қолданылып жүрген заңдары ауқымында меншiк құқығын, патенттер мен авторлық құқықты қорғау саласында консультациялар алысып, ынтымақтасу;
      - Уағдаласушы Тараптардың экономикалық ұйымдары арасында өзара ақпарат алмасу;
      - Тараптар уағдаласуы мүмкiн басқа да ынтымақтастық.
 

                                 4-бап



 
 
       Уағдаласушы Тараптар өзара мүдделi болып табылатын салаларда келiсiмдер жасасу арқылы экономика мен өндiрiс саласында өзара қарым-қатынастарын дамытуға атсалысуға деген ниетiн бiлдiредi.
 

                                 5-бап



 
 
       Жәрмеңкелер, мамандандырылған көрмелер, симпозиумдар және басқалары сияқты ынтымақтастықты дамытуға атсалысатын iс-шараларға Уағдаласушы Тараптар айрықша мән беретiн болады. Осы мақсатта Уағдаласушы Тараптар аталған iс-шараларды ұйымдастыруға жәрдем берiп,

 

оларға екi Тараптың кәсiпорындары мен мекемелерiнiң қатысуын

ынталандыратын болады.


                                 6-бап


     Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң мазмұны жөнiнде өз

араларындағы қандай да бiр проблемаларды, даулы мәселелер мен

алшақтықтарды екi жақты келiссөздер арқылы шешу үшiн күш-жiгер

жұмсайды.


                                 7-бап



 
       Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша бұл Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болады, олар хаттамамен ресiмделедi.
 

                                 8-бап



 
 
       1. Осы Келiсiмнiң iс жүзiнде орындалуын және дамытылуын қамтамасыз ету үшiн Экономика мен өндiрiс саласында ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық Аралас Комиссия (бұдан былай "Аралас Комиссия" деп аталады) құрылып, ол Уағдаласушы екi Тараптың өкiлдерiнен тұрады.
      2. Өзара келiсiм бойынша екi Тараптың мекемелерi мен мемлекеттiк органдарының өкiлдерi аталған Аралас Комиссияның жұмысына кеңесшiлер (консультанттар) ретiнде қатыса алады.
      3. Қажет болған ретте Аралас Комиссия арнайы мәселелердi қарау және осы мәселелер бойынша нақты келiсiмдердi талқылау жөнiнде ұсыныстар енгiзу мақсатында жұмыс топтарын құрады.
      4. Келiсiмнiң жүзеге асырылуына атсалысу және осы Келiсiмнiң шеңберiнде ынтымақтастықтың даму барысын қадағалау, сондай-ақ мұндай ынтымақтастықты кеңейтiп, жеделдету жолдарын зерделеу және нығайту мақсатымен Аралас Комиссия екi мемлекеттiң аумағында алма-кезек жиналатын болады.
 

                                 9-бап



 
 
       Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар тиiстi iшкi консультациялық үрдiстердiң аяқталуы туралы бiр-бiрiн хабардар еткен соң 60 күннен кейiн күшiне енедi және егер Тараптардың бiреуiнен оның күшiн жою туралы жазбаша хабар келiп түспесе, қанша уақыт болса да қолданыла бередi, ал бұл орайда хабар алынған күннен бастап 6 айдан кейiн Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылады.
 

                                 10-бап




 

     Осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiнiң тоқтатылуы ол күшiнде болған

кезде басталып, бiрақ аяқталмай қалған жобалардың немесе

келiсiмдердiң жүзеге асырылуына кедергi келтiрмейдi.

     Газа қаласында 1995 жылғы 27 желтоқсанда әрқайсысы екi дана

болып, қазақ, араб, және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық

мәтiндердiң күшi бiрдей. Алшақтық туа қалған жағдайда Тараптар орыс

тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасының          Палестина Мемлекетiнiң

           Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады