1996 жылдың егiнінен мемлекетке астық сатып алу бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 наурыз N 338

      Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының несиелiк берешегiн жабу және ол айналысқа шығаратын вексельдердi есепке алу мен жабу үшiн ақша қаражатын шоғырлау мақсатында "1996 жылдың егiнінен мемлекетке астық сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 173 P960173_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгiнiң алдындағы несиелiк берешегiн жабу кестесi /1 қосымша/, сондай-ақ 1996 жылы Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы айналысқа шығаратын вексельдердi есепке алу мен жабу үшiн қаржыны шоғырлау /2 қосымша/ кестесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Алматы аумақтық Бас басқармасындағы Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының шоғырлау шотына оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алдындағы берешегiн жабуға түсетiн қаржылар 2 /екi/ миллиард теңге көлемiнде оларды бiр мезгiлде республикалық бюджеттiң кiрiс, шығыс шоттарынан өткiзе отырып жiберiлетiн болсын.
      3. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгiнiң алдындағы қарыздарын жабуға қажеттi көлемде мемлекеттiк ресурстың тағамдық және жемдiк астығын сатуға және вексельдердi есепке алу мен жабу үшiн ақша қаражатын шоғырлауға рұқсат етiлсiн.

     Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы бiр апта мерзiмде
Үкiметтiң бекiтуiне астық сату кестесiн ұсынатын болсын.
     4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi, Кеден комитетi, Қазақстанның Халықаралық агроөнеркәсiп
биржасы аталған астықты сатуға және тасымалдауға жәрдем көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                          1996 жылғы 21 наурыздағы
                                              N 338 қаулысына
                                                 1 қосымша

            Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының
              Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және
               Қаржы министрлiгiнiң алдындағы вексельдiк
                            берешегiн жабу
                                КЕСТЕСI
___________________________________________________________________
                     |Қазақстан Республикасы.|Қазақстан Республика.
     Жабу мерзiмi    |   ның Ұлттық Банкi    |сының Қаржы министр.
                     |       алдындағы       |  лiгi алдындағы
_____________________|_______________________|_____________________
                     |Негiзгi қа.|Кредит үшiн| Негiзгi қарызы,
                     |рызы, АҚШ- |проценттер,| миллиард теңге
                     |тың миллион|АҚШ-тың    |
                     |долларымен |миллион    |
                     |           |долларымен |
_____________________|___________|___________|_____________________

1996 жылғы наурыз         22,1        0,9              -
1996 жылғы II-тоқсан      10,0        0,4             2,0
1996 жылғы III-тоқсан     10,0        0,4             0,33
1996 жылғы IV-тоқсан      27,9        1,1             2,47
Қорытындысы               70,0        2,8             4,8

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 21 наурыздағы
                                            N 338 қаулысына
                                                2 қосымша

           Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы
            1996 жылы айналысқа шығаратын вексельдердi
             есепке алу мен жабу үшiн қаржыны шоғырлау
                              кестесi

___________________________________________________________________
          Мерзiмi         |  Сомасы, АҚШ-тың миллион долларымен
__________________________|________________________________________

1996 жылғы наурыз                   -
1996 жылғы II-тоқсан               36,3
                                   оның iшiнде
                                   32 /2 миллиард теңге/ -
                                   республикалық бюджет есебiнен

1996 жылғы III-тоқсан              97,4
1996 жылғы қазан-қараша            31,3
Қорытындысы                        165 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады