Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 17 қаңтардағы N 2786 Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 сәуiр N 377

      "Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң мемлекеттiк шекараны күзету тұжырымдамасы мен мемлекеттiк шекараны қалыптастыру және жайластыру, Қазақстан Республикасының шекара әскерлерiн құру мен дамыту бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес 1996-2000 жылдарда Мемлекеттiк шекараны қалыптастыру және жайластыру, Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiн құру және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi тапсырма бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып осы тапсырманың орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жыл сайынғы республика бюджетiнiң жобасын әзiрлеу кезiнде бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету мәселелерiн қарастырсын.
      4. Осы қаулыны жүзеге асырудың жалпы басшылығы Қазақстан

Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Қ. Есенғаринге, 
ал оның жүзеге асырылуын бақылау - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк 
шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 2 сәуiрдегi
                                         N 377 қаулысына
                                             ҚОСЫМША 
     
       1996-2000 жылдарда мемлекеттiк шекараны қалыптастыру және
       жайластыру, Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiн
       құру мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi
                              ТАПСЫРМА 
     
______________________________________________________________________
 N і Тапсырмалардың атауы, бағыты, шараларыі Орындаушы і Орындау
р/сі                                       і           і мерзiмi
______________________________________________________________________
 1 і                   2                   і     3     і      4
______________________________________________________________________
       1. Бағдарламаны орындаудың құқықтық
              қамтамасыз етiлуi
 1 Келiсiлмеген учаскелерден (6,8) шекара.   Үкiмет,      1996-1997
   ның өтуiн нақтылау жөнiнде ҚХР-мен      Сыртқыiсминi,    жылдар
   (Қырғыз Республикасымен, Ресей Федера.  Мемкүзеткомы,
  циясымен, Тәжiкстан Республикасымен бiр. Қорғанысминi,
   лесiп) шекаралық келiссөздiң аяқталуы   Қазгеодезия
   жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және
   мемлекеттiк шекараны сызуға кiрiсу

 2 Шекара күзетiн ұйымдастыру және шекара  Мүдделi мини.  - " -
   әскерлерiн басқару жөнiндегi жарғылар,  стрлiктермен
   тәлiмдемелер, нұсқаулар және тағы басқа   бiрлесiп
   құжаттардың жобаларын әзiрлеу. Әскер.   Мемкүзеткомы
   лердiң қызметтiк жауынгерлiк
   iс-қимылының мәселелерi бойынша есепке
   алу-есеп беру құжаттарының тiзбесiн
   қайта қарау

 3 Әскерлердi басқаруды ақпараттық-тал.    Мемкүзеткомы   1996-1997
   даулық қамтамасыз етудiң бүкiл жүйе.
   сiн реттеу және регламенттеу жөнiндегi
   нормативтiк құжаттардың тiзбесiн
   айқындау. Бұл құжаттарды әзiрлеу және
   күнделiктi практикаға енгiзу

 4 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  Әдiлетминi,    1996 жыл
    шекарасы туралы" және "Қазақстан       Бас прокура.
    Республикасының Шекара әскерлерi       тура, ҰҚК,
    туралы" Қазақстан Республикасының      Қорғанысминi,
    Заңдарына сәйкес Әкiмшiлiк құқық       Мемкүзеткомы
    бұзушылық туралы кодексiне, Қылмыстық
    кодексiне және Қылмыстық-iстер кодек.
    сiне белгiленген тәртiп бойынша
    өзгертулер мен толықтырулар әзiрлеу
    және енгiзу

 5 Әскери қызметшiлердi, азаматтық         Мемкүзеткомы,   әзiрленуi-
   құрамды құқықтық оқытуды                Әдiлетминi,Бас  1996 жыл
   қамтамасыз ету, тұрақты қызмет ететiн   прокуратура     жүзеге
   құқықтық бiлiм мектептерiн, басқарушы                   асырылуы-
   буынды аттестациялау үшiн аттестация                    1996-2000
   комиссияларын ұйымдастыру, аттестация.                  жылдар
   дан өткiзiлетiн лауазымды тұлғалардың
   тiзбесiн айқындау, құқықтық жаппай
   оқытудың барлық буындарын нормативтiк-
   анықтамалық материалдармен және басқа
   да заң әдебиеттерiмен қамтамасыз ету


       2. Мемлекеттiк шекараны жайластыру,
         Шекара әскерлерiн құру мен дамыту
       а) Мемлекеттiк шекараны жайластыру

 6 Шекара әскерлерiне Мемлекеттiк шекара   Мемкүзеткомы,  1996 жыл
   күзетiнде көмек көрсететiн ерiктi       ҰҚК,
   жасақтардың заңды қызмет етуi үшiн      Iшкiiсминi
   нормативтiк-құқықтық база дайындау      Әдiлетминi

 7 Шекара күзетiндегi көрсеткен көмектер   Мемкүзетком,   1996 жыл
   үшiн олардың келтiрген пайдасы мен      ҰҚК,
   атқарған жұмыс мөлшерiнiң дәрежесiне    Iшкiiсминi,
   сәйкес азаматтарды наградтау мәселесiн  Қаржыминi
   шешу, ерiктi жасақтардың мүшелерi үшiн
   жеңiлдiктер жүйесiнiң құрылуы және
   қызмет етуi, шекара тұрғындары үшiн
   кәсiптiк-шаруашылық және өзгеде
   қызметтерiнде барынша қолайлы режим
   туғызу туралы инстанцияларға ұсыныстар
   дайындау

 8. Шекара арқылы өтетiн тұлғалардың,      Мемкүзеткомы,  1996-1997
    көлiк құралдарының және жүктердiң      ҰҚК,           жылдар
    шекарадан өтуiне құқық беретiн         Кеденкомы
    машинамен оқылатын құжаттардың
    автоматтандырылған тексеру негiзiнде
    шекаралық бақылаудың бiрыңғай ком.
    пьютерлiк жүйесiн құру жөнiндегi
    шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру


 9 Шекара әскерлерiнiң жағалаулық,         Мемкүзеткомы,  әзiрленуi-
   теңiздiк және авиациялық күштерi мен    ҰҚК,           1996 жыл
   құралдарын кешендi қолдануға басқа      Қорғанысминi,   жүзеге
   министрлiктер мен ведомстволардың       Көлiккомминi    асырылуы-
   бақылау жүйелерiнiң дамуын есепке                       1997-2000
   ала отырып Каспий теңiзiнiң су бетiн.                   жылдар
   дегi жағдайына бақылау жүйесiн құру
   шараларын әзiрлеу және кiрiсу

10 Қазақстан Республикасының Мемкүзетко.   Қорғанысминi,    1996-1997
   мынан бастап құрама, бөлiм және бөлiм.  Экономминi,       жылдар
   шеге дейiнгi буындары мен сатылары      Өнеркәсiпсаудами.
   бойынша шекара күзетiнiң әскери-техни.  нiмен бiрлесiп
   калық қамту жүйесiн даярлау.            Мемкүзеткомы
   Әзiрлеменiң барлық жүйесiн, қару-жа.
   рақ, әскери және арнайы техникамен
   жабдықтауды, оны Шекара әскерлерiнiң
   қарулануына қабылдауды, қару-жарақ пен
   техниканың жаңа үлгiлерi мен түрлерiн
   "тиiмдiлiк құн" өлшемi бойынша бағалай
   отырып конкурстық артықшылық негiзде
   ұйымдастыру және жүзеге асыру

11 Шекара күзетiнiң жаңа мiндеттерiн шешу  Қорғанысминi,  1996 жыл
   үшiн Каспий теңiзiндегi Шекара әскер.   Көлiккомминi,
   лерiнде авиациялық эскадрильяны қалып.  Қаржыминiмен
   тастыру, өзiнiң қорларын жүрiп таста.   бiрлесiп
   ған тiкұшақтарды жаңалау түрлерi мен    Мемкүзеткомы
   модификацияларын алмастыру жөнiндегi
   ұсыныстарды әзiрлеу және үкiметке
   тапсыру

12 Достастыққа кiрмейтiн мемлекеттердiң    Көлiккомминi,  - " -
   азаматтарының Қазақстан Республика.     Кеденкомы,
   сының аумағына iшкi шекарасы арқылы     Iшкiiсминi,
   кiруге және оның шектерiне шығуға       ҰҚК-мен
   бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi ұсы.    бiрлесiп
   ныстарды әзiрлеу және Үкiметке тапсыру  Мемкүзеткомы

   б) Шекара әскерлерiнiң ұйымдық құрылымын
      дамыту
13 Шекара әскерлерiнiң құрамаларын, бөлiм. Мемкүзеткомы,  - " -
   дерiн және бөлiмшелерiн санаттық негiз. Қаржыминi
   ге кезең бойынша көшiру және оларды әскерлер
   ұстауға бекiтiлген саны мен қаржы ше.
   гiнде iске асыру жөнiндегi шараларды
   әзiрлеу

14 Басқарудың комендатуралық буынын (сапа  Мемкүзеткомы   1996-1997
   және санына қатысты) шекара заставала.                  жылдар
   рын басқаруға қатысты қиындықтары бар
   және жағдайлар туындаған кезiнде қажеттi
   резервтердi құруға мүмкiндiктерi аз жер.
   лерде ғана ұстап, оларды қайта ұйымдас.
   тыруды әзiрлеу және жүзеге асыру. Мей.
   лiнше белсендi жедел жағдайлар мен жер.
   гiлiктi халықтың шекараға жақын кәсiптiк-
   шаруашылық қызметтерi бағытында, жергi.
   лiктi халықтың қатысуымен жағдайдың
   өзгеруiне нәтижелi әсер тигiзетiн икемдi
   жедел бағытты шекара комендатурасын
   құруға бағыт алу

15 Каспий теңiзiнiң жағалауында жаңа ше.   Мемкүзеткомы,  әзiрленуi-
   кара бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн құру    Қаржыминi,     1996-1997
   туралы қаулыларының жобасын дайындау    Қорғанысминi   жылдар жү.
   және Үкiметке енгiзу, оны мүдделi минис.               зеге асыры.
   трлiктермен және ведомстволармен келiсу                луы бүкiл
                                                          кезеңде
16 Шекара әскерлерi құрамаларының және бө. Мемкүзеткомы   1996-1997
   лiмдерiнiң ұйымдық-штаттық құрылымын                    жылдар
   жетiлдiру жөнiндегi шараларды жүзеге
   асыру

17 Үкiметке Қазақстан Республикасының      Мемкүзеткомы,  - " -
   Шекара әскерлерiнiң Орталық архивiн     Меммүлiккомы
   құру туралы ұсынысты тапсыру

   в) Шекара әскерлерiн басқаруды
      ұйымдастыру мен дамыту

18 Телефондық, факсимильдiк байланыстар.   Үкiметтiк бай. 1996-1997
   дың стационарлық және далалық торап.    ланыс басқар.   жылдар
   тарының және мәлiметтердi жеткiзетiн    масымен,Прези.
   желiлiк, радиорелелiк және басқа байла. денттiң Күзет
   ныс түрлерiнiң қазiргi құралдар базасы  қызметiмен,
   құрамында бiрiңғай ұйымдық-техникалық   Қорғанысминi.
   жүйе ретiнде Шекара әскерлерiнiң бай.   мен Көлiкком.
   ланыс жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шара. минiмен,
   ларды дайындау және жүзеге асыру Құпия. Қаржыминiмен,
   ланған байланыстың барлық түрлерiн құ.  бiрлесiп
   рамдарға (бөлiмдерге), ал кейбiр бағыт. Мемкүзеткомы
   тарда - әскери бөлiмшелерге дейiн қам.
   тамасыз ететiн стационарлық тораптар
   есебiнен байланыс жүйесiнiң негiзiн
   iске қосу, әдеттегi, сонымен бiрге ай.
   рықша жағдайларда басқару мәселелерiн
   шешудi қамтамасыз ететiн далалық торап.
   тарды дамыту жөнiндегi шараларды қарас.
   тыру. Байланыстың жалпы жүйесiне ста.
   ционарлық және далалық тораптарының
   өзара, Президент Күзетi қызметiнiң және
   Қазақстан Республикасының Қорғаныс ми.
   нистрлiгiнiң байланыс жүйелерiмен, ел.
   дiң мемлекеттiк байланыс тораптарымен
   бағытын дамыту бағдарламаларын өзара
   сәйкестендiру кезiнде толық үйлесетiн
   принциптерiн енгiзу

19 Шекара әскерлерiн басқарудың автомат.   Көлiккомминi,  I-кезең-
   тандырылған жүйесiнiң бағдарламасын     Қорғанысминi,  1996-1997
   құру мен енгiзудi әзiрлеу және жүзеге   Қаржыминiмен    жылдар
   асыру. Бiрiншi кезеңде ПЭЕМ қолдануды   бiрлесiп
   iс жүзiнде, соның iшiнде тактикалық     Мемкүзеткомы 
   дәрежеде-локалды тараптарын дамыту
   бойынша әскерлердi басқарудың оперативтi
   буынын (Мемкүзеткомы-ШОБ, ДБӨП, 
   жауынгерлiк қамту бөлiмi) ақпараттық 
   қамтудың автоматтандырылған жүйесiн
   құру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру. 
   Осы кезеңде құрамдар мен бөлiмдердiң
   басқару органдарын АҚАЖ-бен жалпы
   ақпараттық және бағдарламалық
   сыйысушылықты қамтамасыз ететiн авто.
   маттандырылудың дербес сериялық құрал.
   дарымен жабдықталуына жету

   Екiншi кезеңде Шекара әскерлерiне авто. Көлiккомминi,  II кезең-
   маттандыру құралдарын енгiзу және әс.   Қорғанысминi,  1998-2000
   кери басқарудың барлық негiзгi орган.   Қаржыминiмен   жылдар
   дарын қамтитын АБЖ құру жөнiндегi       бiрлесiп
   жұмыстарды жүзеге асыру. Шекара әскер.  Мемкүзеткомы
   лерiнiң АБЖ өзiнiң құрамында стацио.
   нарлық есептеу, сонымен бiрге басқару.
   дың тактикалық буынында жылжымалы орта.
   лықтардың болуын ескеруiн және әдеттегi
   әрi айрықша жағдайларда Шекара әскерлерi.
   нiң күштерi мен құралдарын басқаруды
   қамтамасыз етуiн қамту

20 Шекара қызметiнiң тек сандық нәтиже.    Мемкүзеткомы,  1996-1997
   лерiн емес, сонымен қоса материалдық,   ҰҚК              жылдар
   қаржылық және адам қорларын, сондай-ақ
   мемлекеттiк шептерiндегi қауiпсiздiктi
   қамтамасыз ететiн процестердiң динами.
   касын есепке алатын оперативтiк жағдайды
   және әскерлердiң бүкiл қызметтiк iс-қи.
   мылы мен мемлекеттiк шекараны күзетудiң
   нәтижелiлiгiн бағалаудың ғылыми негiз.
   делген талдау және болжамдау жүйесiн
   дайындау және жүзеге асыру. Мемлекеттiк
   шекараны жайластыру және Шекара әскер.
   лерiнiң құруды қатаң оперативтi-так.
   тикалық есептермен және жан-жақты
   дәлелдермен қажет болған жағдайларда
   дайындалатын жобаларды мамандырылған
   сараптаудан өткiзудi жүргiзу

   г) Шекара әскерлерiн жинақтау

21 Жалпыға бiрдей мiндет негiзiнде және    Мемкүзеткомы,  I кезең-
   ерiктi түрде (контракт бойынша) азамат. ҰҚК,           1996-1997
   тарды әскери қызметке шақыру есебiнен:  Қорғанысминi   II кезең-
   солдаттар, матростар, сержанттар мен    Қаржыминi      жылдар
   старшиналардың лауазымдарын алмасты.
   рудың аралас принципiне бiртiндеп өту
   жөнiндегi шараларды дайындау және
   жүзеге асыру.
   Кейiн, экономикалық және әлеуметтiк
   алғы шарттардың пайда болуы шаралары
   бойынша Шекара әскерлерiн жинақтаудың
   кәсiби және ерiктiлiк принциптерiне өту
   мүмкiндiктерiн зерттеу

22 Шекара әскерлерi үшiн Қорғанысминiнiң,  Мемкүзеткомы,  бүкiл
   ҰҚК оқу орындарында, Қазақстан Респуб.  ҰҚК,           кезеңде
   ликасының жоғарғы оқу орындарында       Қорғанысминi,
   офицерлiк кадрларды даярлау және қайта  Бiлiмминi,
   даярлау жүйесiн әзiрлеу, сондай-ақ
   Ресей Федерациясының ФШҚ, ФҚҚ мен
   Қорғаныс министрлiгiнiң шарттық негiзде
   Шекара әскерлерiнiң әскери институтында
   Қазақстан Республикасының басқа да әскери
   ведомстволары үшiн офицерлердi даярлауды
   ұйымдастыру

23 Негiзгi мамандықтар бойынша мамандарды  Мемкүзеткомы   1996-2000
   - прапоршиктердi (мичмандарды), сер.
   жанттарды және солдаттарды даярлау
   жүйесiн жетiлдiру. Олардың дайындық.
   тарын өздерiнiң қызмет ететiн және
   жаңадан құрылған кiшi мамандар мектеп.
   терiнде және әскерлердiң оқу орталық.
   тарында, ал құрлықта жүретiн бөлiм.
   дердiң аз санды мамандарына, теңiз
   авиация, инженерлiк-құрылыс бөлiмде.
   рiнiң мамандарына әскери қызметкерлердi
   - Қазақстан Республикасының азаматтық оқу
   орындарында мамандық алған адамдарды нақты
   әскери қызметке шақыру есебiнен ұйымдастыру.
   Әскери қызметшiлердi - оқу құрамаларын
   бiтiрушiлердi әрi қарай қызметтерiн
   жалғастыратын жерлерiнде мамандықтарына
   үйретудi ұйымдастыру. Прапорщиктердiң
   (мичмандардың) кәсiби беделiн көтеру үшiн
   мектептерде (оқу бөлiмдерiнде) олардың жоспарлы 
   қайта дайындалуы мен даярлануларын ұйымдастыру.

     3. Шекара әскерлерiнiң әлеуметтiк
        саласының дамуы

24 Шекара әскерлерiнiң, алдымен тiкелей    Мемкүзеткомы,  1996-1997
   мемлекеттiк шекараны күзететiн бөлiм.   Еңбекминi,      жылдар
   шелердiң жеке құрамының әлеуметтiк      Қаржыминi
   мәселелерiн шешетiн, тұрмыс деңгейiн
   көтеретiн, басқару және әскери кадрлар
   органдарына барлық деңгейде басымдылық
   маңыз беру жөнiндегi үкiметтiк және
   ведомстволық шаралар жүйесiн әзiрлеу
   және жүзеге асыру. Әскери қызметшiлер.
   дiң күнделiктi әскери еңбек және
   демалыс мәселелерiндегi құқықтарын нә.
   тижелi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
   жүйесiн әзiрлеу және практикаға енгiзу

25 Шекара күзетiнде оның әртүрлi учаске.   Мемкүзеткомы,  1996-1997
   лерiндегi (құрамалар мен бөлiмдердiң    Қаржыминi,     жылдар
   санатына сәйкес) жағдайлардың есебiнен  Қорғанысминi
   әскери қызметшiлердiң жеңiлдiк жүйесiн
   "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы
   мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеу.
   меттiк қорғау туралы" Заңға сәйкес
   келтiру

26 Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшi.    Мемкүзеткомы,
   лерi, жұмысшылары мен қызметкерлерi     Бiлiмминi,
   балаларының мектеп жасына дейiнгi       Қаржыминi
   балалар мекемелерiне, мектептер мен
   демалыс лагерьлерiне қамтылу деңгейiн
   көтеру қажеттiгiнен туындайтын олардың
   тiкелей Шекара әскерлерiнде дамыты.
   луының мүмкiндiгi мен мақсатқа сәйкес.
   тiлiгiн зерттеу және республика
   Үкiметiнiң қарауы мен шешiмiне енгiзу

27 Жабық және алыс орналасқан гарнизон.    Мемкүзеткомы,  1996 жыл
   дардағы әскери қызметшiлердi өнеркәсiп  Өнеркәсiп.
   және азық-түлiк тауарларымен қамтамасыз саудаминi,
   ету жөнiндегi шараларды әзiрлеу және    Қорғанысминi
   iске асыру

28 Шекара әскери қызметшiлерiнiң және      Мемкүзеткомы,  1996 жыл
   олардың отбасы мүшелерiнiң денсаулығын  Қаржыминi,
   одан әрi жақсарту және оларды сана.     Денсаулықминi,
   торийлық-курорттық емдеумен қамтамасыз  Экономминi
   ету мақсатында әскери госпитальдың,
   емханалардың, дәрiгерлiк пункттердiң бар
   материалдық-техникалық базасын
   жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан
   Республикасы Шекара әскерiнiң
   емдеу-профилактикалық мекемелерiн
   (санаторий, демалыс үйлерiн) құру
   жөнiнде Үкiметке ұсыныстар әзiрлеу
   және енгiзу

   4. Бағдарламаны орындаудың насихаттық
      қамтамасыз етiлуi

29 Қазақстан Республикасының               Мемкүзеткомы   әзiрленуi -
   Конституциясына, құқықтық мемлекеттiң                  1996 жыл
   принциптерi мен нормаларына сәйкес Қазақстан            жүзеге
   Республикасы Шекара әскери тәрбиелiк                   асырылуы
   құрылымының ұйымдастыру-тәрбиелiк,                     1996-2000
   патриоттық, интернационалдық және                      жылдар
   кадр қызметiнiң барлық жүйесiн
   түбегейлi қайта құруды әзiрлеу және
   жүзеге асыру

30 Конкурстық негiзде Қазақстан            Мемкүзеткомы,  1996-
   Республикасының шекара әскерлерiнiң     Қаржыминi      1997
   жауынгерлiк айбындылығы шекаралық                      жылдар
   белгiлерiн, ведомстволық наградалары
   мен өзге де әскери нышандарын (байрақ,
   жалауша, киiм нысандарын, эмблемаларды,
   погондарды, оқалы белгiлердi ж.т.б.)
   әзiрлеу

31 Шекаралық журнал шығару, "Часовой       Мемкүзеткомы,  1996-1997
   Родины" газетiн реформалау, "Шекара"    Қаржыминi      жылдар
   баспасын ашу, Қазақстан Республикасының
   Мемкүзеткомы штатында редакциялық-баспа
   бөлiмiн (РББ) ашу жөнiндегi Ұсынысты
   зерделеу және Үкiметке енгiзу

32 Қазақстан Республикасы Шекара           Мемкүзеткомы,  1996-1997
   әскерлерiнiң Орталық мұражайын құру     Меммүлiккомы,  жылдар
   туралы Қазақстан Республикасының        Қаржыминi
   Үкiметiне ұсыныс әзiрлеу және
   енгiзу 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады