1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 874 қаулысына сәйкес компанияда пайда болған акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясынан мемлекет мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын заңдарда белгiленген тәртiппен қайтарып алсын;
1-қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн алсын және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
"Тоған" акционерлiк қоғамына өзiнiң жарғылық қорын толықтыру үшiн қосымша құрылтайшылар таратуға рұқсат етсiн;
"Тоған" акционерлiк қоғамына "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына жататын мүлiктi сатып алу құқығымен жалдау құқығын берсiн;
"Тоған" акционерлiк қоғамы үшiн қажеттiлiгi шегiнде Алматы қаласы, Жандосов көшесi, 58-үй мекен-жайындағы әкiмшiлiк үйiн жалдауға рұқсат етсiн.
2-қосымшада санамалаған акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн "Тоған" акционерлiк қоғамына сенiмдi басқаруға берсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құқықтары мен мiндеттерi бойынша құқықтық мұрагерлерiн айқындасын.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1-қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiпте және мерзiмде сатсын.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 874 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж. N 38, 437-бап); "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi және Бақылаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 809 қаулысы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 сәуiрдегi N 381 қаулысына 1-қосымша Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатуға жататын акционерлiк қоғамдардың Тiзбесi "Ақтөбесуқұрылысы" АҚ "Элмоника" АҚ "Бастау" АҚ "Темiрбетон" АҚ "Айдын" АҚ "СПМК-123" АҚ "Ақмоламелиорация" АҚ "Суқұрылысиндустрия" АҚ "Шығысқұрылысмелиорация" АҚ "Көкше-Су" АҚ "Қостанаймелиорация" АҚ "Қостанайауылшарсуқұбырықұрылысы" АҚ "Маңғыстаусуқұрылысы" АҚ "Водник" АҚ "Оралсуқұрылысы" АҚ "Павлодармелиорация" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Ремстройтехника" АҚ <*> ЕСКЕРТУ. 1-қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.15. N 836 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 сәуiрдегi N 381 қаулысына 2-қосымша Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi кейiн жекешелендiру құқығымен сенiмдi басқаруға беруге жататын акционерлiк қоғамдардың Тiзбесi "Алматымелиорация" АҚ "Монтажарнаулықұрылыс" АҚ "Жөнқұрылыстехника" АҚ "Сауда-Жерсу" АҚ "Жөнмелиоқұрылысмаш" зауыты АҚ "Оргтехқұрылыс" АҚ "Жамбылсуқұрылысы" АҚ "Арна" АҚ "Жерсу" АҚ "Еңбек" АҚ "Мелиорация" АҚ "Шымкентмелиорация" АҚ "Қазжайылымқұрылыс" АҚ