Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 сәуiр N 398. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 наурыздағы N 258 P940258_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1994 ж., N 13, 125-бап);
      "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң жанындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 ақпандағы N 189 P950189_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 7, 78-бап).
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi



                                       Қазақстан Республикасы



                                           Үкiметiнiң

                                      1996 жылғы 8 сәуiрдегi

                                        N 398 қаулысымен

                                              БЕКIТIЛГЕН



 
           Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
             аумақтарда құрылыс салу министрлiгi туралы
                           Е Р Е Ж Е
                      I. Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi (Қазақстан Республикасы Құрылысминi) басшылықтың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен өзара қызмет пен құрылыс кешенi және аумақтарда құрылыс салу, сәулет, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру және тұрғын үй қорын пайдалануды жақсарту салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырушы орталық атқару органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Құрылысминi өз қызметiнде Конституцияны, Республика Президентi мен Үкiметiнiң заңдарын, актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Қазақстан Республикасының Құрылысминi заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өз аты жазылған мөрi болады.
 
                    II. Негiзгi мiндеттерi мен функциялары
      4. Қазақстан Республикасы Құрылысминi негiзгi мiндеттерi болып:
      сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс материалдарының өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы, құрылыс-жол машиналарын жасау салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және оның жүзеге асуын бақылау;
      сәуле-қала құрылысы саласында жаңа экономикалық жағдайларға барабар мемлекеттiк реттеудiң әдiстерiнiң жүйесiн жасау, нарықтық қатынастарды, әлеуметтiк әрiптестiктi қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
      қала құрылысында, инженерлiк зерттеулерде, жобалауда, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану, күрделi жөндеу және қайта конструкциялау салаларында нормативтiк құжаттар жасау;
      мемлекеттiк тұрғын үй саясатын жүзеге асыру және жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
      тұрғындардың өмiр сүруi үшiн қолайлы орта құру мақсаттарында орналастыру жүйесiн жетiлдiру, қалалар мен басқа елдi мекендердiң құрылысын салу кезiнде үйлердiң, ғимараттардың және кәсiпорындардың сәулет-жоспарлау және сәулет көркемдiк шешiмдерiнiң сапасын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру болып табылады.
      5. Қазақстан Республикасының Құрылысминi оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй саясаты және коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша заң және нормативтiк актiлердiң жобасын жасауға, құрылыстың, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, құрылыс индустриясының, құрылыс машиналарын жасаудың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың материалдық-техникалық базаларының соны бағыттарын дамытуға атсалысады;
      жасауды қамтамасыз етедi, сәулет-қала құрылысы қызметтерi саласында мемлекеттiк нормативтердi, сондай-ақ тұрғын үйлердi жан-жақты пайдалану және сақтау жөнiндегi нормативтердi белгiленген тәртiпте қабылдайды, шығарады және қолданысқа енгiзедi және олардың дұрыс пайдалануы үшiн бақылауды жүзеге асырады;
     құрылыстағы техникалық нормалау мәселелерi бойынша республиканың құрылыс саласындағы барлық субъектiлерiнiң жұмысын үйлестiредi;
      ұйымдардың, кәсiпорындардың және республиканың басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына сараптау және техникалық шарттарына (ТШ) келiсу жүргiзедi;
      инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi әдiстемелiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы материалдық-техникалық базасының дамуына әлеуметтiк-экономикалық болжам жасауға қатысады;
      орналастыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережесiн жасайды, қала құрылысын жетiлдiру, үйлер мен ғимараттардың сәулет-жобалау және конструкциялық шешiмдерiнiң, қалалар мен басқа мекендердiң құрылысын салудың сапасын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, тарихи қала құрылысы мұраларының сақталуы жөнiнде шаралар қолданады, тұрғындардың өмiр сүруi үшiн жан-жақты орта қалыптастырады;
      сәулет пен қала құрылысының жергiлiктi органдарымен бiрлесiп қалалар мен басқа елдi мекендердi жобалаудың және құрылысын салудың нормалары мен ережелерiнiң, үйлердi қайта конструкциялаудың және өзгертудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуы, аумақтарды қала құрылысын реттеудiң айрықша режимiмен пайдалану үшiн, қалаларда және басқа елдi мекендерде жерлердi орынды пайдалану үшiн бақылауды ұйымдастырады әрi жүзеге асырады және заңмен белгiленген санкциялар қолданады;
      республиканың аумақтары бойынша Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын енгiзудi және оның ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;
      салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасайды және жүзеге асуын қамтамасыз етедi;
      мемлекеттiк органдар мен құрылыс ұйымдарының құрылыс саласындағы мақсаттық инвестициялық бағдарламаларды орындау жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасының Құрылысминiнiң құзыретiнiң шегiнде құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы, құрылыс машиналарын жасау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдары мен кәсiпорындарының қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн мемлекеттiк қаражаттың және инвестициялық кредиттердiң есебiнен қаржыландырылатын объектiлердi жобалауға және салуға мемлекеттiк сауда өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi, оларды өткiзудi ұйымдастыруға қатысады;
      тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктердi бағалау жөнiндегi қызметтердi үйлестiрудi және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;
      құрылыста, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта бағаның құрылуына талдау жүргiзедi, құрылыс өнiмдерiне ерiктi (келiсiмдi) баға қалыптастыру үшiн әдiстемелiк негiз жасайды, құрылыстың сметалық құнын анықтаудың тәртiбiн белгiлейдi;
      құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсiпорындары мен ұйымдарын жекешелендiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
      салалық монополизациясыздандыру бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi, тұрғын үй рыногын, коммуналдық қызметтердi және құрылыс материалдары өнеркәсiбi тауарларын құрудағы кәсiпорындар арасындағы бәсекелестiктi дамытуға ықпал жасайды;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiмен бiрлесiп жаңа тұрғын үй саясаты Мемлекеттiк бағдарламасы мен оны жүзеге асырудың механизмдерiн жүзеге асыру бойынша тұрғын үй лотереяларын және басқа да iс шараларды ұйымдастырады және өткiзедi;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп тапсырыс берушiлерi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын атқару өкiметiнiң органдары, ұйымдар мен мекемелер болып табылатын құрылысы аяқталмаған үйлердi құрылысын аяқтау үшiн беру не болмаса сату туралы шешiм қабылдайды;
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-бап) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен анықталған қызметтер түрлерiн белгiленген тәртiпте мемлекеттiк лицензиялауды қамтамасыз етедi;
      сертификациялық қызметтi ұйымдастыруға және құрылыс өнiмдерiне белгiленген тәртiппен сертификаттар берiлуiне ықпал жасайды;
      құрылыстың, объектiлердiң құрылысын салу кезiнде қолданылатын материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын ұйымдастырады;
      инвестициялардың техникалық-экономикалық негiздерiне (ТЭН), құрылыс жобаларына, сондай-ақ қала құрылысы құжаттамаларына белгiленген тәртiпте мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптаулар жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      салалық акционерлiк қоғамдардың келiсiмi бойынша мердiгерлiк ұйымдарды, құрылыс индустрияларының базаларын, құрылыс материалдары өнеркәсiптерiн, құрылыс машиналарын жасауды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кешендi дамытудың аймақ аралық бағдарламаларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды жүзеге асырады;
      жобалау, жобаларды сараптау, инженерлiк зерттеу, баға құрылымы және құрылыстағы сметалық iс салаларында әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      олардың тұрғысына қарамастан мемлекеттiк инвестициялардың есебiнен немесе мемлекеттiң кепiлдiгiмен шетел кредиттерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылатын құрылыс жобалары мен объектiлердi қайта конструкциялаудың техникалық-экономикалық негiздерiн (ТЭН) бекiтудiң тәртiбiн жасайды;
      республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргiзудiң бағытын қалыптастырады және орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, зерттеудiң және жасаудың нәтижелерiн құрылысқа енгiзуге ықпал жасайды;
      өндiрiстiк және тұрғын үй-коммуналдық тұрғыдағы объектiлер құрылысының эксперименттiк, типтiк және базалық жобалық шешiмiн жасауды ұйымдастырады және бекiтедi;
      еңбектi ұйымдастыруды және нормалауды жетiлдiрудi әдiстемелiк қамтамасыз етуге қатысады, Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне қолданылып жүрген тарифтiк-квалификациялық анықтамаға кiрмеген жұмысшылармен лауазымды қызметкерлердiң мамандықтары бойынша тарифтiк-квалификациялық мiнездеме ұсынады;
      құрылыстың, құрылыс материалдары өнеркәсiптерiнiң, құрылыс индустриясының, құрылыс машиналарын жасаудың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қажетi үшiн кадрларды дайындауды, қайта дайындауды және мамандықтарын арттыруды ұйымдастырады;
      белгiленген тәртiпте құрылыс саласында шетелдермен және халықаралық ұйымдармен ғылыми-техникалық және экономикалық әрiптестiктi жүзеге асырады, құрылыс қызметiндегi әрiптестiк бойынша ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердiң Үкiметаралық кеңесiнiң жұмысына қатысады;
      қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп қызмет атқарады, олардың келiсiмi бойынша сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында әлеуметтiк, экономикалық және техникалық саясаттарды жасауға тартады;
      мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғаныс жөнiндегi iс шаралардың кешенiн жоспарлы жүргiзудi жүзеге асырады.
 
          III. Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй
               және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң
                        негiзгi құқықтары
      6. Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң:
      өз құзыретi шегiнде нормативтiк ведомстволық актiлердi қабылдауға, құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салаларында бұйрықтар шығаруға;
      мемлекеттiк нормативтердi бекiтуге және қолданысқа енгiзуге және белгiленген тәртiпте құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына техникалық шарттарды келiсуге;
      белгiленген тәртiпте министрлiктер мен жергiлiктi атқару органдарының сәулет-қала құрылысы қызметтерi саласындағы нормативтiк актiлерге қайшы келетiн актiлер мен жекелеме шешiмдерiн тоқтату және жою жөнiнде ұсыныс енгiзуге, құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк құжаттарды қолдану мәселелерi бойынша түсiнiк беруге және басқадай шешiмдер қабылдауға;
      атқарушы өкiметтiң басқа органдары сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында жасаған нормативтiк актiлердiң жобалары бойынша ұсыныс әзiрлеуге;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша өз құзыретiнiң шегiнде мақсатты бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырыс берушi болуға және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге;
      белгiленген тәртiпте құрылыс өнiмдерiн сертификациялау жөнiндегi сынақ лабораторияларын (орталықтарын) кредиттендiрудi жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк басқару органының функциясына сәйкес сәулет-қала құрылысын бақылау салаларында құрылыстың барлық сатыларында өнiм шығару кезiнде нормативтiк-техникалық және жобалау құжаттамалары талабының сақталуына бақылау жүргiзудi қамтамасыз етуге және аңғарылған кемшiлiк үшiн қажет болған жағдайларда заңда белгiленген санкция қолдануға құқы бар.
 
                    IҮ. Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй
                        және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң
                                 қызметiн ұйымдастыру
      7. Қазақстан Республикасының Құрылысминiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады.
      Министрдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және қызметiнен босататын министрдiң орынбасарлары болады.
      Министр:
      саланың даму жағдайы, Президент пен Үкiметтiң заңдарының, актiлерiнiң орындалуы үшiн жауапкершiлiк жүктейдi;
      Министрлiктiң қызметiне басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын енгiзедi;
      Министрдiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн бөледi;
      атқару өкiметiнiң басқа органдарының басшыларымен бiрлескен нормативтiк құжаттар шығарады;
      жұмысшылар саны мен еңбекақы төлеу қорының белгiленген шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының штаттық кестесiн, бөлiнген ассигнованиялар шегiнде оны ұстау шығынының сметасын, сондай-ақ Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
      белгiленген тәртiпте Министрлiктiң жүйесiне кiретiн ұйымдарды құрады, қайта құрады және жояды, олардың басшыларын тағайындайды және қызметiнен босатады;
      белгiленген тәртiпте сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында айрықша көзге түскен мамандарды құрметтi атақтар беруге және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсынады.
      8. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнде Министрлiктiң жанындағы консультативтiк-кеңесушiлiк орган болып табылатын алқа құрылады.
      Алқаның жеке құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының iшiнен Министр бекiтедi, алқа мәжiлiсiнiң кезеңдiлiгi мен күн тәртiбiн Министр анықтайды.
      Алқа өз мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң қызметiндегi маңызды мәселелердi қарайды. Алқаның шешiмi хаттамалармен ресiмделедi және министрдiң бұйрығымен өмiрге енгiзiледi.
      Алқаның мәжiлiстерiне қажет болған жағдайларда талқыланатын мәселелерге тiкелей қатынасы бар мемлекеттiк басқару органдарының, кәсiпорындардың және мекемелердiң басшылары, ғалымдар мен мамандар қатысады.
      9. Құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы проблемаларды талдау үшiн Қазақстан Республикасының Құрылысминiнде сәулет және қала құрылысы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Көрсетiлген кеңестiң жеке құрамы мен ол туралы ереженi Министр бекiтедi.
      10. Қазақстан Республикасының Құрылысминi заңда белгiленген тәртiпте Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн журналдар, газеттер және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын шығаруға құқықты.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады