Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Куба Республикасы Үкiметiнiң арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 сәуiр N 421

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1995 жылғы 4 қаңтарда Гаванада қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Куба Республикасы Үкiметiнiң арасындағы

мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


         Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Куба Республикасының

         Үкiметi арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы

                                 КЕЛIСIМ


      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Куба Республикасының Үкiметi,


 
       егемендiк теңдiкке және бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпауға негiзделген екi мемлекет арасындағы достық қатынастарды дамытып, нығайту ниетiн көздей отырып,
      ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, туризм мен спорт

 

саласындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысты

басшылыққа ала отырып,

     халықаралық құқық нормаларына, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының

мақсаттары мен принциптерiне адалдықты қуаттай отырып,

     мына төмендегiлер жайында келiстi:


                             1-бап


     Тараптар ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, туризм

мен спорт саласындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты көтермелейдi.


                             2-бап


     Тараптар мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында:


 
       мәдениет, әдебиет пен өнер делегациялары мен қайраткерлерiн,

 

көркем және шығармашылық ұжымдарды, оқытушылар мен мамандарды

алмасуға;

     екi елдiң халықтарын мәдени мұрамен таныстыру мақсатында ғылыми

және көркем әдебиеттi аударуға және жариялауға;

     мәдениет пен өнер Күндерiн, әртүрлi көрмелердi, фильмдердiң

фестивальдарын ұйымдастыруға және өткiзуге;

     радио және телевизия бағдарламаларын, би және ән ұжымдарын

алмасуға;

     ғылыми-көпшiлiк және көркем әдебиеттi, фильмдердi, мерзiмдiк

басылымдарды алмасуға жәрдемдеседi.


                             3-бап



 
       Тарапта екi елде өткiзiлетiн конгрестерге, симпозиумдар мен

 

семинарларға ғылыми қызметкерлердiң өзара қатысуына жәрдемдеседi,

сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықтың басқа да нысандарын пайдаланады.


                             4-бап


     Тараптар мынадай бағыттар бойынша ғылым мен бiлiм саласында

ынтымақтасып, тәжiрибе алмасуға жәрдемдеседi:

     дәрiс оқу және ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн аспиранттар,

стажерлер, оқытушылар және басқа мамандар алмасу;

     екi ел халықтарының тiлi мен әдебиетiн, тарихы мен мәдениетiн

зерттеу.


                             5-бап


     Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес музей, кiтапхана

және архив қорларымен танысу үшiн мамандарға өзара мүмкiндiк

туғызады.


                             6-бап


     Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық

келiсiмдерге сәйкес өз аумақтарында заңды ұйымдар мен жеке

адамдардың авторлық құқықтарын өзара қорғайды.


                             7-бап


     Тараптар тәжiрибе, мамандар, әдiстемелiк талдамалар алмасу

жолымен денсаулық сақтау мен медицина саласындағы ынтымақтастықты

дамытып, тереңдетедi, сондай-ақ екi елдiң әрқайсысында

ұйымдастырылатын халықаралық жиындарға өз өкiлдерiн жiберiп отырады.


                             8-бап


     Тараптар спорт жарыстарын өткiзу және мамандар алмасу арқылы

спорт және жастар байланыстарының дамуын көтермелейдi.


                             9-бап


     Осы келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын

басқа да халықаралық келiсiмдерден туындайтын құқықтары мен

мiндеттерiне нұқсан келтiрмейдi.


                             10-бап


     Осы келiсiмдi орындау мақсатында Тараптар қаржы шарттарын және

ынтымақтастықтың ұйымдық нысандарын қамтитын жеке бағдарламалар жасап,

оларға қол қояды.


                             11-бап


     Тараптардың осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiнуiндегi алшақтықтар

консультациялар өткiзу арқылы реттеледi.


                             12-бап



 
       Осы Келiсiм екi Тарап өз заңдарында көзделген iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы бiр-бiрiн хабардар еткен сәттен бастап күшiне енедi.
 
                              13-бап
 
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Егер Тараптардың бiрi бес жылдық мерзiм бiткенге дейiн алты ай бұрын өзiнiң Келiсiмдi бұзғысы келетiнi туралы жазбаша түрде хабарламаса, оның қолданылуы келесi бес жылдық мерзiмге өзiнен-өзi ұзартылады.

 

     Осы келiсiм бұзылған жағдайда оның негiзiнде қол қойылған кез

келген ынтымақтастық бағдарламасы оның қолданылу мерзiмi бiткенге

дейiн өзiнiң күшiн сақтайды.

     Гавана қаласында 1995 жылы 4 қаңтарда қазақ, испан және орыс

тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сонымен бiрге барлық текстердiң

күшi бiрдей.


     Қазақстан Республикасының              Куба Республикасының

          Үкiметi үшiн                         Үкiметi үшiн






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады