Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 шiлдедегi N 989 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 12 сәуiр N 435. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.06.25. N 786 қаулысымен.

      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және "Қазақстан Республикасының 1930 жылғы 7 маусымдағы Женева конвенцияларына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 2418 U952418_ Жарлығының күшiне енуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Айналыс мерзiмi үш және алты ай болатын қысқа мерзiмдi қазыналық вексельдердi орналастыру және айналысқа шығуына қызмет ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 шiлдедегi N 989 P950989_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 25, 989-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      атауындағы және мәтiндегi "вексельдер" сөздерi "мiндеттемелер" сөздерiмен ауыстырылсын.
      1-тармақтағы "1995" саны "1995-1996" сандарымен ауыстырылсын;
      атауындағы және айналыс мерзiмi үш және алты ай болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық вексельдерiн шығарудың шарттары мен тәртiбiнiң мәтiнiндегi "вексельдер", "вексельдерi" сөздерi "мiндеттемелер", "мiндеттемелерi" сөздерiмен ауыстырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады