Айналыс мерзiмi үш және алты ай болатын қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелердi орналастыру және айналысқа шығуына қызмет ету туралы<*>
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 17 шiлде N 989. Атауындағы және мәтiнiндегi сөздер алмастырылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.04.12. N 435 қаулысымен. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.06.25. N 786 қаулысымен.
1. 1995-1996 жылы айналыс мерзiмi үш және алты ай болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелерiн шығарудың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ұлттық Банкi әзiрлеген шарттары мен тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.
04.12. N 435 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қаржы агентi ретiндегi Ұлттық Банкiмен бiрге айналыс мерзiмi үш және алты ай болатын мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелердi шығаруды ұйымдастырсын. <*>
3. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелердi сатудан алынған қаражат республикалық бюджеттiң кiрiсiне түседi деп белгiленсiн. <*>
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкiмен бiрге бiр айлық мерзiмде мемлекеттiк бағалы қағаздардың кодификациясын енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер- министрi
Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 17 шiлдедегi
N 989 қаулысымен
бекiтiлген
Айналыс мерзiмi үш және алты ай болатын
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қысқа
мерзiмдi қазыналық мiндеттемелердi шығарудың
ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI <*>
1. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "қағаз емес нысанда" үш және алты ай айналыс мерзiмiнде шығарады. <*>
2. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелердiң әрбiр эмиссиясының көлемiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi және Ұлттық Банкiне хабарлайды. <*>
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелерi айналысқа түсетiн бағалы қағаздар болып табылады және әуелгi делдалдар мен олардың инвесторлары арасында аукциондық негiздегi өзара келiсiмге сәйкес оларды Қаржы министрлiгiнiң тапсыруы бойынша Ұлттық Банк орналастырады. <*>
4. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелердi және жекелеген әуелгi делдалдың немесе инвестордың бiр аукционда сатып алу көлемiн, резидент еместердiң қатысу үлесiн, бәсекелестiк емес өтiнiмдердi қанағаттандыру процентiн Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгi әр аукционға жеке-жеке белгiлейдi. <*>
5. Айналыс мерзiмi үш ай болатын қазыналық мiндеттемелер аукционын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi апта сайын өткiзедi, айналыс мерзiмi алты ай болатын мiндеттемелер аукционын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өз қалауынша, бiрақ кем дегенде айына бiр рет өткiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң аукцион өткiзу күнi мен шарттары әуелгi делдалдарға өткiзуден күнтiзбелiк жетi күн бұрын еркiн нысандағы жазбаша ескерту арқылы хабарланады, онымен бiр уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Аукциондар өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерiмен реттеледi. <*>
6. Айналыс мерзiмi үш ай, алты ай болатын мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелердiң атаулы құны - 100 теңге. <*>
7. Қазыналық мiндеттемелер аукционға қатысушыларға әуелгi делдалдар мен олардың инвесторлары өз бетiнше белгiленген дисконттеу бағасы бойынша сатылады. <*>
8. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық мiндеттемелер иегерi оларды кепiлдiкке беруге, қайталама рынокта сатып алуға және сатуға құқылы. Бұл ретте инвестор сатып алу-сату және кепiлдiкке беру жөнiндегi барлық операцияларды әуелгi делдал арқылы ресiмдейдi. Кепiлге беру туралы шарт Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң депозитарийiнде тiркеледi. <*>
9. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi мiндеттемелердi есепке алу, олардың жылжуы мен сақталуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң депозитарийiнде "депо" шоттары бойынша және әуелгi делдалдардың тiкелей өз инвесторларына тиесiлi мiндеттемелер жөнiндегi субдепозитарийлерiнде жүргiзiледi. <*>
10. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгi үш айлық қазыналық мiндеттемелердi атаулы құны бойынша өтеудi оларды сатудан түскен қаражат бюджетке түскен сәттен бастап санағанда 91-күнi, ал алты айлық қазыналық мiндеттемелердi өтеудi 183-күнi жүзеге асырады. <*>
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз