"Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының бюджетпен өзара есеп айырысуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 сәуiр N 436

      "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының бюджетке төлем жөнiндегi берешектерiн азайту және қаржы жағдайын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Павлодар облысы әкiмiнiң және "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ бойынша 1996 жылдың 1 наурызына жинақталған 976238 мың (тоғыз жүз жетпiс алты млн. екi жүз отыз сегiз мың) теңге республикалық бюджетке төлем бойынша берешегiн осы зауыттың өз мұнайынан өндiрiлген мұнай өнiмдерiн беру жолымен өтеу туралы ұсынысы қабылдансын.
      Павлодар облысының әкiмi жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi осындай есептемелердi жүргiзу мүмкiндiгiн қарасын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша берешегi бар "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ арасындағы берешек есептемесiн қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (1-қосымша) жүргiзсiн.
      Аталған сома Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мекемелерiне 1996 жыл iшiнде алынған мұнай өнiмдерi құнының мөлшерiнде қаржыландыру есебiне есептелсiн.
      Берешек есептемесi республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде белгiленген соманы көрсете отырып жүргiзiлсiн.
      3. Аталған зауыттың республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегiн өтеу есебiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Шекара әскерлерiнiң мұқтажына арналған мұнай өнiмдерiн берудiң "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ келiсiлген кестесi, бағасы мен көлемi бекiтiлсiн (2-қосымша).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мұнай өнiмдерiн

беру кезеңiнде оларды берудiң бағасы, көлемi және кестесi сақталған
жағдайда осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген төлемдердiң уақыты
өтiп кеткенi үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ-на айыппұл
санкцияларын қолданбау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
     Жоғарыда аталған шарттар орындалмаған жағдайда салық заңдарында
белгiленген тәртiппен айыппұл санкциялары қолданылады.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 12 сәуiрдегi
                                         N 436 қаулысына
                                            1-қосымша

         "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының
          1996 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан
          Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан
          Республикасының Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi
          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мекемелерi оларға
          мұнай өнiмдерiн беру есебiне есептемеге алған
          республикалық бюджетке төлем бойынша берешегi

     ________________________________________________________
     N  | Бюджетке төлем         | Республикалық бюджетке
     р/с|    түрлерi             |берешек сомасы, мың теңге
     ________________________________________________________
     1.  Қосылған құнға салық             547969
     2.  Қосылған құнға уақытында
         төленбеген салыққа өсiм          86412
     3.  Акциздер                         245288
     4.  Заңды тұлғалардан алынатын
         табыс салығы                     94686
     5.  Мүлiкке салынатын салық             -
     6.  Жеке тұлғалардан алынатын
         табыс салығы                     1883

         Жиыны:                           976238

                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 12 сәуiрдегi
                                         N 436 қаулысына
                                           2-қосымша

         "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының
          1996 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Республикалық
          бюджетке салық төлемдерi бойынша берешектерiн өтеу
          есебiне 1996 жыл iшiнде Қазақстан Республикасының
          Қарулы Күштерi мен Шекара әскерлерi мұқтажына арнап
                        мұнай өнiмдерiн беру
                              Кестесi

     1. Беру мерзiмдерi
      Автобензин:
     2. саны, тонна
     3. тонна үшiн баға, теңге
     Дизель отыны:
     4. саны, тонна
     5. тонна үшiн баға, теңге
     Авиаотын:
     6. саны, тонна
     7. тонна үшiн баға, теңге
     Мазут:
     8. саны, тонна
     9.  тонна үшiн баға, теңге
     10. Барлық сома мың теңге
___________________________________________________________________
   1    |  2   |   3  |   4  |   5  |  6  |  7  |  8   |  9  | 10
___________________________________________________________________

       1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

Сәуiр     215   13500   225   9584  1175  11000   206  4518  18912
мамыр    2685   13500  3000   9584  1175  11000  4600  4518  98710
маусым   2685   13500  3000   9584  1175  11000  4600  4518  98710
шiлде    2685   13500  2700   9584  1175  11000              75052
тамыз    2685   13500  2700   9584  1175  11000  4600  4518  95835
қыркүйек 2685   13500  2700   9584  1175  11000  4600  4518  95835
қазан    4296   13500  4660   9584               6000  4518  129769
қараша   4296   13500  4660   9584               6000  4518  129769
желтоқсан4296   13500  4660   9584               6000  4518  129796
 Жиыны   26528         28305        7050         36606       872361

        2. Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi

Сәуiр
мамыр
маусым
шiлде     537   13500  500    9584               1100  4518   17011
тамыз     537   13500  500    9584               1100  4518   17012
қыркүйек  537   13500  500    9584               1100  4518   17012
қазан     537   13500  500    9584               1100  4518   17012
қараша    537   13500  500    9584               1300  4518   17915
желтоқсан 537   13500  500    9584               1300  4518   17915
  Жиыны   3222         3000                      7000         103877
____________________________________________________________________
  Барлығы 29750        31305                     43606        976238 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады