Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi Республикалық штаб туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 сәуiр N 440

      "Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлену мен өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 маусымдағы N 503 қаулысын орындау үшiн және мерейтойлық жұмыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етедi:
      1. Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi Республикалық штабтың (бұдан әрi - Штаб) құрамы бекiтiлсiн.
      2. Штабқа Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған салтанатты шараларды әзiрлеу мен өткiзу барысында Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, облыстар және Алматы қаласы әкiмдерiнiң акционерлiк және холдингтiк компанияларымен, қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасаудағы барлық жұмысын үйлестiру жүктелсiн.
      3. "Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлену мен өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 маусымдағы N 503 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 20, 358-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлену мен өткiзу жөнiндегi мерейтойлық комиссияның құрамына мыналар кiргiзiлсiн: И.Н. Тасмағамбетов (төрағаның орынбасары), С.Т. Тұрсынов (келiсiмi бойынша), Г.Т. Тәңiрбергенова (келiсiмi бойынша), У.Б. Мұхамеджанов, Ә.С. Көпiшев (келiсiмi бойынша), М.Ж. Жұрынов, Ө.Е. Шөкеев, Б.С. Шәкiров, Қ.А. Орынбеков;
      аталған комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын: А.С. Есiмов, Н.Ә. Әбiқаев, С.Ж. Әбiшев, С.Әшляев, М.С. Ахметов, Ө.Бәйгелди, Л.К. Бекетова, Е.А. Мәмбетқазиев, С.Нүкетаев, Қ.С. Сұлтанов, А.А. Тiлеубердин.
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi мен Алматы облысының әкiмi бiр апталық мерзiмде мерейтойлық шаралардың шығыстарының бiрыңғай сметасы мен қаржыландыру кестесiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне келiсуге берсiн.
      5. Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң мерейтойлық

қоғамдық-саяси шараларды қаржыландыруға 19 млн. теңге сомасында
iскерлiк қатысуы туралы ұсынысы қолдау тапсын. Аталған қаражат
мерейтойлық шаралар бойынша бөлуге сәйкес шығыстардың бiрыңғай
сметасына кiргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 15 сәуiрдегi
                                       N 440 қаулысымен
                                             бекiтiлген

              Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына әзiрлiк және
              оны өткiзу жөнiндегi Республикалық штабтың
                              Құрамы

     Тасмағамбетов И.Н.      - Қазақстан Республикасы
                               Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                               Штаб жетекшiсi
     Макиевский Н.М.         - Қазақстан Республикасы
                               Премьер-Министрiнiң орынбасары, Штаб
                               жетекшiсiнiң орынбасары
     Мамашев Т.А.            - Қазақстан Республикасының Мәдениет
                               министрi, Штаб жетекшiсiнiң орынбасары
     Үмбетов С.Ә.            - Алматы облысы әкiмi, Штаб
                               жетекшiсiнiң орынбасары
     Абдрахманов С.А.        - Қазақстан Республикасы Мәдениет
                               министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Әбiшев С.Ж.             - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                               Iс Басқарушысы
     Аманшаев Е.А.           - Қазақстан Республикасының Үкiметi
                               Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму
                               бөлiмi мәдениет секторының меңгерушiсi
     Асқаров Ә.А.            - Қазақстан Республикасы Баспасөз және
                               бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi
                               ұлттық агенттiк төрағасының орынбасары
                               (келiсiмi бойынша)
     Бегманов Қ.С.           - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                               Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму
                               бөлiмiнiң аға референтi
     Бекболатов Ш.Х.         - "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк
                               акционерлiк компаниясының президентi
     Биманбетов Б.Т.         - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                               Аппараты Басшысының бiрiншi орынбасары
     Жомартов А.И.           - "Легпром" мемлекеттiк холдинг
                               компаниясының президентi
     Досмұхамбетов Т.М.      - Қазақстан Республикасының Жастар iсi,
                               туризм және спорт министрi
     Жетенов Ү.Ж.            - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                               Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары,
                               Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң
                               меңгерушiсi (келiсiмi бойынша)
     Жұрынов М.Ж.            - Қазақстан Республикасының
                               Бiлiм министрi
     Ким. Г.В.               - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                               саясат жөнiндегi мемлекеттiк
                               комитетiнiң төрағасы
     Көпiшев Ә.С.            - "Қазақстан теледидары мен радиосы"
                               республикалық корпорациясының
                               президентi (келiсiмi бойынша)
     Құлыбаев А.А.           - Қазақстан Республикасының Құрылыс,
                               тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
                               салу министрi
     Құлмаханов Ш.           - Алматы қаласының әкiмi
     Мұхамеджнов О.Б.        - Қазақстан Республикасының Үкiметi
                               Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму
                               бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Мұхамедиев Қ.Ш.         - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                               Аппараты Қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң
                               меңгерушiсi
     Найманбаев Қ.Н.         - Қазақстан Жазушылар одағы
                               басқармасының бiрiншi хатшысы
                               (келiсiмi бойынша)
     Орынбеков К.О.          - Алматы облысы Жамбыл ауданының
                               әкiмi
     Павлов А.С.             - Қазақстан Республикасының Қаржы
                               министрi
     Тәңiрбергенова Г.Т.     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                               Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
                               меңгерушiсi (келiсiмi бойынша)


                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 15 сәуiрдегi
                                       N 440 қаулысына
                                              қосымша

          Мерейтой шараларын қаржыландыруға үлестiк қатысу
                           қаражатын
                             Бөлу
                                                млн. теңге
___________________________________________________________________
       Облыс                         1996 жылғы II тоқсан
___________________________________________________________________
     Ақмола                               1,0
     Ақтөбе                               1,0
     Атырау                               1,0
     Шығыс Қазақстан                      1,0
     Жамбыл                               1,0
     Жезқазған                            1,0
     Батыс Қазақстан                      1,0
     Қарағанды                            1,0
     Қызылорда                            1,0
     Көкшетау                             1,0
     Қостанай                             1,0
     Маңғыстау                            1,0
     Павлодар                             1,0
     Солтүстiк Қазақстан                  1,0
     Семей                                1,0
     Талдықорған                          1,0
     Торғай                               1,0
     Оңтүстiк Қазақстан                   1,0
     Алматы қаласы                        1,0
     Барлығы                            19,0 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады