Атырау қаласының өнеркәсiп, көлiк және әлеуметтiк-мәдени салаларын серпiндi дамытудың проблемаларын шешу және оның инфрақұрылымын дамыту үшiн қосымша инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. АҚШ-тың Халықаралық даму жөнiндегi агенттiгiнiң (USAID) қатысуымен Атырау облысының әкiмi әзiрлеген 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған Атырау қаласын ұзақ мерзiмдi дамыту стратегиясы, оны жүзеге асыру үшiн қажет инвестицияларды тартудың ұсынылған схемасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Экономика министрлiгiмен және Атырау облысының әкiмiмен бiрлесiп 1997 жылғы республикалық бюджеттi жасау кезiнде және одан кейiнгi жылдары Стратегияның бүкiл iс-қимылы кезеңiнде алғашқы кредиттердi төлеу үшiн кiрiстердiң бiр бөлiгiн пайдалану қажеттiгiн ескере отырып, Атырау облысы бойынша республикалық бюджетке жалпы мемлекеттiк салықтардан тұрақты аударымдар жасау тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, басқа да мүдделi ортақ атқарушы органдары Стратегияда көзделген жобаларды жүзеге асыру кезiнде халықаралық банк мекемелерiнiң қажеттi инвестицияларды бөлуiне практикалық көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi