N 3 республикалық спорт колледжiн беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 сәуiр N 485

      Спорттағы жоғары жетiстiктердi одан әрi дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi үшiн дене тәрбиесi мен спорт мамандарын даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. 1996 жылғы 1 мамырдан бастап N 3 республикалық спорт колледжiн өзiнде бар материалдық-техникалық базасымен, жабдығымен және мүкәммалымен Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң жүйесiнен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң қарамағына беру туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi N 3 республикалық спорт колледжiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң балансына берсiн.
      3. Жоғарыда аталған колледж армияның орталық спорт клубының әскери спорт колледжi (бұдан былай - Колледж) болып қайта аталсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      оқу процесiн бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарын сақтап және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi үшiн дене тәрбиесi мен спорт бойынша орта арнаулы бiлiмдi мамандарды тиiстi санаттарының жаңа бейiнiне сәйкес ұйымдастырсын және ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде қажеттi материалдық-техникалық жағдайларды қамтамасыз етсiн;
      бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiп Колледж туралы қолданып жүрген Ережеге тиiстi өзгерту енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiстер мен шығыстар жазбасына 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң "Бiлiм беру мен кадрларды кәсiби даярлау" бөлiмi бойынша бекiтiлген қаражаттың шегiнде заңда белгiленген тәртiппен өзгерту енгiзсiн.
      6. Колледждi жаңа оқу бағдарламасын ойдағыдай бiтiрген түлектерге

"кiшi лейтенант" әскери атағы берiлсiн және олар әскери қызметтен өту
үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тиiстi әскери
бөлiмдерiне жiберiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады