"Испат-Кармет" компаниясының бюджетпен өзара есеп айырысуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 сәуiрдегi N 490

      "Испат-Кармет" компаниясы мен "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының бюджетпен өзара берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Испат-Кармет" компаниясы алдындағы қосылған құнға салынатын 88,0 (сексен сегiз) млн. теңге сомасындағы салықты қайтару жөнiндегi берешектi "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорны алдындағы босатылған электр энергиясы мен "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының қосылған құнға салынатын салық бойынша бюджетке төлемi жөнiндегi берешегi үшiн "Испат-Кармет" компаниясының берешегiн өтеу есебiне есептеу жүргiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады