"Целлюлоза-картон заводы" акционерлiк қоғамында қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 сәуiрдегi N 506

      "Целлюлоза-картон заводы" акционерлiк қоғамының төлем жасау қабiлетiн қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiн ескерiп Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Целлюлоза-картон заводы" акционерлiк қоғамына оның кредиторларының қатысуымен сыртқы басқаруды белгiлеу және санация жүргiзу жолымен оның төлем жасау қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп "Целлюлоза-картон заводы" акционерлiк қоғамының қаржы және мүлiк жағдайына бағалау жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Медетшi банкi "Целлюлоза-картон заводы" акционерлiк қоғамының мүлкiн басқару функциясымен қоса, оның iшiнде 51 процент мөлшерiндегi акциялар пакетi берiлiп, сенiмдi басқарушы болып белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi "Целлюлоза-картон заводы" акционерлiк қоғамын санациялау жөнiндегi шараларды белгiленген тәртiппен жүргiзсiн. Қабылданған бизнес жоспарға сәйкес, оны кредиттеу лимитiн айқындасын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес "Целлюлоза картон заводы" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк пакетiн сату мақсатында инвесторлар тарту шараларын қолдансын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады