"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 409-бап) орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Облыстық орман шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiктерi облыстық орман шаруашылығы бiрлестiктерi болып қайта құрылсын, оларға облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқарудың атқарушы органы қызметi жүктелсiн.
Орман шаруашылығы өндiрiстiк кәсiпорындары және орман аңшылығы кәсiпорындары - тиiсiнше орман шаруашылығы (орманшары) және орман аңшылығы шаруашылығы болып қайта құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң қарамағына 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бар штатымен, қаржысымен және материалдық-техникалық базасымен:
"Охотзоопром" кәсiпорындарының аңшылық-кәсiпшiлiк және зоологиялық өндiрiстiк бiрлестiгi (мемаңөнеркәсiпшаруашылығы жүйесiмен қоса);
Түрген механикаландырылған жемiс орман шаруашылығы, оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Есiк" агроөнеркәсiп комбинаты құрамынан бөле отырып;
Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстiрт мемлекеттiк қорығы - Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң құрамынан бөле отырып берiлсiн.
Қорықшылық жұмысын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгiне - Ғылым академиясына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн аталған құрылымдарды қабылдауды және берудi жүзеге асырсын.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар орман, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және жерге орналастырудың аумақтық органдарымен бiрлесе отырып, 1996 жылы ормандардың биологиялық алуан түрлiлiгiн сақтау және өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында барлық жер пайдаланушылар (ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының жекешелендiрiлген жерлерiнен басқа) мен бұрын Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнiң құрамына енбеген жерлердегi жабайы жемiс-жидек және басқа құнды екпе ағаштарды, өзендердiң су жайылымы учаскелерi мен су қоймалары аймақтары жағаларындағы орман жерлерiн орман қоры құрамына берудi анықтасын және бөлiп берсiн.
5. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi, Экология және биоресурстар министрлiгi белгiленген тәртiппен табиғат қорғау қорының қаржысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының тiршiлiк етуi жөнiндегi шараларды өткiзу бойынша табиғат қорғау заңдарының сақталуы жөнiндегi бақылау-инспекциялық қызметтен алынатын қаржысын пайдалануды реттеу бойынша ұсыныс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орман және егерлiк қорғау кадрларын ынталандыру, тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi жүйесiнде орманшылар (егерлер) еңбегiне ақы төлеу жөнiнде разрядтарды ұлғайту туралы мәселенi қарасын және шешсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiне оның мүлiктi және ведомствоға қарасты бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын берсiн.
8. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi:
Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн арнаулы киiмнiң сипаттамасын, айырым белгiлерiн, оны берудiң нормасын және арнаулы киiмдi киiп жүруге құқығы бар Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi жүйесi қызметкерлерiнiң лауазымдық санаттарының табелiн жасасын және тапсыратын болсын;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып,
үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының
қабылдануына байланысты Республика Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгерiстер
енгiзу және оның күшi жойылғанын тану туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 26 сәуiрдегi
N 513 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi
туралы
Е Р Е Ж Е
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi (Қазорманкомитетi) республиканың орман қорын, орман және аңшылық шаруашылығын, оның иелiгiне берiлген ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын, оның құрылымына енетiн (осы Ережеге қосымшаға сәйкес) бiрлестiктердi, кәсiпорындар мен ұйымдарды және оларға қатысы бойынша мемлекеттiк меншiк құқық субъектiсi функциясын орындаушы мемлекеттiк басқару жүзеге асырушы, Үкiмет құрамына енбейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ормандардың және аңшылық дүниесiнiң жәй-күйiн, ұдайы өндiрiлуiн, қорғау, сақтау және пайдалану үшiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк бақылау органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Парламентi мен Президентi және Үкiметiнiң актiлерiн, осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi өзiне қарасты орман шаруашылығы бiрлестiктерiмен және кәсiпорындарымен, сондай-ақ өзiнiң құрамына енетiн басқа да бiрлестiктермен, кәсiпорындармен және ұйымдармен бiрлесе отырып, ормандарды, орман және аңшылық ресурстары үшiн, оларды қорғау, сақтау және ұдайы өсiру, ұтымды да сарықпай пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару мен бақылаудың бiрыңғай жүйесiн құрады.
4. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi жүйесiндегi мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың ормандарды, аңшылық дүниесiн ұдайы өсiру, қорғау, сақтау қызметiн, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұстау мен дамытуды, сондай-ақ Комитеттiң орталық аппараты мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарын ұстауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады. Аталған қызметтi қаржыландыру үшiн, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, заңды тұлғалардың, азаматтардың (шетелдiктердi қоса) ерiктi түрдегi жәрдемi, шетелдiк инвестициялар тартылуы мүмкiн.
5. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi жергiлiктi атқарушы органдармен, министрлiктермен, осыған өкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдармен, кәсiпорындарымен, ұйымдармен - орман және аңшылықты пайдаланушылармен бiрге Қазақстан Республикасының орман мен аңшылық ресурстарын қорғау, ұтымды және сарықпай пайдалану, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының сақталуы үшiн белгiленген заң тәртiбiмен жауапты болады.
6. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi өз құзыры шегiнде облыстардың, аудандар мен қалалардың атқарушы органдарымен, министрлiктермен және өзге де атқарушы органдармен, банктiк құрылымдармен, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгiнiң - Ғылым академиясының ғылыми мекемелерiмен, басқа да ғылыми, қоғамдық бiрлестiктермен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, құқық қорғау және өзге де арнаулы өкiлеттi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарының өз құзыры шегiнде қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының аумағындағы ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан барлық орман иеленушiлер, орман пайдаланушылар, аңшылықты пайдаланушылар, сондай-ақ азаматтар үшiн орындауға мiндеттi болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi заңды тұлға болып табылады, банк мекемелерiнде бюджеттiк, есеп айырысу және өзге де шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және қазақ және орыс тiлдерiне өзiнiң толық атауы болады.
2. Мiндеттерi
8. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнiң негiзгi мiндеттерi:
орман және аңшылық шаруашылығын жүргiзу, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының қызмет атқару және дамуы мәселелерiнде бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты белгiлеу мен жүргiзу;
орман және аңшылық ресурстарын олардың экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк маңызын ескере отырып, қорғау, сақтау, ұдайы өсiру, ұтымды және сарықпай пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;
орман мен аңшылық дүниесiнiң жәй-күйiн, ұдайы өсiрiлуiн, қорғалуы, сақталуы мен пайдаланылуы үшiн мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ормандардың қорғаныштық функцияларын арттыру мақсатында орман, аңшылық шаруашылықтарды және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамыту, олардың сапалық құрамын жақсарту, өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуандылығын сақтау, өсiмдiк және жануарлар ресурсын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман қоры жерлерiн пайдалану жөнiндегi басым бағыттары анықтау, мемлекеттiк және ұлттық бағдарламаларды жасау мен iске асыру;
орман қоры мен ауланатын жануарлардың, ормандық экологиялық жүйесiн мониторингiн, мемлекеттiк орман кадастры мен жануарлар дүниесiнiң кадастрының (аңшылық, жәндiктер-зиянкестер және орман үшiн пайдалы объектi болып табылатын) мемлекеттiк есебiн жүргiзу, есептелген ағаштарды бекiту, сондай-ақ орман пайдалану мен салалық нормативтердiң басқа да нормаларын әзiрлеу және бекiту;
ормандарды, ерекше қорғалатын аумақтарды қоса, өрттерден, заңсыз ағаш кесушiлiктен және басқа да орман заңдары мен орман пайдалануды бұзушылықтан қорғау, ормандарды зиянкестер мен аурулардан сақтау;
орман ресурстарын ұдайы өсiру, республиканың және оның жекелеген аймақтары аумағының ормандылығын, қорғаныштық орман өсiрудi арттыру;
орман пайдаланушыларға ағаштар қоры мен басқа да орман ресурстарын белгiленген тәртiппен бөлу және бекiтiп беру;
орман және аңшылық ресурстарын пайдалану үшiн ақы төлеудi енгiзу негiзiнде орман және аңшылық шаруашылығын басқарудың экономикалық нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, нарықтық қатынастар жағдайларында кәсiпорындар қызметiн ұйымдастыру;
аңшылық шаруашылығын дамыту, аңшылық дүниесiн қорғау мен ұдайы өсiру, оны ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi жүйесiне енетiн ұлттық табиғат парктерiнiң, қорықтардың, қорғалымдардың және басқа ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мен объектiлерiн құру және қызметiне басшылық жасау;
орман және аңшылық шаруашылықтарын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын нормативтiк-әдiстемелiк, ғылыми және жобалық жағынан қамтамасыз ету;
орман және аңшылық шаруашылықтар, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту болып табылады.
3. Функциялары
9. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын, орман және аңшылық шаруашылықтарын дамытудың кешендi бағдарламасын болжау мен әзiрлеудi және оларды iске асыру механизмiн жүзеге асырады;
ормандарды топтар мен қорғаныштық санаттарына жатқызу және оларды бiр топтан немесе қорғаныштық санатынан басқасына көшiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оны Үкiметтiң бекiтуiне ұсынады;
орман қорының мемлекеттiк есебiн өткiзудi, мемлекеттiк орман кадастры мен ормандық экологиялық жүйенiң мониторингiн жүргiзудi, орман және аңшылық орналастыруды жүзеге асыруды, орман және аңшылық шаруашылықтарды, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұйымдастыру мен дамыту жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жөнiндегi есептi ағаштарды олардың ведомстволық қарастылығына және орман пайдаланушылардың иелiк ету нысандарына қарамастан бекiтедi;
Республиканың экономика министрлiгiмен келiсiм бойынша басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу бойынша ағаштар қорын бөледi, сондай-ақ белгiленген тәртiпте орманның қосалқы ресурстарын пайдалану лимитiн бекiтедi, оларды дайындауға рұқсат бередi;
ормандардың су қорғаушылығын, егiстi және топырақ қорғаушылығын, санитарлық және басқа орманның табиғат қорғаушылық функцияларын күшейту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
ормандарды өрттерден, ағашты өз бетiмен кесушiлiктен және орманға зиян келтiретiн басқа да әрекеттерден қорғауды авиациямен және жерде ұйымдастырады;
мемлекеттiк орман күзетiне, орман патологиялық қадағалауды және зиянкестер мен аурулар ошақтарының есебiн алуды жүзеге асыруға, орманды зиянды жәндiктер мен аурулардан сақтау жөнiндегi профилактикалық және басқа да шараларды өткiзуге басшылық жасайды;
орман ресурстарын ұдайы өсiру, ормандардың өнiмдiлiгi мен сапалық құрамын арттыру, оларды күтiп-баптау, егiс қорғайтын орман белдеулерiн құру, құмдалақтарды, эрозияға ұшыраған жерлердi және жайылымдық жерлердi ормандандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
селекциялық негiзде ағаш тұқымы iсiн және ағаш тұқымбағы шаруашылығын ұйымдастырады және дамытады, сүрек пен ағашбұта тұқымдарын дайындауды, екпелiк материалды өсiрудi қамтамасыз етедi;
орман ресурстарын пайдалануға беру жөнiндегi орман шаруашылығы аумақтық органдарының жұмысын, ағаш саудасын өткiзудi, орман жерлерiн орман пайдаланушыларға бекiтiп берудi, сондай-ақ ағашы кесiлген жерлердi дер кезiнде ағаштардың құнды тұқымдарымен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн тәсiлдермен есептi ағаштарда белгiленген мөлшерде ағаштар қорын игеру, ормандардың жасы мен тұқым құрамын жақсарту және олардың қорғаныштық функцияларын сақтау жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;
күтiп-баптау үшiн кесуден және сүректiк қалдықтардың ұсақтоварларын қоса, сүректердi дайындау мен ұқсатуды, қосымша ағаш материалдарын, орманның тамақ өнiмдерiн, дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзаттарды дайындау мен ұқсатуды, сондай-ақ басқа да қосалқы ағаштарды пайдалану, қосалқы ауыл шаруашылығын дамытуды ұйымдастырады;
барлық орман пайдаланушылардың орман заңдарын, ормандар мен орман қоры жерлерiн пайдаланудың белгiленген тәртiбi мен ережелерiн, орман шаруашылығын жүргiзу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттамалардың, ормандық ресурстарды пайдалану саласындағы басқа да нормалар мен ережелердiң сақталуына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
нарықтық қатынастар жағдайларындағы жұмысты ескере отырып, орман шаруашылығын басқарудың экономикалық механизмiн жетiлдiредi;
нарықтық қатынастар жағдайларында өндiрiс пен ормандық және аңшылық ресурстарын iске асыру саласында салалық саясатты белгiлеу мақсатында маркетингiлiк зерттеулердi жүзеге асырады;
ормандарды орман таксалық аудандар бойынша бөледi, сондай-ақ өсiп тұрған сүректi такса бойынша босату жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
сондай-ақ орман және аңшылық шаруашылықтарын жүргiзудiң принциптерiн айқындау және реттеушiлiк тәртiбi мәселелерi бойынша республика заңдары жобаларын, нормативтiк актiлерiн әзiрлейдi, орман мен аңшылықты пайдалану ережесiн; жер және орман ресурсы үшiн жалдау төлемдерiн қоса орманды пайдаланғаны үшiн төлем тәртiбiн; орман өрттерi, өнеркәсiптiк қалдықтар мен шаруашылық қызметiнiң басқа түрлерi, орман заңдарын бұзушылықтан келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеу және шығынды өндiрiп алу тәртiбiн, сондай-ақ ведомстволық нормативтi актiлердi бекiтедi;
аңшылық дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ шетел азаматтары үшiн аң аулауды ұйымдастыруды қоса, кәсiпшiлiк, спорттық-әуесқойлық аң аулауды дамытуды қамтамасыз етедi;
аңшылық ресурстарын пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, бекiтiлген лимиттер мен квоталарға сәйкес республика аумағында ауланатын жануарларды иелену құқығына рұқсат берудi жүзеге асырады;
жануарлардың мемлекеттiк есебiн алу мен кадастрлық (аң аулауға жатқызылған объектiлер, сондай-ақ жәндiктер мен зиянкестер және орман үшiн пайдалы) қызметтi ұйымдастырады, аңшылық дүниесi ресурстарын түгендеу, аңшылық және орман шаруашылығына зиян келтiретiн жануарлар санын реттеу жөнiндегi жұмысты жүргiзедi, республика аумағындағы аңшылық жерлердi аңшылықты пайдаланушыларға бекiтiп беру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
ұлттық табиғат парктерi, қорықтар, қорғалымдар және басқа ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мен объектiлердiң тiршiлiк етуiн қамтамасыз етедi және олардың одан әрi қызмет атқаруы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
ормандарды рекреациялық және ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануды қамтамасыз етедi;
сала кәсiпорындарының бүкiл кешенi бойынша оларда жүргiзiлетiн шараларды жобалық-сметалық құжаттамамен қамтамасыз ету үшiн жобалық-iздестiру жұмысын ұйымдастырады;
орман және аңшылық шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының тiршiлiк етуi саласында басым бағыттарды және аса маңызды ғылыми-техникалық проблемаларды белгiлейдi, олар бойынша ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалық жұмыстар жүргiзудi, сондай-ақ ғылым, техника және озық тәжiрибе жетiстiктерiн енгiзудi ұйымдастырады;
салада стандарттарды әзiрлеу және орман мен аңшылық шаруашылықтарын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары объектiлерiн метрологиялық қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және үйлестiредi;
орман және аңшылық шаруашылықтардың аумақтық органдарын, ведомствоға қарасты кәсiпорындар мен ұйымдарды белгiленген тәртiппен қаржыландырады;
бастапқы бухгалтерлiк есептi ұйымдастырады, ведомствоға қарасты құрылымдардағы есепке алу мен есеп берудiң жәй-күйiн бақылайды, қызметтiң барлық түрлерi бойынша есеп беру мен баланс жиынтығын қарайды және жасайды, заңда белгiленген тәртiппен сала бөлiмшелерiн басқаруға байланысты басқа да жұмысты жүргiзедi;
орман туралы, республика халқын өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне ұқыпты көзқарас рухында тәрбиелеу туралы бiлiмдердi насихаттау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
салада, өз құзыры шегiнде, ТМД және алыс шетелдiк мемлекеттермен сыртқы экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады және үйлестiредi;
қаржыландырудың мемлекеттiк көздерi мен комитеттiң өзi және оның жергiлiктi жерлердегi органдары, басқа да көздер қалыптастыратын қаражат есебiнен орман және аңшылық шаруашылықтардың, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының материалдық-техникалық базасын дамыту және жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жүргiзедi;
жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдарды олардың ормандар мен аңшылық дүниесiн қорғау және сақтау, ұдайы өсiру жөнiндегi жұмыстарды орындауын қамтамасыз етуi үшiн материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
саланы бiлiктi кадрлармен, олардың бiлiктiлiгiн көтерудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
салада қауiпсiздiк жағдайларын жасау және еңбек қорғауды жақсарту жөнiндегi жұмысқа әдiстемелiк және ұйымдастырушылық басшылық жасауды жүзеге асырады.
4. Құқығы
10. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнiң:
министрлiктерден, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, олардың бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғалардан республиканың орман және аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмдiк және жануарлар (балықтан басқа) ресурстарын пайдалану мәселелерi жөнiнде ақпараттар мен материалдар алуға;
ормандар мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жөнiндегi заңдарды бұзушыларды жауапкершiлiкке тарту, оларға айыпты талап қоюға, сондай-ақ Комитеттiң бақылаушылық функцияларына байланысты iстер бойынша сот органдарында баж салығы төлемiнсiз талапкер ретiнде жүгiнуге;
ормандар мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жөнiндегi заңдар талаптары бұзылған жағдайда шаруашылық қызметi, жобалауды, құрылыс салуды, қайта құруды және объектiлердi iске қосуды шектеуге, тоқтатып қоюға немесе тыйым салуға;
ормандық, басқа да жабайы өсiмдiктер мен аңшылық ресурстарына экспортқа және импортқа арналған лицензиялар беру мәселелерi бойынша арнаулы өкiлеттi органдардың сауалдамасына қорытындылар беруге;
белгiленген тәртiппен орман шаруашылығында орман заңдарын бұзғаны үшiн айыппұл таксын есептеу үшiн пайдаланылатын орман шаруашылығындағы дайын объектiге, өнiм мен қызмет көрсетуге арналған көтерме бағаны бекiтуге, сондай-ақ орман тәртiбiн бұзғаны және жануарлар дүниесi, орман таксы туралы заңдарды бұзғаны үшiн айыппұл санкцияларының мөлшерiн белгiлеу (өзгерту) жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
орман, аңшылық шаруашылықтар және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының тiршiлiк ету саласында бағдарламалар, жобалар жасауға кәсiпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды тартуға;
нормативтiк актiлер әзiрлеу, өзге де проблемалар бойынша топтар мен комиссиялар құруға, өз қызметi мәселелерi бойынша конференциялар, кеңестер, семинарлар шақыруға және өткiзуге;
орман және аңшылық шаруашылықтар, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамыту саласында бiрлескен халықаралық бағдарламалар жасауға қатысуға, өз құзыры шегiнде, белгiленген тәртiппен шет елдердiң осындай органдарымен, халықаралық ұйымдармен, фирмалармен және компаниялармен шарттар, келiсiмдер жасасуға;
орман, аңшылық шаруашылықтар мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының мәселелерi бойынша өз құзыры шегiнде халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының мүддесiн көрсетуге;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орман, аңшылық шаруашылықтар мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық, жобалық-iздестiру және өндiрiстiк жұмыстарда мемлекеттiк тапсырыс берушi ретiнде әрекет етуге;
министрлiктермен және өзге де атқарушы органдармен, мекемелермен, ұйымдармен және кәсiпорындармен хат-хабар алысуға, өз құзырына жататын мәселелер бойынша орталық атқарушы органдарға ұсыныс енгiзуге құқығы бар.
5. Басқару
11. Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары, кәсiпорындары мен ұйымдары Комитеттiң функциясы мен құзыры шегiнде барлық деңгейдегi басқару жүйесi мен кадр саясатының бiртұтас жүйесiн құрайды.
12. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiн Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және лауазымнан босататын Төраға басқарады.
Комитет Төрағасының екi орынбасары болады, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды және лауазымнан босатады. Комитет төрағасы орынбасарларының бiреуi лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас орманшысы болып табылады.
13. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнiң Төрағасы:
Комитеттiң және оған бағыныстағы құрылымдардың қызметiн басқарады, олар үшiн мiндеттi болып табылатын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жекедара жауапты болады, төраға орынбасарларының, орталық аппарат бөлiмшелерiнiң және басқа ведомствоға бағынысты құрылымдар басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
аумақтық органдарды, орман және аңшылық шаруашылықтарының, ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының кәсiпорындары мен ұйымдарын құру, қайта құру және тарату, қызметтiң осы саласындағы басқару мен мемлекеттiк бақылау құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және Республика Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
адамдардың белгiленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде Комитеттiң орталық аппараты штатының кестесiн, сондай-ақ өзiне тiкелей бағынатын құрылымдық бөлiмшелердiң құрылымын, ережесi мен жарғысын бекiтедi;
Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, орман шаруашылығы бiрлестiктерiнiң және "Охотзоопром" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директорларын, орман және аңшылық шаруашылықтары кәсiпорындарының, қорықтардың, ұлттық табиғат парктерi мен республикалық бағыныстағы басқа да ұйымдардың бiрiншi басшыларын белгiленген тәртiппен тағайындайды және лауазымынан босатады, сондай-ақ республикалық бағыныстағы ведомствоға қарасты бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың және ұйымдар басшыларының орынбасарларын, бас орманшыларды, бас инженерлердi, бас аңшылықты басқарушыларды және бас бухгалтерлердi бекiтедi;
Комитет алқасының жеке құрамын бекiтедi;
Комитетке қарасты республикалық бағыныстағы бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың басшыларымен жалданып жұмыс iстеу контрактына қол қояды.
14. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнде құрамында Комитет Төрағасы (төраға), оның орынбасарлары, сондай-ақ Комитеттiң басқа да қызметкерлерi бар алқа құрылады. Комитет алқасының сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Алқаның шешiмдерi хаттамалық шешiмдермен рәсiмделедi және Комитет Төрағасының бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
15. Ғылым мен техниканың негiзгi бағыттар бойынша ұсыныстарды қарау, орман, аңшылық шаруашылықтарда және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының тiршiлiк етуiне ғылыми негiзделген бiрыңғай техникалық саясатты белгiлеу, отандық және шетелдiк ғылымның, техниканың және озық тәжiрибенiң жаңа жетiстiктерiн өндiрiсте пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнде ғылыми-техникалық кеңес құрылады.
Ғылыми-техникалық кеңес пен оның құрамы туралы ереженi Комитет
Төрағасы бекiтедi.
16. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi
жүйесiнiң мемлекеттiк орман қорғау қызметкерлерi айырма белгiлерi
бар арнаулы киiммен және бiр үлгiдегi қызмет куәлiгiмен қамтамасыз
етiледi.
Арнаулы киiмнiң сипаттамасын, оны берудiң нормасын және аталған
киiмдi киiп жүруге құқығы бар қызметкерлердiң лауазымдық санатын
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Қайта құру және тарату
17. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiн қайта
құру және тарату Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес жүргiзiледi.
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi
жүйесiне кiретiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен
мекемелердiң
Т I З Б Е С I
Орман шаруашылығы бiрлестiктерi
"Охотзоопром" өндiрiстiк бiрлестiгi (мемаңөнеркәсiпшаруашылығы
жүйесiмен)
Алматы мемлекеттiк қорығы
Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк қорығы
Барсакелмес мемлекеттiк қорығы
Батыс Алтай мемлекеттiк қорығы
Қорғалжын мемлекеттiк қорығы
Марқакөл мемлекеттiк қорығы
Наурызым мемлекеттiк қорығы
Үстiрт мемлекеттiк қорығы
Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
Көкшетау мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
Орман шаруашылықтары, орман аңшылық және аңшылық шаруашылықтар,
орман мелиорациялық станциялар, орман-жемiс тұқымбақтары
"Лавар" оқу-өндiрiстiк селекциялық кәсiпорны
Қазақ орман орналастыру кәсiпорны
Орман шаруашылығын жобалау жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк
жобалау-iздестiру институты (бөлiмшелерiмен)
Қазақ орман шаруашылығы жетекшi қызметкерлерi мен мамандарының
бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты
Қазақ республикалық ағаш тұқымы станциясы (аймақтық станциялар
жүйесiмен)
Ормандарды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсетушi
Қазақ авиация базасы
Республикалық инженерлiк орман селекциялық-тұқым шаруашылығы
орталығы (бөлiмшелерiмен)
Орман қорғау станциялары