Жезқазған облысы Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 сәуiр N 518

      Жезқазған облысы Приозерск қаласының әлеуметтiк инфрақұрылымы мен тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығының Ресей Федерациясының әскери бөлiмшелерiнен кезең-кезеңiмен алынып, жергiлiктi бюджеттiң қаржыландыруына берiлуiне байланысты оларды қаржыландырудың пайда болған қиын жағдайын ескерiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жезқазған облысының әкiмi Приозерск қаласының 1995 жылға арналған бюджетiнiң орындалуына тексерудiң қорытындысын қарап, әлеуметтiк сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiн ұстауға 1996 жылға қажеттi қаржы ресурстарын белгiлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетi, Қорғаныс министрлiгi Приозерск қаласының әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылымын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Сарышаған" полигонын жалға беру туралы шартты әзiрлеу мен оған қол қоюды жеделдетсiн.
      3. Жезқазған облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрлесiп 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Приозерск қаласы мен оған iргелес аумақтарды 2005 жылға дейiн экологиялық сауықтыру бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн.
      4. 1996 жылға арналған Еңбекпен қамту бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң облыстар әкiмдерiмен бiрлесiп, экологиялық апат аймақтары мен жұмыс қолы артық аймақтардан Приозерск қаласына азаматтардың ерiктi көшiп келуiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдайтыны назарға алынсын.
      Жезқазған облысы мен Приозерск қаласының әкiмдерi республикалық атқарушы органдармен бiрге осы мақсаттарға халықты еңбекпен қамтудың облыстық қорының қаражатын тарта отырып, көшiп келетiн азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және қосымша жұмыс орындарын құру жөнiнде шаралар қабылдансын.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Приозерск қаласының әкiмiмен бiрлесiп 1996 жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде қаланы дамыту мүддесiн ескере отырып, ракета отынының құраластарын, түстi және қара металл сынығын, одан әрi пайдалануға жарамсыз жабдықтарды сату мен кәдеге жарату жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.
      6. Жезқазған облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Бiлiм министрлiгi 34402 әскери бөлiмшесiнiң әскери госпиталiмен Приозерск қаласының, оған iргелес селолар мен поселкелер халқына медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ радиоэлектроника мен байланыс саласында кадрлар даярлау мүмкiндiгiн ескерiп, қолда бар ғылыми-техникалық әлеуметтi пайдалана отырып, арнаулы колледж ашу және оны жабдықпен жарақтандыру жөнiнде шарт жасасу мәселелерiн шешсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Кеден комитетi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Жезқазған облысының әкiмi бiр ай мерзiм iшiнде Приозерск қаласының объектiлерiндегi, "Сарышаған" және "Балқаш-9" полигондарындағы мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шараларды зерделесiн және әзiрлесiн.
      8. Приозерск қаласының әкiмi қаланы дамыту жөнiндегi 1996-1998

жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасы мен жоспарын әзiрлесiн және
Жезқазған облысының әкiмiмен келiсе отырып, оны 1996 жылдың 15
мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне
бекiтуге ұсынсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады