Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1495 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 29 сәуiр N 525. Күшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.12.28. N 1914 қаулысымен. ~P001914

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Ақталған азаматтарға келген залалды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1495 P941495_ қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ақталған азаматтарға (немесе олардың мұрагерлерiне) келген залалдың сомасын айқындау кезiнде тәркiленген ақша сомасы, сондай-ақ бағалы қағаздар (чектер) бөлiгiнде 1947 жылғы ақша реформасы, 1961 жылғы баға ауқымының өзгеруi және ұлттық валютаға ауысуы ескерiлетiн болып, сондай-ақ жыл сайын бюджеттi жасау кезiнде, бекiтiлген 60 сом (0,12 теңге) мөлшерiндегi 1961 жылғы ең төменгi жалақы деңгейiндегi айлық есептi көрсеткiшi мөлшерiнiң айналымдағы күнiне белгiленген арақатынасы ретiнде айқындалған есептесу коэффициентi қолданылатын болып белгiленсiн";
      7-тармақтың екiншi абзацындағы "қаулының" сөзiнен кейiн "2" саны қосылсын, "ең төменгi жалақының заңмен белгiленген" және "ол" сөздерi "жыл сайын бюджеттi жасау кезiнде бекiтiлген, айлық есептi көрсеткiшi", "оның" сөздерiмен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      "мүлкi қайтарылуға" сөздерi алынып тасталсын;
      мына мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын;
      "Ақталғандар немесе оның мұрагерлерi залалдың құнын алған кезде оған қаржы органдары сомасын хабарлағаннан кейiн, залалды өтеу мөлшерi оны төлеу себептерi мен уақытына қарамастан одан кейiн қайта есептелмейдi.";

     9-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен
толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын азаматтарға
залалды өтеу тұратын жерiндегi мемлекеттiң валютасымен төленедi."
     Залалды өтеу сомасын белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмiмен
келiспеген жағдайда, ақталған адам (мұрагер) сот органдарына өтiнiш
бередi," ;
     аталған қаулыға "Есептесу коэффициентi" қосымшасының күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады